Сан-Марино

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сан-Марино Мәртебелі Республикасы
Serenissima Repubblica di San Marino
Flag of San Marino.svg Сан-Марино елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Libertas»
Сан-Марино ұлттық әнұраны
Europe location SMO.png
Құрылды 3 қыркүйек 301
Тәуелсіздік күні 9 мамыр 1878 жыл (Осман империясынан)
Ресми тілі Итальянша
Елорда Città di San Marino.JPG Сан-Марино
Ірі қалалары Серравалле
Үкімет түрі Парламенттік республика
Капитан-Регенттер Антонелла Муларони
және Денис Амичи
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 190-шы-орын
61 км²
0
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

31 945 адам (219-шы)
519,9 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2009)
  • Жан басына шаққанда

1,662 млрд. $ (172-ші)
44 605 $
Валютасы Еуро
Интернет үйшігі .sm
ISO коды SM
ХОК коды SMR
Телефон коды +378 0549
Уақыт белдеулері +1

Координаттар: 43°56′08″ с. е. 12°27′39″ ш. б. / 43.935556° с. е. 12.460833° ш. б. (G) (O)

Сан-Марино (Сан-Марино Мәртебелі Республикасы) Eуропада Италияда орналысқан ел.

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 26,9 мың адам (2001). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа темп-расы 0 — 12ӘС, шілдеде 20 — 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты. Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.[1]

Суреттер[өңдеу]

Europe location SMO1.png
San-Marino-Gondola-1283.jpg
San-Marino Titano-1261.jpg

Пайдаланылған cілтемелер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том