Корея Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Оңтүстік Корея бетінен бағытталған)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Корея Республикасы
대한민국
Flag of South Korea.svg Корея Республикасы елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «널리 인간 세계를 이롭게 하라 (Адамзатқа пайда келтіру, 弘益人間
Корея Республикасы ұлттық әнұраны
South Korea (orthographic projection).svg
Ресми тілі корей
Елорда Сеул
Ірі қалалары Сеул
Үкімет түрі Президенттік республика
Президент
Премьер-министр
Пак Кын Хе
Ким Хван Сик
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 107-орын
99 392 км²
0,3
Жұрты
• Сарап (2013)
Тығыздығы

48 955 203[1] адам (25)
480 адам/км²
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды
  • Жан басына шаққанда

1,457 трлн.[2] $
27 790[2] $
АДИ (2011) 0,897 (өте жоғары) (15)
Валютасы вона
Интернет үйшігі .kr
ISO коды KR
ХОК коды KOR
Телефон коды +82
Уақыт белдеуі +9

Координаттар: 36°31′00″ с. е. 127°48′00″ ш. б. / 36.516667° с. е. 127.8° ш. б. (G) (O)

Корея (кор. 한국хангу́к – таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚]тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [3]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.

Географиясы

Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оның жер көлемі 223 мың 98 шаршы шақырымды құрайды. Бұл көрсеткіш Ұлыбритания немесе Гана елдерінің жер көлемімен шамалас. Осы аймақтың 45% немесе 99 678 шаршы шақырымы ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды болып саналады. Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Таулар елдің үштен екі бөлігін алып жатыр. Бұл Португалия немесе Ирландия елдерінің жері көлеміне шамалас. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Корей түбегіндегі ең биік нүкте Пэктусан тау жотасы саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытаймен Солтүстік Корей Республикасының шекарасында орналасқан. Пэктусан сөнген вулкан, сондықтан оның кратерінде біраз су жиналып, Чхонжи деген көлі қалыптасты. Бұл тау Корей халқының рухын сипаттайтындықтан аса зор құрметке ие, мемлекеттік әнұранның сөздері де осы Пэктусан тауларына арналады.

Елдің жер көлемі аса үлкен болмағанмен мұнда бірнеше ірі су арналары орналасқан. Бұл өзендер мен көлдердің елдің ұлттық болмысын және индустрияландыру кезіндегі тұрмысын қалыптастыруға қосқан үлесі де ерекше. Ең ұзын екі өзін - Амноккан (790 км) және Турманган (521 км). Аталған екі өзен де Пуктэсан тауларынан басталып, бірі батысқа, ал екіншісі шығысқа қарай ағады. Түбектің оңтүстік бөлігінде Нактонган (521.5 км) және Ханган (481,7 км) өзендері ағады. Ханган өзені елдің астанасы - Сеул қаласының ортасынан кесіп өтеді.

Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.

Buryeongsa.jpg

Климаты

Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6°C (43 F) дан 16°C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан солт. — континенттік муссондық, оңт. — субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура солтүстікінде –2°С (тауларда –30 — 40°С-қа дейін), оңтүстікінде 4°С, тамыз — шілде айларындағы темп-ра 22 — 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады.

Халқы

Толық мақаласы: Корея демографиясы

2007 жылдың аяғында Корея халқының саны 48 млн. 465 мың 369 адамды құраған болатын. Халықтың орналасу тығыздығы бір шаршы шақырымға 498 адам. Солтүстік Корея халқының саны 23 млн. 200 мың 238 адам. Өткен ғасырдың 60-ншы жылдары халықтың өсімі 3% болатын, алайда келесі он жылдықта 2% дейін түсіп кетті. 2005 жылы хадықтың өсім көрсеткіші 0.21% болды, дегенмен 2020 жылға дейін 0.02% дейін төмендейді деген болжам бар. Осы жылға дейін жасы 65 тен асатын халықтың саны 15,7% құрады.

Елдің жылдам қарқынды индустриализациясына байланысты ауыл халқы көптеп қалаға көше бастады, әсіресе Сеул қаласына. Алайда қалаға келетін халықты қала сыртына орналастыру қолға алынған еді. Негізгі ірі қалалар мен халықтың саны (2010):

# Қаланың аты Халықтың саны
1. Сеул 10.4 млн
2. Пусан 3.6 млн
3. Инчхон 2.7 млн
4. Тэгу 2.5 млн
5. Тэджон 1.5 млн
6. Кванджу 1.4 млн
7. Ульсан 1.1 млн

Кореяға келген шетел азаматтарының саны 2007 жылдың 24 тымызында 1 млн. 254 адам болды, бұл көрсеткіш алғашқы рет миллионнан асты. Шетел азаматтары жалпы халықтың 2% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша халықтың өсімі 15% құрайды. Сондықтан этноқұрылым өте жылдам өзгеруде.

Қазір халықтың этно құрамы келесідей: Қытайлар-44% немесе 441 334 (266764 корейліктер). Келесі топта АҚШ азаматтары 117 938 адам (12%), содан кейін вьетнамдықтар 63 464 (6%) филипиндіктер – 50 264 -5%, тайлықтар 43792 4%. Одан кейін жапондықтар, тайвандықтар, Индонезия азаматтары.

Тілі

Толық мақаласы: Корей тілі

Корей Республикасының мемлекеттік тілі - корей тілі. Халықтың барлығы корей тілінде сөйлейді және жазады. Анат тілігің болуы корей халқының ұлттық болмысын қалыптастыруға негізгі фактор ретінде әсер етті. Елдің әртүрлі өңірлерінде сөйлеу ерекшеліктеріне қарай бірнеше кішігірім диалекттер қалыптасқан. Халықтың көпшіліші бірін бірі еш қиындықсыз түсінеді, дегенмен тіл нормаларының стандарты ретінде Сеул өңіріндегі диалект қабылданған. Тек Чечжудо өңіріндегі адамдарды ғана басқа өңірдің адамдары түсінбеуі мүмкін.

Лингвистикалық және этнологиялық зерттеулер негізінде Корей тілінің Алтай тілдерінің құрамына кіретіндігі анықталды. Бұл топқа сонымен бірге түркі тілдері, моңғол тілі мен тунгус-манжұр тілдері де кіреді.

Корей тілінің хангыль әліппесі 15 ғасырда Сечжон патшаның ұсынысымен пайда болды. Хангыл графикасы пайда болмастан бұрын, елдің кішкентай ғана бөлігі қытай иероглифтерін оқи алатын. Хангыл графикасын қабылдар алдында Сечжон патша және ел басшылары көне ұйғыр, моңғол және ежелгі қытай жазбаларын зерттеген. Ғалымдардың фонологиялық зерттеу жұмыстарының негізінде хангыл жазу графикасы қабылданды. Олардың ұсынысы бойынша сөйлем буындарды үш дыбысқа бөлу керек деген ұстанымда болды, яғни басында, ортасында және соңында. Керісінше, қытай тілінің заңдылықтарында буын екі дыбысқа ғана бөлінетін.

Хангыл алфавиті 10 дауысты және 14 дауыссыз дыбыстан тұрады. Бұлар көптеген буындарды қалыптастырады. Хангыл жазбасы үйренуге өте ыңғайлы және оңай болғандықтан халықтың сауаттылыған арттыру ісі мен баспа ісінің жылдам дамуына әсер етті.

Тарихы

Толық мақаласы: Корея#Тарихы

Кочосон (Ежелгі Чосон)

Толық мақаласы: Кочосон

Корей түбегіндегі алғашқы адамның қоныстануы 700 000 жыл бұрын басталды. Неолит дәуірі шамамен 8 мың жыл бұрын басталды. Осы кездің археологиялық қазбалары елдің барлық өңірлерінен табылды, алайда негізгі қоныстану аймағы теңіз жағалаулары мен ірі өзендердің бойында орналасты.

Қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі 1500-2000 жылы басталды. Бұл кезде Манжурияның Ляолин аймағы мен Корей түбегінің солтүстік батыс өңірінде көптеген тайпалар пайда болды. Осындай тайпалардың басшысы Тангун, корей ұлтының негізін қалаған тұлға ретінде саналады. Тангун көптеген кіші тайпаларды біріктіріп Кочосон мемлекетінің негізін қалаған болатын (б.з.д. 2333 жыл).Кочосон елін 108 жылы қытайдың әйгілі Хань империясы басып алып, елде 4 әкімшілік округ құрды.

Үш мемлекет және Кая

Қала негізіндегі мемлекеттер кейіндері тайпалық бірлестіктерге қосылып, күрделі саяси жүйе қалыптастыра бастады. Мұндай бірлестіктер қосылуы патшалықтардың пайда болуына себеп болды. Сондай алғашқы патшалық мемлекет б.з.д. 37 - б.з. 668 жылдар аралығында өмірген сүрген Когурё мемлекеті. Бұл мемлекетті Хан патшалығына қарсы шыққан кореяның әйгілі қолбасшысы Тонменсон(Жумон хан) негізін қалады. Чумон хан бүкіл корей халқын бастап, қытай басқыншылығынан корей жерін азат етіп қоймай, бүкіл корей түбегінің солтүстігін біріктірді.Когурё әскерлері өздерін қоршаған елдерді бағындыра бастады.

Когурё мемлекетіне ұқсас патшалық Пэкче (б.з.д. 18 жыл - б.з. 660 жыл) болды. Бұл патшалықтың негізін Тонмённың (Чумон) кенже ұлы Онджо негізін қалады. Аталған патшалық Ханган өзенінің төменгі сағасында орналасқан, бүгінгі Сеул қаласы орналасқан жердегі қаланың негізінде пайда болды. Кыечхого атты ванның басшылығы кезінде Пэкче орталықтандырылған мемлекеттке айналды, ал билік аристократия қолында болды.

Силла патшалығы (б.з.д. 57 жыл - б.з. 935 жыл) Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасты. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсізі және дамымағаны болып саналды. Алайда Силланың Қытайдан айтарлықтай шалғай орнласу себебінен мұнда қытайдың ықпалы да әлсіз болды. Сондықтан мемлекет басқа идеялар мен тәжірибелерді игеруге ашық болды. Елдің ішкі құрылымы будда дінінің негізінде ұйымдастырылды және сословиялық бөліністі қабылдамады. Мұндай жүйеде орталық билік хваран ақсүйек жауынгер ұйымына тиесілі болатын.

Кая (42-562) Нактонган өзенінің сағасында мекен еткен бірнеше солтүстік тайпалардың конфедерациясы ретінде қалыптасты.

Біріккен Силла мен Пархэ

Толық мақаласы: Силла

6 ғасырдың ортасына қарай Силла мемлекетін Кая конфедерациясына кірген барлық қалаларды өз құрамына қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан династиясымен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды. 8 ғасырда Силла патшалығының билігі өз шарықтау шегіне жетті. Силла будда дінінің құндылықтарына негізделген мемлекет құруды ойлады. Алайда ел басшылары байлыққа кенелген сайын Буддалық құндылықтар да әлсірей бастады.

676 жылы Силла Қытайдың Тан әулиетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.

Корё

Корё династиясы (918-1392) Ван Гон атты әскери қолбасшының күшімен құрылды. Корея түбегі алғаш рет осы династия кезінде бірікті.

Чосон

Толық мақаласы: Чосон

1392 жылы генерал Ли Сон Ге өз әулетінің негізін қалады. Аталған әулит Чосон деген атқа ие болды. Чосон әулетінің басшылары конфуцийщілдіклі елде қатты дамып кеткен будда іліміне қарсылық ретінде пайдалануға ниет етті және конфуцишілдікті барынша қолдады.

Мемлекеттік басқару аппараты да тұратқтанып қызметкерлердің кәсіби білігі де артты. Қызметке тұрмас бұрын барлық үміткерлер арнайы емтихандардан өтуі тиіс жүйе қалыптасты. Бұл емтихандар халықтың арасында әлеуметтік және интеллектуалды белсенділікті арттыра түсті. Алайда конфуций іліміне негізделген қоғамда білім мен ғылым аса жоғары бағаланғанымен сауда саттық пен өндіріске мінсінбеушілік ұстаным басым болатын.

Чосог елінің төртінші патшасы Ұлы Сечжон (1418-1450) ел басқарған кезде корей мәдениеті мен өнері керемет шарықтау шегіне жетті. Королдік академия ғаымдары корей тілінің әліппесі Хангыль дайындап шығарды. Ол кезде әліппенің ресми аты Хунмин чон деп аталатын, қазақ тіліндегі мағынасы: "халықты оқытуға арналған дұрыс дыбыстар" дегенді білдіреді.

Сечжо (1455 - 1468) патша мемлекеттік биліктің құрылымын заң жинақтарын, кодекс қабылдау арқылы анықтап, бекітіп берді. Бұл кодекс Кенгук деп аталды, яғни "Мемлекетті басқару туралы ұлы шарт".

1592 жылы Жапония Қытайға өту мақсатында Корей еліне басып кірді. Адмирал Ли Сун Син (1545-1598) корей тарихындағы жоғары бағаланатын тарихи тұлға. Адмирал теңізде жапон әскерлеріне қарсы бірнеше сәтті ұрыс өткізді. Ол жау әскерлеріне қарсы кобуксон аталатын "тасбақа кемелерді" қолданды. Бұл сырты темір пластиналармен қамталған соғыс кемелерін қолданған тарихтаға алғашқы оқиға болатын.

17 ғасырдың басынан ғалымөшенеуніктер арасында сирхак қозғалысы бедел жинай бастайды. Сирхан дегеніміз "шынайы ғылым" дегенді білдіреді. Ғалымдар заманауи мемлекет құру үшін ғылым қажет екендігін насихаттай бастады. Олар ауылшаруышылығы мен өндірісте бірнеше өзгерістер жасау қажеттігін айта бастады. Әсіресе жер телімдерін бөлу мәселесіне мән берді. Алайда елді басқарып отырған ақсүйектер билігі мұндай тың идеяларға дайын болмады.

Чосон әулетінің билік құру кезеңінің екінші жартысында елде мемлекеттік шенеуніктер мен ақсүйек қауымы арасында билік үшін талас күшейе түсті.

Енчжо патша (1724-1776) елдегі жағдайды тыныштандыру мақсатында барлық тараптардан алыстауға тырысты. Осы саясатаныңы арқасынде елдегі саяси жағдай біраз тұрақтана түсті. Патшаның шешімдері мен бұйрықтарының жазба құжаттарын жинап отыру мақсатында Патша кітапханасын құруға тапсырма берді. Сирхак мектебінің шарықтау шегі де осы кезеңге келді.

Жапон басқыншылығы

19 ғасырда Корея шеттегі мемлекет ретінде Батыстың дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға деген талпынысына қарсылық көрсетіп келді. Осы кезде бірге Азия елдері мен Еуропа елдері Корей түбегіне билік жүргізу мүмкіндігіне ие болу үшін өзара бақталасып келді.

1910 жылы Қытай мен Ресейге қарсы соғыста жеңімпаз ретінде шыққан Жапония Кореяны жаулап алып, колониялық билік орнатты. Отаршылдық үкімет корей халқының арасында ұлттық сезімдердің оянуына себепші болды. Олар жапондық үкіметттің ассимиляция саясатына қарсы болды.

1919 жылдың 1 наурыз күні елдің барлық өңірлерінде бейбіт манифистация өтті. Басты талап ретінде елдің тәуелсіздігі болатын. Жапон үкіметі аталған шеруді қарумен басты. Бұл оқиғадан кейін ұлтшыл корейліктер Шанхайда Уақытша Өкімет құрды. 1 наурыз Корей елінде тәуелсіздік күні ретінде мемлекеттік мереке дәрежесінде аталып өтеді.

Корея Республикасының құрылуы

Жапонияның екінші дүниедүзілік соғыста жеңілгендігін корей халқы қуанышты хабар ретінде қабылдады. Алайда "қырғи қабақ" соғыстың басталатын уақытында АҚШ әскері корей түбегінің оғтүстігіне орналасты, ал КСРО әскері солтүстік бөлігіне иелік етті.

1947 жылдың қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Кореяда БҰҰ Комиссиясының бақылауымен жалпы сайлау өткізу туралы қарар қабылдады.

КСРО бұл шешімді қолдамады және БҰҰ комиссиясын солтүстік өңірлерге кіруге тиым салды. БҰҰ Бас Ассамблеясы жаңа қарар қабылдады. Бұл қарар бойынша сайлау тек БҰҰ Комиссиясы бара алған өңірлерде ғана өтуі тиіс болды. Кореядағы алғашқы сайлау 1948 жылы 10 мамыр күні 38-нші параллельден өңтүстікке қарай орналасқан елді мекендерде өтті. Бұл шекара елді екіге бөлді, яғни Оңтүстік және Солтүстік.

Кореяның алғашқы Президенті Ли Сын Ман 1948 жылы сайланды. Ал 38-нші параллельден солтүстікке қарай Ким Ир Сен басқарған коммунистік билік орнады.

1950 жылдың 25 маусымында Солтүстік Корея Оңтүстікке қарсы әскери шабуыл бастады. Бұл екі Корея арасындағы үш жылға созылған соғысқа себепші болды. 1953 жылдың шілдесіне екі ел арасында Соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды.

1960 жылдардан бастап Оңтүстік Корея қарқынды экономикалық дамуды өзіне мақсат ретінде қойды. Керемет жетістіктерге жеткен Кореяны "Ханган өзенінің бойындағы ғажайып" деп атады. Бүгінгі күні Корея Республикасы экономикалық көрсеткіші жағынан әлемде 13-нші орында.

Мемлекеттік басқару жүйесі

Конституция

Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілде күні қабылданды. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарыны Конституцияға тоғыз рет өзгертулер енгізілген. Ең соңғы өзгертулер 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.

Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген: Жалпы, Азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Ұлттық жиналыс, Атқарушы билік, Соттар, Конституциялық сот, Сайлау жүйесі, Жергілікті өзін-өзі басқару, Экономика, Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер.

Атқарушы билік

Президент

Атқарушы биліктің басында Корея Республикасының Президенті тұрады. Ол жалпы, тікелей және жасырын сайлау негізінде халықпен сайланады. Президент мерзімі 5 жылмен шектелген және екінші қайтара сайлануға болмайды. Президент өз қызметіна атқара алмаған жағдайда Премьер-Министр барлық міндеттерді өзі атқарады.

Бүгінгі күні қалыптасқан саяси жүйеде Президент негізгі бес қызмет атқарады. Олар:

  • Президент халықаралық жүйеде елдің атынан сөйлейді. Басқа елдің дипломаттарын қабылдайды, наградалар мен атақтар береді. Кешірім жасайды.
  • Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шығарушы органның қабылдаған заңдары мен шешімдерін орындайды, аталған заңдардың жұмыс ңстеуіне қажетті қаулылар мен жарлықтар шығарады. Барлық шенеуніктерді қызметке тағайындайды, соның ішінде Премьер-Министр мен басқа да жоғарғы санатты мемлекет қызметкерлерін.
  • Президент Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы ретінде әскер саласына қатысты барлық мәселеге қатысты шешім шығара алады. Соның ішінде басқа елге соғыс жаоиялау құқығы да кіреді.
  • Президент елдің сыртқы саясатын қалыптастырады және басқарады. Елшңлерді тағайындайды немесе қайтарады, шет елдермен келісімшарттарға қол қою арқылы оларды бекітеді.
  • Президент мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде заң шығару процессіне араласады. Ұлттық Жиналысқа заң жобаларын ұсына алады, бірақ Ұлы Жиналысты таратуға құқығы жоқ.

Мемлекеттік кеңес

Президенттік басқару жүйесіне сәйкес Корея Республикасының Президенті өзінің атқарушы функциясын өзі басқаратын Мемлекеттік кеңес арқылы жүзеге асырады. Кеңестің құрамына 15-30 адам мүше болады. Президент барлық мемлекеттік мәселелер жөнінде қабылдаған шешімдер үшін жеке жауап береді. Елдің Премьер-министрі Президентпен тағайындалады және Ұлттық Кеңес тарапынан бекітіледі. Атқарушы билікте Президенттің негізгі көмекшісі ретінде Премьер-Министр министрлердің қызметіне басшылық етеді және Президент басшылығының аясында Мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасы арқылы жүзеге асырады.

Премьер-Министр мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтауға құқылы және Ұлттық Кеңес жұмысына қатыса алады. Мемлекеттік кеңестің мүшелері Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент тарапынан бекітіледі. Ұлттық Кеңестің мүшелері Президентке бағынады және оған ғана жауап береді.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Президент жанында басқа да бірнеше органдар қызмет етеді:

  • Корея Республикасының бақылау-ревизиялық басқармасы
  • Ұлттық барлау қызметі
  • Байланыс және ақпарат тарату комиссиясы

Заң шығарушы билік

Заң шығарушы орган қызметін - бір палатадан тұратын Ұлттық Жиналыс атқарады. Ұлттық Жиналыс төрт жылға сайланатын 299 депутаттан тұрады. Парламенттегі 299 депутаттың 245-і жергілікті сайлау округтерінен тікелей сайланады, ал қалған 54 орын сайлау кезінде жалпы дауыстың кем дегенде 3% немесе жергілікті сайлау округтерінен 5 орын алған саяси партиялар арасында пропорцианалды түрде бөлінеді. Ұлттық кеңеске 25 жасқа толған азаматтар сайлана алады. Әр сайлау округінен бір кандиадат сайланады.

Сот билігі

Корей Республикасының Сот билігі Жоғарғы Сот, аймақтың соттар, Патенттік Сот, Отбасы жөніндегі соттар, Әкімшілік соттар мен жергілікті соттардан тұрады.

Жергілігті өзін-өзі басқару

Тәуелсіз ұйымдар

Экономикасы

20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі.

Per capita GDP of South Asian economies & SKorea (1950-1995).png

Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарымқатынасы

Қазақстан мен Корея арасын­дағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралы­ғын­да, яғни 15 жылдың ішінде Ко­рея­дан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл - Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
  2. a b Халықаралық валюта қорығы (сәуір 2008)
  3. [korea.net http://www.korea.net/AboutKorea/Korea-at-a-Glance/Facts-about-Korea]

Сыртқы сілтемелер