Ванкувер аралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Ванкувер Аралы
ағылш. Vancouver Island
Vancouver Island contour map.png
Елдер  Канада
{{country data {{{Ел1}}}|flag/core|name={{{Ел1}}}|variant=|size=}}
Аумағы 31 285 км²
Халқы 759 366 адам
Халықтың тығыздығы 24,273 адам/км²
Ванкувер аралы

Координаттар: 49°36′32″ с. е. 125°38′52″ б. б. / 49.608889° с. е. 125.647778° б. б. (G) (O)

Ванкувер аралыТынық мұхитта, Солтүстік Американың батыс жағалауларындағы ең ірі арал. Құрлықтан бұғаз, шығанақтармен бөлінген. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 500 км-ге созылған, ені 65 — 70 км. Аумағы 32,2 мың км². Арал түгелге жуық биікт. 2200 м-ге дейінгі тау жотасынан тұрады. Батыс жағалауы фьордты, шығысы жазық келеді. Жер бедерінің қалыптасуында мұздық пішіндердің басымдығы байқалады. Климаты қоңыржай теңіздік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-дей. Аралда түгелдей қылқан жапырақты орман өседі. Балық ш. дамыған. Басты қаласы әрі порты — Виктория. Ағылшын зерттеушісі Дж. Ванкувердің есімімен аталған. [1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том