Ирландия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Ирландия (айрық) деген бетті қараңыз.



Ирландия Республикасы
Poblacht na hÉireann
Republic of Ireland
Flag of Ireland.svg Ирландия елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ирландия ұлттық әнұраны
EU-Ireland.svg
Тәуелсіздік күні 6 желтоқсан 1922 (Ұлыбритания және Ирландия Құрама Патшалығынан)
Ресми тілдері ирланд тілі және ағылшын тілі
Елорда Дублин
Ірі қалалары Дублин, Корк
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Майкл Д. Хиггинс
Энда Кенни
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 117-ші-орын
70273 км²
2
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

4 581 269 адам (120-шы)
60,3 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

172,5 млрд[1] $ (55-ші)
39 009[1] $
АДИ (2011) 0,908[2] (өте жоғары) (7-ші)
Валютасы еуро
Интернет үйшігі .ie
ISO коды IE
ХОК коды IRL
Телефон коды +353
Уақыт белдеулері +0

Координаттар: 53°08′00″ с. е. 8°07′00″ б. б. / 53.133333° с. е. 8.116667° б. б. (G) (O)

Ирландия, Ирланд Республикасы (ирландша Éire, Poblacht na hÉireann; ағылш. Ireland, Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.

Атауы[өңдеу]

1937 ж конституциясы бойынша мемлекет аты — "Éire, немесе, ағылшынша, Ireland" деп бекітілген. Билігін бүкіл аралға тарату ниетімен 1949 ж. Дублин ел атауын "Ирландия Республикасы" деп өзгертті.

Жағрапиясы[өңдеу]

Жағрапиялық мағлұматтарды Ирландия аралы және Ирландия жағрапиясы деген мақалалардан қараңыз.

Саяси құрлымы[өңдеу]

Ирландия — республика.

Қазіргі конституциясы 1937 жылдың 1 шілдесінде плебисцитта қабылданды. 1937 жылдың 29 желтоқсанында күшке енді .

Ирландия президенті (ирл. Uachtarán) халық референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Президенттің, үкімет сұранысы бойынша парламенттің төменгі палатасын шақыруға және таратуға құқығы бар, ол заңдарды жариялайды, соттар мен басқа да жоғарғы лауазымдарды тағайындайды және бас қолбасшы лауазымына ие болады.

Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді (Taoiseach) — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды.

Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент (ирл. Tithe An Oireachtais). Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат.

Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауысберу арқылы сайланады.

Сенат құрамында 60 мүше бар, олардың 11-ін премьер-министр тағайындайды, 6-ы Ұлттық және Дублин университеттерімен сайланады, 43-і жанама сайлау арқылы ерекше тізіммен (тізімдегі кандидаттар әртүрлі мекемелер мен ұжымдардың ұсынысымен кіргізіледі) өтеді. Сенаттың сайлау коллегиясы 900 адамнан тұрады, олардың ішінде өкілдер палатасының мүшелері, муниципалитеттер мен графтықтар кеңесінің мүшелері бар. Палаталардың жұмыс мерзімі — 7 жыл.

Әкімшілік құрлымы[өңдеу]

Ирландияның графтықтары нөмірленген картасы Ирландия Республикасы
  1. Дублин
  2. Уиклоу
  3. Уэксфорд
  4. Карлоу
  5. Килдэр
  6. Мит
  7. Лаут
  8. Монахан
  9. Каван
  10. Лонгфорд
  11. Уэстмит
  12. Оффали
  13. Лиишь
  14. Килкенни
  15. Уотерфорд
  16. Корк
  1. Керри
  2. Лимерик
  3. Типперэри
  4. Клэр
  5. Голуэй
  6. Мейо
  7. Роскоммон
  8. Слайго
  9. Литрим
  10. Донегол

Солтүстік Ирландия

  1. Фермана
  2. Тирон
  3. Лондондерри
  4. Антрим
  5. Даун
  6. Арма

Типперэри графтығы 2 суб-субъект болып басқарылады: Типперэри Солтүстік Ридинг және Типперэри Оңтүстік Ридинг.

Экономикасы[өңдеу]

Толық мақаласы: Ирландия экономикасы

Тарихы[өңдеу]

Толық мақаласы: Ирландия тарихы

Ирландия қарулы күштері[өңдеу]

Мәдениеті[өңдеу]

Толық мақаласы: Ирландия мәдениеті

Дереккөздер[өңдеу]

  1. a b Report for Ireland  (ағыл.). International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 наурыз 2012. Тексерілді, 22 ақпан 2011.
  2. Human Development Index and its components