Сенегал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Сенегал (айрық) деген бетті қараңыз.

Сенегал Республикасы
Сенегал байрағы Сенегал елтаңбасы
Ұраны«Бір ел, бір мақсат, бір дін!»
Әнұраны«Pincez Tous vos Koras, Frappez les Balafons»
Сенегал орналасуы
Елордасы Дакар
Ең ірі қаласы Дакар (1 030 594 адам (2005))
Ресми тілдері Француз
Үкімет түрі Президенттік-Парламенттік Республика
 —  Президенті Маки Салл
 —  Премьер-министрі Абдул Мбайе
Тәуелсіздігі Франция елінен 
 —  Жарияланғаны 1960 ж. сәуірдің 4 
 —  Түгелденгені 1960 ж. маусымның 20 
Аумағы
 —  Барлығы 196 722  км² (87-ші)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 2,1
Жұрты
 —  2009 ж. сарап. 13,7 (72-шы)
ЖІӨ (АҚТ) 2008 сарап.
 —  Бүкіл 20,6 млрд (114-шы)
АДИ  Green Arrow Up Darker.svg 0.464 (Жоғары) (166-шы)
Ұлттық ақшасы АҚҚ Франкы
Уақыт белдеу(лер)і UTC 0
Интернет үйшігі .sn
Телефон белгілемесі +221

Сенега́л (фр. Sénégal), ресми — Сенега́л Респу́бликасы (фр. République du Sénégal) — Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр.

Батысында — Атлант мұхиты, солтүстігінде — Мауритания, шығысында — Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан.

Жағрапиясы[өңдеу]

Толық мақаласы: Сенегал жағрапиясы

Әкімшілік бөлінісуі[өңдеу]

Сенегал аймақтары

Сенегал 11 облыстан құрылған.

Облыс Облыс (фр.) Орталығы Жер көлемі, ш.шақырым халық саны (2002), адам
Дакар Dakar Дакар 550 2 267 356
Диурбель Diourbel Диурбель 4 359 1 049 954
Фатик Fatick Фатик 7 935 613 000
Каолак Kaolack Каолак 16 010 1 066 375
Колда Kolda Колда 21 011 847 243
Луга Louga Луга 29 188 677 533
Матам Matam Матам 25 083 423 041
Сен-Луи Saint-Louis Сен-Луи 19 044 688 767
Тамбакунда Tambacounda Тамбакунда 59 602 605 695
Тиес Thiès Тиес 6 601 1 290 265
Зигиншор Ziguinchor Зигиншор 7 339 437 986

Халқы[өңдеу]

Толық мақалалары:Сенегал халқы

Халық саны[өңдеу]

2009 — 13 '700'000. Бір жылда өсуі — 2,7 %

Орташа өмір сүру жасы[өңдеу]

59 жас (57 — ерлер, 61 — әйелдер)

Тұратын ұлттар[өңдеу]

20 шақты этникалық топтар бар. Ең ірілері: волоф (43 %), фульбе (24 %) и серер (15 %). Ақ нәсілділер (көбінесе француздар) және ливандықтар — 1 % шамасында.

Ресми тіл[өңдеу]

Француз. Жергілікті тілдер де қолданылады

Халық сауаттылығы[өңдеу]

Ерлерде — 51 % , әйелдер — 29 % (2002 жыл)

Діндер[өңдеу]

Мұсұлмандар — 94 %, христиандар — 5 %, жергілікті діндер — 1 %

Қалалық тұрғындар[өңдеу]

42 % (2008)

Тарихы[өңдеу]

Колонизацияға дейін[өңдеу]

Мегалиттер

XI ғасыр шамасында араб шабуылшылары алып келген ислам елдегі ең маңызды дін ретінде саналды.

XIV ғасырда Сенегал жерінде бірнеше кішкентай елдер болған. Олардың арасында ең күштісі Джолоф империясы болды. Сенегалдың Горе аралы көптеген уақыт бойы ең үлкен құл сату орталығы болып саналды.

XV ғасырда бұл елде бірінші еуропалықтар келді. 1435 жылы Португалияның өкілдері келген. Ал XVII ғасырда француздар Сенегалда бірінші қаланың негізін салған.

Колония кезі[өңдеу]

ХІХ ғасырдың екінші жартысында француздар Сенегал ішкі аймақтарын басып бастады. 1860 жылы Елдің ең ірі тайпасының басшысы, Хаджи Омар, Францияның протекторатын мойындады. Ал 1890 жылы қалған тайпалардың бәріде соларға қосылды.

Марсельге бара жатқан Сенегалдық отбасы

Француздар Сенегалдан арахиспен алған, оған қоса, олар ел аумағынан алтын тапқан. 1885 жылы Сен-Луи-Дакар бірінші темір жолын құрған. 1909-1923 жылдары Дакардан көршілес Мали колониясына темір долын құрған.

Сенегалдың батысындағы 4 аудан тұрғындарына Франция азаматтығы құқығын берген, Франция парламентіне олардан 1 депутат сайланған (бірінші қара нәсілді депутат — Блез Диань (1914-1934 жылдары депутат болған). Ол Франция колония министрының орынбасарыда болған). Сол кезде бірнеше оқу орындары құрылған. Олар жергілікті халықтан колония әкімшіліктеріне жұмысшыларды дайндаған. Африка жұртынан Франция әскерінің бөлімшелері құрылған.

1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі.

Тәуелсіздік кезеңі[өңдеу]

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі ұлттық қозғалыстар көбейеді. 1958 жылдың 25 қарашасында Сенегал Франция Қоғамының өз өзін басқаратын республика болып жарияланады. 1960 жылы 4 сәуір күні Сенегал мен Француздық Судан бірігіп, Мали Федерациясын құрады. Бұл ел тәуелсіздікке ие болады: 4 сәуір күні келісімге қол қойылады, бірақ ресми түрде тек 1960 жылдың 20-сы маусым күні жарияланады. Содан кейін саяси конфликттердін нәтижесінде, сол жылдың 20 тамызында екігі бөлініп, Сенегал және Мали болып тәуелсіздіктерін жариялайды.

Сол кезден бастап, Сенегалда "африкандық социализм" құруы басталады. 1976 жылы Ата-заңға өзгеріс енгізіледі. Сол бойынша Сенегалда тек 3 партияның жұмысы заңды саналады. Олар: социал-демократиялық, либерал-демократиялық және марксист-лениндық. Бірақ оларға қоса елде бірнеше заңсыз партиялар жұмыс істеген — Тәуелсіздік және еңбек партиясы, Жаңа демократия үшін қозғалыс, Жұмысшылар Бірлестігі. 1980-ші жылдардың басында заңсыз партиялардың көбі заңды түрде ісін бастады.

1982 жылы Гамбиямен қосылып Сенегамбия конфедерациясын құрды. Бірақ одан ештене шықпай, 7 жылдан кейін сол мемлекет жоқ болды.

Елдің онтүстігінде сепаратистік топтар өз істерін жүргізіп келе жатыр.

Саяси жағдай[өңдеу]

Абдулай Вад, Сенегалдың қазіргі президенті

Елбасы — президент — 5 жылға сайланады. Ол премьер-министрды тағайындайды. Премьер-министр министрлер кабинетін президент келісімімен құрады. Сенегал Парламенты бір палатыдан құрылған, ол Ұлттық Ассамблея деп аталады. Оның құрамына 120 сайланған депутат кіреді. 1976 жылдан бері елде бірнеше партия заңды түрде істейді. Олардың саны шектелмеген. Қазір Сенегалда 20 шақты партия бар. Сот жүйесі екі Жоғарғы соттан тұрады.

Ұлттық Ассамблея

Негізгі саяси партиялары — Сенегал демократиялық партия, Сенегал Социалистік партия, прогрессивтік күштер Альянсы, жұмысшылар партия қозғалысы, Африкандық демократия және социализм партиясы.

Сенегалдың бірінші президенті Леопольд Седар Сенгор (1960-1980 жж.). 1981 жылы оны Абду Диуф ауыстырған. 2000 жылдан бері Сенегал президенті Абдулай Вад.

Экономикасы[өңдеу]

Табиғи ресурстар — мұнай, темір қазбалары, алтын.

Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда — 1600 доллар (195 орын). Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті.

Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %). Өнімдері — арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар.

Сенегал балық аулаушысы

Индустрия секторында (ЖІӨ 23 %) ауыл және балық шаруашылығының өнімін өндіру. Фосфат, темір, цирконий және алтын қазбаларын өндіру.

Сенегалдың Париждегі Халықаралық Ауыл шаруашылығы көрмесіндегі орны (Париж, 2007)

Қызмет ету сферасы — ЖІӨ 63 %.

Экспорт — 2,1 млрд долл. (2008) — балық, арахис, фосфаттар, мақта.

Негізгі сатып алушылар — Мали 19,2 %, Үндістан 9,4 %, Франция 5,4 %, Гамбия 5,3 %, Италия 4,8 %.

Импорт — 4,3 млрд долл. (2008) — тамақ өнімі, өндіріс тауарлары, т.б.

Негізгі импорттаушы елдер — Франция 19,9 %, Ұлыбритания 15,3 %, Қытай 6,8 %, Бельгия 4,6 %, Таиланд 4,5 %, Нидерланд 4,1 %.

Білім беру[өңдеу]

Ата заңның 21 және 22 баптары бойынша балалардың бәріде білім алуға құқығы бар. 16 жасқа дейінгі балалардың бәріде білім алуға міндетті. Сауатсыздық деңгейі жоғары, әсіресе, әйелдер арасында. 2002-2005 жылдары ЖІӨ-нің тек 5.4 %-ы білім беру саласына бөлінген.

Спорт[өңдеу]

Париж-Дакар раллиі өтетін елдер

Спорт тарихында бұл елде ең жоғары сатыны аяқдопшылар алған. Олар 2002 жылғы Жапония және Кореядағы әлем чемпионатында шерек-финалға дейін жеткен. Бұл күтпеген жағдай болған. ФИФА рейтингінде 72 орында тұр. Дакар қаласында Париж-Дакар раллиінің мәресі орналасқан. Бірақ 2009 жылдан бастап бұл дода ланкестік шабуылдарға орай Онтүстік Америкаға көшірілген.