Шай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Шай

Шай (ағылш. tea) — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

  • Қытай Шайы [екі түр тармағы (қытай және жапон) бар] Оңт.-шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биікт. 3 м бұта,
  • Aссам Шайы [бірнеше түр тармағы (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б) бар] Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10 — 15 м ағаш.[1]

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шай сұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.

Шайдың құрамы[өңдеу]

Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, фир майы, витаминдер (Р,С, В, В2, РР), пигмент, т.б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады.[2]

2003—2005 жылдардағы арман ете жиын[өңдеу]

2005 арман ете жиын — жинағы 3400 т. ; Қытай 27 %; Үндістан 24 %; Шри-Ланка 9 %; Кения 9 %; Түркия 6 %; Индонезия 5 %; Остаток 20 %
Орын Ел мыңы тонналар %
1. Қытай 885 27,7
2. Үндістан 789 24,7
3. Шри-Ланка 303 9,5
4. Кения 290 9,1
5. Индонезия 159 5,0
6. Түркия 131 4,1
7. Вьетнам 94,5 3,0
8. Жапония 92 2,9
  Всего 3197 100,0


Сілтемелер[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім