Швед тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Швед тілі
svenska 
Айтылуы: IPA: [ˈsvɛnˌska]
Сөйлеу орны: Швеция және Финляндия 
Аумағы: Солтүстік Еуропа
Барлық сөйлеушілері: c. 10 миллион 
Әлемдегі қатары: 74
Тіл ұясы:
 Герман тілдері
  Солтүстік герман тілдері
   Шығыс Скандинав
    Швед тілі 
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері:  Швеция (de facto)
 Финляндия
Еуропалық одақ Еуропа одағы
Nordic Council
Реттеушісі: Швед тілі кеңесі (Швецияда)
Svenska språkbyrån (Финляндияда)
Тіл белгілері
ISO 639-1: sv
ISO 639-2: swe
ISO 639-3: swe 
Швед тілінің таралуын көрсететін карта

 

Швед тілі (svenska ) — Солтүстік герман тілдеріне жататын, Швецияда және Финляндияның кейбір бөліктерінде, мысалы жағалау мен Аланд аралдарында таралған, шамамен 10 миллион адам сөйлейтін тіл. Швед тілі норвег тілі және азырақ дәрежеде дан тілімен өзара түсінікті тіл. Басқа солтүстік герман тілдерімен бірге ол викинг заманында Скандинавияда тұрған герман халықтарының тілі болған көне норвег тілінен өрбіп шыққан тіл болып табылады.

Әдеби швед тілі орталық Швеция диалектілерінен 19-шы ғасырда өрбіп шыққан, 20-шы ғасырдың басында толығымен орныққан тіл. Ауылдық жерлерде тараған диалектілермен айырмашылығы әлі де сақталып отырса да, ауызекі және жазба тіл біркелкі және стандарттанған. Кейбір диалектілердің әдеби тілден грамматикасы және сөз қоры жағынан елеулі айырмашылықтары бар, кейбір кездері олар бір-біріне түсініксіз де. Бұл диалектілерде сөйлейтіндер көбінесе ауылдық жерлерде тұрып, бар өмірлерін сол өңірлерде өткізеді. Бұл диалектілерге жоғалып кету қаупі төнбесе де, олардың қолданылуы соңғы бір ғасырдың ішінде азайып отырды.

Сөйлемдегі сөз тәртібі көбінесе бастауыш-баяндауыш-толықтауыш түрінде болып келеді, бірақ кейде кейбір сөздер не фразаларға баса назар беру үшін сөз тәртібі өзгеріп отырады. Швед тілінің морфологиясы ағылшын тілінікіне ұқсас, яғни сөздердің жалғаулары онша көп емес. Швед тілінде екі грамматикалық род категориясы бар, септіктер жоқ (алайда бұрынғы талдау бойынша атау және ілік септіктері болған), зат есімдер жекеше және көпше түрде бола алады. Сын есімдер ағылшын тіліндегідей қолданылады, олар сонымен бірге род, сан және нақтылық бойынша септеледі. Есімнің нақтылығы сөздің соңына нақты және нақсыз артикль-жалғаулардың жалғануы арқылы білдіріледі. Сөз ырғағы онда екпіннің және диалектілердің басым көпшілігінде тонның болуымен ерекшеленеді. Тілде дауысты дыбыстардың түрлері басқаларға қарағанда көп.

Үлгі:Germanic languages

Үлгі:Official EU languages