Мажар тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Hungarian
magyar 
Айтылуы: IPA: Үлгі:IPA-hu
Сөйлеу орны:  Hungary and areas of

 Romania

 Serbia

 Slovakia

 Slovenia

 Ukraine

 Croatia

 Austria

 Israel

 USA

Барлық сөйлеушілері: 16 million
Тіл ұясы: Uralic
 Ugric
  Hungarian 
Жазу әдісі: Latin alphabet (Hungarian variant
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері: Hungary, European Union, Slovakia (regional language), Slovenia (regional language), Serbia (regional language), Austria (regional language), some official rights in Romania, Ukraine and Croatia
Реттеушісі: Research Institute for Linguistics of the Hungarian Academy of Sciences
Тіл белгілері
ISO 639-1: hu
ISO 639-2: hun
ISO 639-3: hun 
Dist of hu lang europe.png
Regions of the Carpathian Basin where the Hungarian language is spoken

 

Венгр немесе мажар тілі — Орал-алтай тілдері шоғырының фин-угор тармағы, угор тобына жататын тіл. Ханты, мансы тілдеріне жақын. Венгрия Республикасының ресми тілі, ондағы халықтың 96,6% В. т-н ана тілі деп санайды. В. т-нде 16 млн-нан астам адам сөйлейді. Румыния, Югославия, Словакия, Украинаға тараған. Карпат өңірінде мемлекеттілігін жалғастырған мадьярлар кейіннен латын әрпіне негізделген әліпбиді қолдана бастаған.

Көне мажар жазуы, "Rovás" әліпбиі. Мажар елі Стефан I патшасы кезінже (997-1038) латын әліпбиіне көшкен, 1844 жылға қарай

Көне құртқа бәдіз жазуы ROVAS ІRAS (роваш ираш) да өз маңызын жоғалтпай, 17 ғ-ға дейін қатар қолданылып келген. В. т-нің бірінші жазба ескерткіші — “Құлпытас сөзі” (1200 ж. шамасы). 16 — 18 ғ-лар аралығында Б. Балашиш (1554 — 1594) П.Пазмань (1570 — 1637), М. Зрани (1620 — 1664), т.б. әдеби тіл нормаларының негізін қалады. Әдебиетші К. Ференц басшылығымен жүргізілген “тіл жаңарту қозғалысы” бірнеше мың жаңа атаулар мен терминдер жасап, ғыл. айналымға қосты. Соның нәтижесінде В. т-нде шет сөздер жоқтың қасы, барлығының дерлік мажарша баламалары бар. Мыңдаған жылдар бойғы өзге тілдер әсеріне қарамастан, В. т. финн-угорлік сипатын сақтап қалды. Латын тілінен көбіне, діни, мәдени, әкімшілікке қатысты, славтардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген. В. т-не түркі сөздері енуі бірнеше кезеңмен байланысты: а) 5 ғ-да Еділ (Аттила) патша билеген ғұндар дәуірінде келген этнонимдер мен сенім-нанымға қатысты лексикалар; ә) қыпшақ даласымен тығыз байланыста болған тұста шаруашылыққа қатысты енген атаулар; б) Осман сұлтандығы қол астында болған (1490 — 1526) уақытта енген тағам, жеміс, киім атаулары мен кәсіптік атаулары.

Мажар тілі тараған Еуропа аймақтары. CIA World Factbook 2006 негізінде

Ғұн-қыпшақтар тілі арқылы В. т-не енген ортақ атаулар: аркань, боза, цөткен (сүттіген — дәрілік шөп) даку (дақы — ішік түрі), барак (ит), чоллак (шолақ), кандьига (қанжыға), карамбел (қалампыр), балта, арпа, ес, вай (май), өл (өлтіру), мох (ағаш мүгі), иечке (ешкі), т.б. В. т-нде бірнеше диалект бар: батыс, солт.-шығыс, куншаг және секей диалектісі. Соңғы екеуі Румыниядағы, Молдовадағы мажарлар арасында кездеседі. Куншаг диалектісінде жоғарыда аталған түркі тіліне ортақ сөздер, топонимдермен қоса, фольклор үлгілері көп.

Вожводина, Сербиядағы мажар тілінің ресми пайдаланылуы

В. т. фонетикасында сингармонизм заңдылығы берік орын алған. Морфол. құрылысы жағынан агглюнитативті тіл, екпін көбіне басқы буынға түседі, “род” категориясы жоқ, тәуелдік пішімі бар және ол көпше есімге де қатысты. Сын есім, сан есім, анықтауыш сөзбен қабыса байланысады және жекеше түрде қолданылады, септік түрі — 13. [1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]