Орталық Африка Республикасы

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Рэпұбліқұе Центрафріцаіне
Көдөрөсêсе тî Бêафрîка
Централ Афріцан Репұбліц
Централ Афріцан Репұбліц байрағы Централ Афріцан Репұбліц Емблем
ҰраныҰнітэ, Дігнітэ, Траваіл  (Француз тілі)
"Ұнітy, Дігнітy, Уорк"
Әнұраны"Ла Ренаіссанце" (Француз тілі)
"Е Зінго" (Санго)
Централ Афріцан Репұбліц орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Бангұі
4°22′Н, 18°35′Е
Ресми тілдері Санго, Француз тілі
Үкімет түрі Республика
 —  Пресідент -
 —  Пріме Міністер Ніцолас Тіангае
Тәуелсіздік фром Франция 
 —  Дате Аұгұст 13 1960 
Аумағы
 —  Барлығы 622 984  км² (43рд)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » сқ мі 
 —  Су (%) 0
Жұрты
 —  2005 сарап. 4,038,000 (123рд)
 —  2003 жұрт санағы 3,032,926 
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $4.63 білліон (153рд)
 —  Жан басына шаққанда $1,128 (167тһ)
АДИ (2004) Ред Арроу Доун.свг 0.353 (лоу) (172нд)
Ұлттық ақшасы ЦФА франц (XAF)
Уақыт белдеу(лер)і УАТ (ҰТЦ+1)
 —  Жазғы уақыт нот обсервед (ҰТЦ+1)
Интернет үйшігі .цф
Телефон белгілемесі +221

Орталық Африка Республикасы (ОАР) – Африканың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.

Жер аумағы 623 мың км2
Халқы 4 млн. (2004)
Жергілікті тұрғындары банда, гбайя, мака, бакаре, санго, манджа, сара, т.б.
Астанасы француз,санго
Ресми тілі француз және санго
Мемлекет басшысы президент
Жоғарғы заң шығарушы органы екі палаталы конгресс
Жоғарғы атқарушы органы үкімет
Ақша бірлігі франк

Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі – француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсан – Республика күні (1958). БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.

Орталық Африка Республикасының географиялық жағдайы

ОАР Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан. Елдің көпшілік бөлігін Азанде (биіктігі 600 – 900 м) қыраты алып жатыр. Солтүстік Чад көлінің оңтүстік жағалауындағы жазықпен және Фертип, Яде т.б. тау жұрнақтарымен ұласады. Климаты экваторлық-муссондық, ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы 310С, қыс айларында 210С. Солтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 –1200 мм, оңтүстігінде 1600 мм. Ірі өзендері – Убанги, Мамбере, Кадей (Конго өз-нің алабы) және Уам, Грибинги, Бахр-Аук, (Шари өз-нің алабы). Биік шөпті саванна басым. Мұнда қызыл латеритті және темір тотықты топырақ қабығы тараған. Оңтүстігіндегі шетіндегі қызыл-сары латеритті өңірде ылғалды экваторлы орман өседі. Піл, мүйізтұмсық, буйвол, антилопа, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл, өзендерінде гиппопотам, қолтырауын, құстың көптеген түрлері кездеседі.

Орталық Африка Республикасы халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы

ОАР халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Тау-кен қазбаларынан табылған заттарға қарағанда, ОАР жерін адам баласы ежелгі заманда мекендеген. Араб жазбаларынан ХВЫ ғасырда ОАР аумағыннда Гаога мемлекеті құрылғаны белгілі. ХВЫЫЫ ғасырдың аяғында ОАР-дың солтүстік-батыс бөлігі Багирми және Дарфур мемлекеттерінің құрамына кірді. Оларда ислам діні күшті дамыды. ХЫХ ғасырдың соңында ОАР жерінің үлкен бөлігі Раббаха мемлекетінің құрамында болды. Аталған мемлекеттер құл иеленушілік құрылыста өмір сүрді. 1894 жылы Франция тайпалар арасындағы алауыздықты пайдалану, сатып алу, қатал жазалау жолымен Убанги және Шари өзендерінің аралығын басып алып, 1910 жылы Француз Экваторлық Африкасының құрамына қосты. Ел байлығы ірі француз компанияларына берілді. 1907 жылы отаршыларға қарсы қозғалыс басталып, екі жылға созылды.

Орталық Африка Республикасы туы

Ы дүниежүзілік соғыстан кейін 1926 жылы белгілі қоғам қайраткері Андре Гренар Матсуа Парижде “Француз Экваторлық Африкасы тұрғындарының ассоциациясын” құрып, бейбіт жолмен отаршыларға азаматтық бағынбаушылық қозғалысын ұйымдастырды. Бұл қозғалыстар 1928 жылы жаппай бас көтерулерге ұласты. Бірақ көтерілістер мен бас көтерулердің барлығы күшпен басылды. ЫЫ дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. 1946 жылы убангилік священник Бартелеми Боганда елде алғашқы ұлттық партияның негізін қалады. Көп ұзамай Францияда басталған реформаларға байланысты 1958 жылы 1 желтоқсанда Убанги – Шари аймағы Француз бірлестігі құрамында ОАР болып жарияланып, автономиялық құқыққа ие болды. Тұңғыш үкіметті Б.Боганда басқарды. 1959 жылы ақпанда елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, 1960 жылы 13 тамызда Француз бірлестігі көлемінде ОАР-дың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ 1966 жылы 1 қаңтарда елде мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет билігі Ж.Б. Бокасса бастаған әскерилердің қолына көшті. 1976 жылы Бокассо император болып жарияланды. Ол елде тоталитарлық тәртіп орнатты. 1980 – 81 жылдары төңкерістер қайта жалғасты. Елде экономика құлдырап, Франция, АҚШ компанияларының үстемдігі күшейді. 1994 жылы жаңа конституция қабылданып, ОАР президенттік республика болып жарияланды.

ОАР әлемдегі артта қалған елдер қатарына жатады. Елдің сыртқы қарызы 1,1 млрд. АҚШ доллары Халықтың 80 – 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экспортқа алмас, мақта, кофе, темекі, ағаш шығарылса, импорт ретінде машиналар және жабдықтар, азық-түлік, химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Бенилюкс елдері одағы, Жапония, ГФР, Италия, Испания. [1] [2]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9, ВЫЫ том
  2. Страны мира, М., 1999; Новейшая история стран Азии и Африки, т. 1, 3, М., 2001.