Портал:Тарих

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Тарих порталы

Тарих (гр. Ιστορία, «зерттеу») — гуманитарлық білім саласы, адамның өткенін зерттеумен (оның қызметі, жағдайы, өмірге деген көзқарасы, әлеуметтік байланыстары мен ұйымдасуы және т.б.)айналысады. Осы салада жұмыс істейтін ғалымдарды - тарихшылар дейді. Жазба және археологиялық деректерді зерттей отыра, болған тарихи оқиғалардың реттілігін анықтап, объективті болған фактылар мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтайды. Мектептерде тарих пәнінің оқытылуы өте маңызды. Тарих - өте қызық пән.

Алғашқыда "тарих" сөзінің мәні Ежелгі Грек термині - "тергеу, білу,анықтау" деген мағынаға саяды. Оқиға немесе фактілердің шындығын, нақтылығын анықтау тарихтын міндеті деп қарастырылады. Ежелгі Рим тарихнамасы — тарих ғылымының саласы. Тарихты білудің әдісі емес, ол жайында жалпы әңгіме айту. Уақыт өте келе "тарих" деп, жалпы оқиғалар жайлы айтыла бастады.

Қазақ хандығының байрағы
Ішкі порталдар

Санаттар

Көмек беру

  • Мәтінде кездесетін қызыл сілтемелерді толтырып, мақалалар санын көбейтіңіз:
Жаңа мақалалар

Жаңадан басталған мақалаларды өңдеу арқылы порталдың дамуына көмектесіңіздер:

Жобалар

Commons-logo.svg Ортақор Wiktionary-logo-ru.png Викисөздік
Wikisource-logo.svg Викиқайнар Wikiquote-logo.svg Викидәйек
Таңдаулы мақала

Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері.

XI-XV ғасырларда Италия Еуропаның басқа елдері сияқты бытыраңқы ел болып қала берді. Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Италия қалаларының одан әрі дамып, жетіле түсуіне кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді Таяу Шығысқа тасудан, оларды азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуден Италия қалалары көп табыс тауып отырды. Қалаларда қолөнер мен сауда жоғары дәрежеде дамыды. Шұға, зығыр, жібек маталары тоқылды, шыныдан әсем бұйымдар жасалды, металл өндіріліп, кемелер құрастырылды. Қала қолөнершілері цехтарға бірікті.

Қалалар алғаш ірі феодалдардың жерінде орналасқандықтан, оларға тәуелді болды. Феодал-мырза пополандар деп аталған қала тұрғындарынан алым-салық жинап, қолөнер мен сауданың дамуына кедергі келтіріп отырды. Қалалардың феодал-мырзаға қарсы күресіне көмектесетін король өкіметі болмады, сондықтан пополандар ұсақ феодалдар - вальвассорлармен одақтасты.

Әулие Марк Соборы, дождар мен Пьяцеттер сарайы. Карло Грубача суреті, 1845
Таңдаулы сурет

Bonne, Rigobert. Tartarie Independante. 1791 A.jpg
XVIII ғасырдағы карта.
Жақсы мақала

Жошы ханның мүсіні

Жошы ханШыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Дүниеге келгені

Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірдi, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

(толығырақ…)

Білгенге маржан

  • Ең алғашқы жылқыны қазақтардың ата-бабалары қолға үйреткен. Жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында. Көкшетау өңіріндегі Ботай қонысынан осыдан 6 мың жыл бұрын үйретілген жылқының 100 мыңнан астам сүйегі табылды.