Андорра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Андорра княздігі
Principat d'Andorra
Flag of Andorra.svg Андорра елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Virtvs Vnita Fortior
(Латынша: Күш бірлікте)»
Андорра ұлттық әнұраны
Location Andorra Europe.png
Құрылды 1278
Ресми тілі каталанша[1][2][3]
Елорда Андорра-ла-Велья[2][3]
Ірі қалалары Андорра-ла-Велья
Үкімет түрі Урхель епископы мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы қоса басқарылатын Конституционды монархия
Сокнязья

Үкімет басшысы
Франсуа Олланд
Жоан Энрик Вивес-и-Сисилиа
Антони Марти
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 178-ші-орын
468 км²
0,26 (121,4 га)[4]
Жұрты
• Сарап (2013)
• Санақ (2013)
Тығыздығы

91 023[5] адам (194-ші)
Green Arrow Up Darker.svg78 115 адам
180 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

4,90 млрд $ (177-ші)
44 623 $
Валютасы Еуро (€)
Интернет үйшігі .ad
ISO коды AD
ХОК коды AND
Телефон коды +376
Уақыт белдеулері +1

Координаттар: 42°33′30″ с. е. 1°33′19″ ш. б. / 42.558333° с. е. 1.555278° ш. б. (G) (O)

Андорра, Андорра княздігі — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км², халқы — 78,1 мың (2013), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі).

Мемлекеттік құрылымы[өңдеу]

1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздік болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қаласы, Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорр тәуелсіздігінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын, үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген “институттар реформасы” бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі (үкімет) құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар.

Сот жүйесі[өңдеу]

Әкімшілік құрылымы[өңдеу]

Тарихы[өңдеу]

Андорра жөніндегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеу-де-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелігі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін Андорра Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздік болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшін 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемлекеттік құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдігі, Француз Республикасы және Андорра княздігі арасында шарт жасалып, Андорраның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. Андорра 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде Андорра Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ресми түрде қосылды. Халқының негізгі табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — сауда мен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді),

Географиясы[өңдеу]

Табиғаты[өңдеу]

Экономикасы[өңдеу]

Экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал шаруашылығымен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.

Халқы[өңдеу]

Білімі[өңдеу]

Мектептер[өңдеу]

Университеттері[өңдеу]

Денсаулық сақтау[өңдеу]

Көлігі[өңдеу]

Телекоммуникация және БАҚ[өңдеу]

Мәдениеті[өңдеу]

Халықаралық байланысы[өңдеу]

Қарулы күші[өңдеу]

Мемлекеттік рәміздері[өңдеу]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Конституция Андорры (ағыл.)
  2. Дереккөз алу қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named CIA
  3. a b Описание Андорры-ла-Велья на сайте туристической системы Туры.ру. — Подробная информация о столице Андорры. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 12 қаңтар 2012.  (орыс.)
  4. Girard P & Gomez P (2009), Lacs des Pyrénées: Andorre.  (фран.)
  5. World Gazetteer