Моңғолия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Моңғолия
моңғ. Монгол Улс

ескі моңғолша Monggol ulus.svg

Flag of Mongolia.svg Моңғолия елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Моңғолия ұлттық әнұраны
Mongolia (orthographic projection).svg
Құрылды * б.з.д.209 жыл ( Ғұндар империясының құрылуы)
Тәуелсіздік күні 1911 ж. желтоқсанның 29-ы (Цин империясы)
Ресми тілі Моңғол тілі
Елорда Ұлан-Батыр
Ірі қалалары Ұлан-Батыр, Эрдэнэт, Дархан
Үкімет түрі Парламенттік демократия
Президенті
Премьер-министрі
Цахиагийн Элбэгдорж
Сүхбаатарын Батболд
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 17-ші-орын
1,564,116 км²
0.6
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

$10,16млрд $ (148-ші)
$3,200 $ (138-ші)
Валютасы Моңғол тугрикі (MNT, код 96)
Интернет үйшігі .mn
ISO коды MN
ХОК коды MGL
Телефон коды +976
Уақыт белдеуі = +7 … +8

Координаттар: 46°49′00″ с. е. 104°00′00″ ш. б. / 46.816667° с. е. 104° ш. б. (G) (O)

Моңғолия (моңғ. Монгол Улс – Моңғол елі, ескі моңғолша Monggol ulus.svg)) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқаны мен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлан-Батыр қаласы. Халық саны: 2 736 800.

Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Қазақтар 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі моңғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

Тарихы[өңдеу]

1,000 төгрөгі, Шынғыс хан сурет пен

Бүкіл Моңғолияның тарихы, осы жерде көшпенділер тұрды. Ең бірінші – хуннлар (ғұндар), өз мемлекет құрып, Қытаймен (Син династиясы) соғысу бастады. Қытайдын қолбасшы маршал Менг Тиан өз елін қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейнгі осы жерде түркілер өздің империясы жасады.

12 ғасырда Моңғол жерінде шағын хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды. Қолбасшы Тэмужин бүкіл ұлыстарды бір елге біріктіріп Моңғол Империясын жариялады. 1206 ж. ол Шыңғыс хан (Ұлы хан) аты алып, көршілес елдерді жаулап ала бастайды.

Оның Империясы бүкіл Азия және жарты Еуропаны қамтыды. Шыңғыс Хан өлгенде ол өз империясын балаларына бөліп берді. Шыңғыс ханың немересі Құбылай Хан, империяның елордасын Бейжің қаласына көшірді. 1368 ж. Қытайдың Минг Династиясы төңкеріс жасап моңғолдарды өз жеріне қуып жібереді. Осыдан бастап Моңғолия қытайдың отары болды.

Далалық сахара

1911 ж. Цин Империясы құлады, соңдықтан Моңғолия тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, осы жердің екі аймаққа бөлінуі (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолстан). 1917 ж. Ресей империясының азамат соғысы басталды, және көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Бір сондай әскери қолбасшы, - Барон Унгерн өз сарбаздармен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга немесе Да-Хүрее қаласы (қазіргі Ұлан-Батыр) басып алды. Ресей қызыл Армиясы Моңғолияның коммунистік қолбасшыны Сухэ-Батыр қолданды, ол Унгерның әскерлерін жеңіп, 1921 жылы Сыртқы Моңғолияда - Моңғол Халық Республикасы болып жарияланды.

Бүгінгі Моңғолия – парламенттік республика. Елдің парламенті – Ұлы Хурал деп аталады.

Географиясы[өңдеу]

Моңғолия табиғаты

Моңғолияның оңтүстігі Гоби шөлі, солтүстігі және батысы суықтау келетін таулы өлкеде орналасқан. Моңғолияның орталық бөлігі жазық болып келеді. Ең биік шыңы Моңғол Алтай тау жүйесінің Таванбогд тауының Хүйтэн шыңы теңіз денгейінен 4,374 метр биік болып келеді.

Моңғолия климаты – қатаң континенталды. Жазда ыстық болғанымен қыста суық болады. Қыста орташа температура -30 °C болады. Ұлан-Батыр қаласы әлемдегі ең суық астана болып саналады.

Таулы өлке көп болғандықтан жел көп соғады. Жылында орта есеппен 257 күнді тәулік болады. Жауын шашын мөлшері шығыс бөлігінде орташа есеппен 200-350 мм, оңтүстүкте 100-200 мм. Оңтүстіктін ең шеткей өлкесінде Гоби шөлінде кей жылдары жауын шашын мүлде болмайды.

Табиғаты[өңдеу]

Табиғат белдеулері[өңдеу]

Моңғолияның солтүстігінен оңтүстігіне қарай келесі меридиандық табиғат белдеулері кездеседі: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Орманды белдеуде таулы орманды және тайга белдеуі кездеседі. Табиғы белдеулерді орналасуына байланысты Ханғай, Хэнтий, Алтай таулы, Дорнод далалық, Говь шөлдік деп төрт белдеуге бөлінеді.

Топырағы[өңдеу]

Моңғолияда күрен, қара күрен, ашық күрен, қара топырақ, шөлдік қоңыр, батпақты, тұзды сияқты көптеген топырақ түрлері кездеседі. Бұлардың ішінен құнарлы топырақ олардың 5 % құрайды. Жер көлемінің 0,76% егін шаруашылығына ыңғайлы. Суармалы жер көлемі 840 км².

Суы[өңдеу]

Моңғолияда 67000 км ұзын 3811 өзен бұлақ, 500 км³ ауданы бар 3500 жуық көл 7000 жуық көлшік, 540 км² ауданы бар 190 жуық мұздық, 250 жуық арасан бар. Жер асты суларының 139 жуық көзі бар.

Моңғолияның ең ұзын өзені Орқон. Ұзындығы 1124 км, ауданы 133000 км². Ең үлкен көлі Увс көлі (3350 км²), ең терең көлі Хөвсгөл көлі (262.4 м).

Экономикасы[өңдеу]

Моңғолияның экономикасы негізінен ауылшаруашылығы және тау-кен өнеркәсібіне тәуелді. Табиғи байлық түрлері көп кездеседі. Мыс, молибиден, аққалай, көмір, вольфрам, мырыш рудасы, темір рудасы және алтын өндеу ел экономикасында маңызды орын алады. Ауылдағы адамдардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болып келеді.Орта есеппен әрбір адамға 12 бас мал келеді. Егіншаруашылғында бидай, арпа, көкөніс, және мал азығын егумен айналысады. 2008 жылғы есеп бойынша ІЖӨ-нің көлемі 9,48 млрд долларды құраған. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 3200 доллар. Жұмыссыздар саны орта есеппен халық санының 2,8 % (2008).

Негізі экспорт өнімдері (2,5 млрд долл. 2008 ж) : Мыс, молибиден, көмір, мырыш рудасы, темір рудасы, шикі мұнай, мал өнімдері, былғары, текстиль. Негзігі экспорты алушылары: ҚХР (76 %), Канада (9 %), Ресей (3 %). Импорт өнімдері: (3,6 млрд долл. 2008 ж): жанар-жағар май, машина техника, автомобиль, азық түлік, құрылыс материалдары, қант, өндірістік және күнделікті қолданыстағы тауарлар, чай т.б. Негізгі импорттерлері: Ресей (35 %), ҚХР (29 %), Жапония (8 %).

Әскер[өңдеу]

Қарулы күштегі адам саны 8,6 мың. Әскерге 18-25 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Әскер мінетін атқару уақыты 12 ай. Қарулы күштің резерві - 137 мың адам. Қарулы күштің бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Цэрэндэжидийн Бямбажав (2009 ж бастап). 2002 жылдан бастап Моңғолия әскери күштері БҰҰ және басқадай халықаралық ұйымдармен бірге Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери, Чад ,Афганстан бейбітшілік миссияларына қатысуда. Бұл уақыт аралығында бұл миссияларға 3200-дей әскер қатысқан олардың 1800 БҰҰ мандаты бойынша 1400 халықаралық мандат бойынша өз міндеттерін атқаруда. Ауғанстанда Моңғол әскерлері Ауғанстан Ұлттық Қарулы Күшін құруда НАТО әскерлеріне бірге көмек көрсетуде.

Казіргі таңда Моңғолия бітімгерлері Сьерра-Леоне, Ирак, Этиоп, Эритрей, Батыс Сахара, Либери елдерінде қызмет атқаруда. Ирактағы бейбітшілік миссиясы кезінде моңғол әскерлері польша әскерлерімен бірге Ирактың оңтүстігінде Кэмп-Эхо базасының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 2005- 2006 жылдарда Моңғолия әскерлері Косоводағы Бельгия әскери тобында қызмет атқарды.


Танкілері:

APC's

Моңғолия-ның әскери-әуе күштерін армия басқарады

Ұшақ Жасаушы Бейне Версия Мөлшер
Antonov An-24 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО жүк тасымалдаушы ұшақ An-24 4
Antonov An-26 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО жүк тасымалдаушы ұшақ An-26 3
Antonov An-2 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО жүк тасымалдаушы ұшақ An-2 10
Harbin Y-12 Қытай Қытай жүк тасымалдаушы ұшақ Y-12 4
MiG-21PFM/UM Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО жойғыш ұшақ MiG-21PFM/UM 8/2 grounded
Mil Mi-24V Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО шабуылдаушы тікұшақ Mi-24V 4
Mil Mi-8 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО соғыс тікұшағы Mi-8 20 Anti-tank
Mil Mi-8 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО жүк тасыладаушы Mi-8 12 Transport only

Әкімшілік құрылысы[өңдеу]

Моңғолия 21 аймаққа бөлінеді.

Mongolian Aimags, Mongolia.png