Венесуэла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
República Bolivariana de Venezuela
Венесуэла Боливаршыл Республикасы
Venezuela байрағы Venezuela елтаңбасы
Ұраныnone2
ӘнұраныGloria al Bravo Pueblo  (Испанша)
"Glory to the Brave People"

Venezuela орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Каракас
10°30′N, 66°58′W
Ресми тілдері Испанша3
Үкімет түрі Федералды республика4
 —  Президент Николас Мадуро Морос и.о.
 —  Вице-президент Хорхе Родригес
Тәуелсіздік
 —  от Spain 5 шілде 1811 
 —  от Gran Colombia қараша 21 1831 
 —  Recognised Наурыздың 30 1845 
Аумағы
 —  Барлығы 916 445  км² (33-ші)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 0.3
Жұрты
 —  шілде 2007 сарап. 27,483,200 (43rd)
 —  2001 жұрт санағы 23,054,210 
ЖІӨ (АҚТ) 2006 сарап.
 —  Бүкіл $176.4 billion (47th)
 —  Жан басына шаққанда $6,900 (90th)
АДИ (2004) Green Arrow Up Darker.svg 0.784 (medium) (72nd)
Ұлттық ақшасы Venezuelan bolívar (VEB)
Уақыт белдеу(лер)і AST (UTC-4:30)
Интернет үйшігі .ve
Телефон белгілемесі +58
1 The "Bolivarian Republic of Venezuela" has been the full official title of the state since the adoption of the 1999 constitution, when the state was renamed in honor of Simón Bolívar.
2 Prevously "Dios y Federación" ("God and Federation")
3 The Constitution also recognizes all indigenous languages existing in the country.
4As of Қаңтардың 31, 2007 the National Assembly granted President Hugo Chavez Frias the ability to rule by decree for 18 months in 8 broadly-defined areas including the Economy, and Defense.[1]

Венесуэла[2] — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км². Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер.

Мемлекеттік құрылымы[өңдеу]

Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс.

Табиғаты[өңдеу]

Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 миллиметр, ал оңтүстігінде 2000 – 3000 миллиметр. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен, тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман.

Тарихы[өңдеу]

Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді.

Америго Веспучи 1499 жылы осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер көрілді, бұл оның есіне Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция» (венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 жылы осы жерде ұйымдастырады. 16 ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді.

1811 жылы Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде Венесуэла өзін тәуелсіз деп жариялды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ испан әскерлер көтерісшілерді басып-жаншиды. 1821 жылы Венесуэланың қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия, Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін жариялайды, бірақ 1831 жылы Ұлы Колумбия бөлшектеніп, Венесуэла оның құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады. 1819 жылы ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды. 1830 жылы қайтадан жеке бөлініп шықты.

Бүкіл 19 ғасырда Венесуэланы әскери диктатуралар биледі. 1992 жылы сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республикасы құра бастайды. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Белорусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды.

Экономикасы[өңдеу]

1913 жылы ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 жылы үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ доллары. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, тағыда басқа пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада, тағыда басқа елдер.

Дереккөздер[өңдеу]

  • Балалар энциклопедиясы
  1. [1] "Chavez to Get Powers to Remake Venezuela" accessed 31 Қаңтардың, 2007
  2. Балалар энциклопедиясы, III-том