Сент-Киттс және Невис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Use British English Үлгі:Pp-move-indef

Сент Кристофер және Невис федерациясы
Federation of Saint Christopher and Nevisa байрағы Federation of Saint Christopher and Nevisa елтаңбасы
Ұраны"Country Above Self"
ӘнұраныO Land of Beauty!

Патшалық әнұраныGod Save the Queen
Federation of Saint Christopher and Nevisa орналасуы
Federation of Saint Christopher and Nevisa орналасуы
Елордасы
[[Federation of Saint Christopher and Nevisa жұрттануы|(және ең ірі қаласы)]]
Basseterre
17°18′N, 62°44′W
Ресми тілдері English
Этникалық топтары (2000) Үлгі:Unbulleted list
Халық атауы Kittitian or Nevisian
Үкімет түрі Parliamentary democracy
under federal constitutional
monarchy
 —  Monarch Elizabeth II
 —  Acting Governor-General Samuel Weymouth Tapley Seaton
 —  Prime Minister Timothy Harris
Independence
 —  Associated State 27 February 1967 
 —  from the United Kingdom 19 September 1983 
 —  Су (%) Negligible
Жұрты
 —  2015 сарап. 54,961 (209th)
 —  2001 жұрт санағы 46,325 
 —  Тығыздығы 164/km² (64th)
ЖІӨ (АҚТ) 2012 сарап.
 —  Бүкіл $1.087 billion [1][2] 
 —  Жан басына шаққанда $21,260 [1] 
ЖІӨ (nominal) 2012 сарап.
 —  Бүкіл $767 million [3] 
 —  Жан басына шаққанда $14,314 [4] 
АДИ (2013) 0.750 (73rd)
Ұлттық ақшасы East Caribbean dollar (XCD)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC-4)
Интернет үйшігі .kn
Телефон белгілемесі [[++1 869]]

Сент-Киттс және Невис Федерациясы (Сент-Кристофер және Невис Федерациясы) —Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания ханшайымы басқаратын Британ Достастығы мүшесі. Астанасы — Бастер қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия, Ұлыбритания достастығына кіреді. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы — Ұлт күні — 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары. Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі.

Географиясы[өңдеу]

Сент-Киттс және Невис жері негізінен таулы вулканды болып келеді. Климаты тропикалық пассатты. Ең биік нүктесі (1155 м) — Сент-Китс аралында. Айлық орташа температура 18 — 24С, жауын-шашын мөлшері 700 — 1200 мм. Таулардың аңғарларын қант құрағы мен мақта плантациялары алып жатыр. Ал жоғары бөліктері — таулы тропикалық орман жамылғысы. Ел аумағы жануарлар дүниесіне кедей. Сент-Киттс және Невисті 1493 ж. Х.Колумб ашты. 1623 жылға дейін Испанияның отары болды. 1623 ж. ағылшындардың, 1627 ж. француздардың қарамағына өтті. 17 — 18 ғасырларда Ұлыбритания мен Франция аралығындағы даулы аймаққа айналып, 1783 ж. ағылшындардың отарына айналды. 1958 — 62 ж. Вест — Үнді федерациясының құрамына кірді. 1967 ж. ақпанда Ұлыбритания қарамағындағы өзіндік басқару құқығына ие болып, 1983 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.

Экономикасы[өңдеу]

Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылық қант құрағы, мақта, кокос пальмасы, күріш, ямс және банан өсіріледі. Балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм дамыған. Тұз өндіріледі. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, т.б. шығарылады. Елде қант з-ты жұмыс істейді. Сыртқа қант құрағын, мақта және кокос майын, электроника, мақта шығарады. Импортының негізін құрал-жабдықтар мен мұнай өнімдері құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 7730 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Кариб бассейні елдері, АҚШ.

Дереккөздер[өңдеу]

Әдеб.: Латинская Америка. Энциклопедический справочник в 2-томах, М., 1982; Страны мира, М., 2004.

  1. a b Data GDP per capita, PPP (current international $) | Data | Table. Data.worldbank.org. Тексерілді, 8 шілде 2014.
  2. Saint Christopher and Nevis. International Monetary Fund. Тексерілді, 21 сәуір 2012.
  3. Data GDP (current US$) | Data | Table. Data.worldbank.org. Тексерілді, 8 шілде 2014.
  4. DataBank Error Page. worldbank.org.