Гватемала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
República de Guatemala
Гватемала Республикасы
Гватемала байрағы Гватемала елтаңбасы
ҰраныEl País de la Eterna Primavera
(қазақша: "Мәңгі көктем елі")
ӘнұраныHimno Nacional de Guatemala
Гватемала орналасуы
Елордасы Гватемала (қала)
14°38′N, 90°30′W
Ең ірі қаласы Гватемала
Ресми тілдері Испан тілі
Үкімет түрі Президенттік республика
 —  Президенті Отто Перес Молина
 —  Вице-президенті Роксана Бальдетти
Тәуелсіздік Испаниядан 
 —  Date 15 қыркүйек, 1821 
Аумағы
 —  Барлығы 108 890  км² (106)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 0.4
Жұрты
 —  шілде 2005 сарап. 12,800,000 (70-ші)
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $62.78 миллиард (71-ші)
 —  Жан басына шаққанда $4,155 (116-шы)
АДИ (2004) 0.673 (medium) (117-ші)
Ұлттық ақшасы Кетцаль 1 US $= Q 7.60 (GTQ)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC-6)
Интернет үйшігі .gt
Телефон белгілемесі +502

Гватемала, Гватемала Республикасы — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 109 мың км². Халқы 10,6 млн. (1995). Астанасы — Гватемала қ.

Тұрғындары, негізінен, киче-майя тайпаларына жататын үндістер мен метистер. Ресми тілі — испан тілі. Тұрғындары католиктер, бұған қоса протестанттар да кездеседі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық конгресс. Жерінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты. Кен байлықтарына (хром, марганец, алтын, күміс, т.б.) бай. Климаты субэкваторлық, мусондық. Тау жоталарында орт. температура 15 — 20°С, жазық жерлерде 23 — 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлш. 500 — 1000 мм, тау бөктерлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Жерінің 50%-ін қалың орман алып жатыр. Қазіргі Гватемала аумағын ерте заманда үндіс тайпалары қоныстанған. Орта ғасырларда майя тайпасының жоғары дамыған мәдениеті болған. Елді 1524 — 24 жылдары испан отаршылары басып алды. Ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1821 ж. 15 қыркүйекте Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 19 ғ-дың аяқ кезінен елге Америка капиталы үстемдік жүргізді. 1957 ж. аграрлық реформалар барысында көптеген кәсіпорындар мемлекет меншігіне алынды. 1954 — 85 жылдар аралығында Гватемалада жиі-жиі әскери төңкерістер болып, бірнеше үкімет ауысты. Ұлттық революциялық бірлік ұйымы мен үкімет әскерлері арасындағы 30 жылға созылған қарулы қақтығыстар 1996 ж. желтоқсан айында тоқтатылды. Гватемала — артта қалған аграрлы ел. Тұрғындардың 65%-і а.ш-нда еңбек етеді. Негізгі өнімдері — кофе, қант қамысы, мақта, банан. Кен байлықтарының көптігіне қарамастан, оны өндіру нашар дамыған. Халық тұтынатын тауарлар шет елден әкелінеді. Ел экономикасына шет ел капиталы үстемдік жүргізеді. Жұмыссыздық өте жоғары деңгейде (40%). Гватемала — БҰҰ, Латын Америкасы елдері экон. одағы, т.б. көптеген халықар. ұйымдарға мүше. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Орт. Америка елдері, Жапония, Германия, Мексика.

Дереккөздер[өңдеу]

Үлгі:Central America Үлгі:Pacific Ocean