Мали

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
République du Mali
Republic of Mali
Mali байрағы Mali елтаңбасы
Ұраны"Un peuple, un but, une foi"
"Бір халық, бір мақсат, бір сенім"
ӘнұраныPour l'Afrique et pour toi, Mali
"Африка үшін және сен үшін, уа Мали"
Mali орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Бамако
12°39′N, 8°0′W
Ресми тілдері Француз тілі
Үкімет түрі Парламенттік демократия
 —  President Amadou Toumani Touré
 —  Prime Minister Ousmane Issoufi Maïga
Тәуелсіздік from Франция 
 —  Declared September 22 1960 
Аумағы
 —  Барлығы 1 240 192  км² (24-ші)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 1.6
Жұрты
 —  шілде 2005 сарап. 13,518,000 (65-ші)
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $14.400 миллиард (125-ші)
 —  Жан басына шаққанда $1,154 (166th)
АДИ (2004) Green Arrow Up Darker.svg 0.338 (low) (175th)
Ұлттық ақшасы CFA franc (XOF)
Интернет үйшігі .ml
Телефон белгілемесі +223

Мали РеспубликасыБатыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,2 млн. км². Халқы 10,7 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары: бамбара, сенуфо, сонинке, малинке, догон, диула, фульбе, т.б. этнографиялық топтардан тұрады. Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады (80%). Астанасы — Бамако қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — 22 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша бірлігі — мали франкі.

Географиясы[өңдеу]

Республиканың көп бөлігін теңізден 500 м. биіктіктегі жазық алып жатыр. Солтүстік-батысын Cахара шөлі, оңтүстігін және шығысын биіктігі 1155 м-ге дейін жететін тау жоталары қоршаған. Климаты — субэкваторлық, тропиктік шөл. Орташа температура қаңтарда 20°С, маусымда 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 50 — 150 мм, оңтүстігінде 1000 — 1500 мм. Нигер және Сенегал өзендері елді кесіп өтеді. Шөл, шөлейт жерлерге бейімделген өсімдіктер басым, оңтүстігінде саванналар орналасқан.

Тарихы[өңдеу]

Мали Президенті Амаду Тумани Туре

Мали аумағында орта ғасырларда Мали, Гана, Сонгай мемлекеттері құрылған. 13 ғасырда Мали патшалығы Гананы өзіне бағындырды. 15 ғасырда Мали патшалығы Сонгаи империясына қарады. 1591 жылы империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. 19 ғасырдың аяғында қазіргі Мали аумағы Францияның отарына айналды. 1894 жылы Нигер, Сенегал өзендерінің жоғарғы және орта ағысындағы жерлер Франция отары — Суданға қосылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Француз Суданында ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1958 жылы Францияның жаңа конституциясына сәйкес Судан Республикасы атанып, Франция Достастығына мүше болды. 1959 жылы Судан мен Сенегал Мали федерациясына бірікті. Алайда федерация басшылары арасындағы алауыздықтың салдарынан 1960 жылы 20 тамызда Сенегал федерация құрамынан шықты. Сол жылдың 22 қыркүйегінде Судан республикасының заң шығарушы ассамблеясы Судан Республикасын ерікті және тәуелсіз Мали Республикасы деп жариялады. Мали 1960 жылы 28 қыркүйекте БҰҰ-ға мүше болды. 1968 жылы қарашада Мали де әскери төңкеріс болып, билік ұлт азаттық әскери комитеттің қолына көшті. 1991 жылы наурызда елде қайта төңкеріс болып, әскерилер биліктен кетті. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде көп партиялық жүйені енгізуді мақұлдаған жаңа конституция қабылданды. 1992 жылы елде жалпыға бірдей сайлау өтіп, азаматтық билік орнады.

Экономикасы[өңдеу]

Малидағы мектеп

Мали — аграрлы ел. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан тары, күріш, жүгері, батат, қант, арахис, мақта, т.б. өсіріледі. Экспортқа мақта (65%), мал және мал өнімдерін, аз мөлшерде алтын, фосфаттар шығарады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 740 АҚШ долларына тең. Сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Кот-д’Ивуар, Сенегал. [1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том