Нигер
République du Niger | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
||||||
Ұраны: "Fraternité, Travail, Progrès" (Француз тілі) "Бауырмалдық, Еңбек, Прогресс" |
||||||
Әнұраны: La Nigerienne |
||||||
Елордасы (және ең ірі қаласы) |
Ниамей |
|||||
Ресми тілдері | Француз тілі | |||||
Үкімет түрі | Парламенттік демократия | |||||
— | President | Tandja Mamadou | ||||
— | Prime Minister | Ali Badjo Gamatié | ||||
Тәуелсіздік | from Франция | |||||
— | Declared | August 3 1960 | ||||
Аумағы | ||||||
— | Барлығы | 1 267 000 км² (22nd) Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi |
||||
— | Су (%) | 0.02 | ||||
Жұрты | ||||||
— | шілде 2005 сарап. | 13,957,000 (64th) | ||||
ЖІӨ (АҚТ) | 2005 сарап. | |||||
— | Бүкіл | $10.951 billion (132nd) | ||||
— | Жан басына шаққанда | $872 (171st) | ||||
АДИ (2004) | 0.311 (low) (177th) | |||||
Ұлттық ақшасы | CFA franc (XOF ) |
|||||
Уақыт белдеу(лер)і | WAT (UTC+1) | |||||
— | Жазғы уақыт | not observed (UTC+1) | ||||
Интернет үйшігі | .ne | |||||
Телефон белгілемесі | +227 |
Нигер , Нигер Республикасы – Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары хаусалар 4,2 млн., джерма 2,3 млн., фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Олардан басқа тубулер, сонгаилар, гурмалар қоныстанған. Елде 50 мың сириялықтар, ливандықтар, француздар бар. Астанасы – Ниамей қаласы Әкімшілік жағынан 7 департаментке, 33 округке бөлінеді. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 80%-ы мұсылман-сүнниттер, 1%-ы христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. 1989 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – ұлттық жиылыс. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы 18 желтоқсан – Республика күні (1958), БҰҰ-ның, Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі.
Жер бедері[өңдеу]
Нигер аумағының көпшілік бөлігін Сахара (биікт. 200 – 500 м), орталық бөлігін Аир үстірті (биіктігі 800 метрге дейін), оңтүстік-шығысын Чад көлі қазаншұңқырының солтүстік-батыс бөлігі, оңтүстік-батысын Нигер өзенінің орта ағысы бойындағы аңғарлар алып жатыр. Пайдалы қазбалары – уран кентасы, қалайы, вольфрам, ниобий, темір кентасы, ас тұзы. Климаты – шөлді тропиктік және субэкваторлық. Жыл бойғы орташа температура 20 – 34ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм (солтүстік-шығысында), 600 – 800 мм (оңтүстік-батысында). Ірі өзендері – Нигер, Комадугу – Йобе. Чад көлінің едәуір бөлігі Нигерге қарайды. Жері негізінен қызыл қоңыр, қызғылт топырақты. Елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс шетінде саванна, қараған, баобаб, пальма, солтүстігінде астық тұқымдастар аралас бұталы өсімдіктер өседі. Арыстан, піл, буйвол, керік, шибөрі, қорқау қасқыр, т.б. кездеседі.
Тарихы[өңдеу]
Нигерде адамдар ерте қоныстанған. Чад өзенінің солтүстік-батысынан неолит заманына жататын алуан түрлі айғақтар табылса, Аир үстірті ауданында тасқа салынған бейнелер мен таңбалар сақталған. Бірақ ежелгі тарихы жөнінде деректер мардымсыз. 7 – 19 ғасырларда Нигер жерінің кейбір бөліктері Суданда құрылған мемлекеттердің құрамында болды. 19 ғасырдың басында оңтүстік аудандар Сокота мемлекетіне бағынды. Дегенмен жергілікті халықтың даму деңгейі өте төменгі дәрежеде болды. 19 ғасырда Нигерге еуропалықтар келе бастады. 1822 жылы ағылшын ғалымы Х.Клаппертон, 1853 – 55 ж. неміс Г.Барт, т.б. жергілікті тайпалардың өмірін, діни нанымдарын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс-тіршілігін зерттеді. 1895 – 98 ж. француз отаршылары әскери қамалдар салып, біртіндеп елді жаулап алды. Өзара бастары бірікпеген жергілікті халықтардың оларға тойтарыс беруге шамасы жетпеді. 1904 ж. “Нигер әскери аймағы” Француз Батыс. Африкасы (ФБА) құрамына енді. 1922 ж. Нигер отары ФБА-ның дербес әкімшілік аймағы болып бөлінді. Отаршылар ірі плантациялар ұйымдастырып, халықты метрополияға қажетті мақта, тәтті қамыс, арахис, темекі егуге мәжбүрледі. Жол жасау мен тау-кен қорларын игеруге мыңдаған адамдар тартылды. Нигер халқы француздарға қарсы жиі-жиі (1905 ж. джермалар, 1906 – 14 ж. тубу мен туарегтер, 1914 – 17 ж. туарегтер мен сонгаилар) қарулы көтеріліске шығып тұрды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін ұлт-азаттық қозғалысы күшейіп, 1947 ж. Нигер Франциядан “Теңіздің ар жағындағы аумақ” мәртебесін алды. 1957 ж. жергілікті Ассамблея сайлауында демократиялық күштер жеңіске жетіп, Үкіметтік кеңес мүшелерін сайлады. 1958 ж. 18 желтоқсанда Нигер автономиясы республика мәртебесіне ие болып, 1960 ж. 3 тамызда ұлттық тәуелсіздігін жариялады.
Нигер экономикасы[өңдеу]
1974 ж. елде әскери төңкеріс болды. Шет мемлекеттердің араласуымен 1989 ж. Нигер Конституциясы қабылданып, президент және парламент сайлауы өтті. Елде демократияландыру процесі жүріп, 1991 ж. жаңа конституция қабылданды. Ол бойынша Нигер – унитарлы, зайырлы, демокр. мемлекет болып жарияланды. Бірақ экономиякалық тұрақсыздық жойылмады да, 1996 ж. 27 қаңтарда елде әскери төңкеріс орын алып, мамырда жаңа конституция бекітілді. Қарашада президент және парламент сайлауы өтті. Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері 900 АҚШ доллар шамасында. Халықтың 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жұмыссыздар халықтың 20,9%-ын құрайды. Жерінің 12%-ы егістік және көп жылдық дақылдар егуге жарамды. Елде қазба байлықтар (уран кентасы, қалайы, гипс, ас тұзы, сода) қоры көп. Экспортқа уран кентасы, арахис, ет өнімдері, жеміс-жидектер шығарылса, шикізат, құрал-саймандар, энергия ресурстары, тағы басқа әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Нигерия, Франция. [1]
Сілтемелер[өңдеу]
Әдебиеттер[өңдеу]
- Энциклопедия Африки, т. 1, 2, М., 1987;
- Новейшая история стран Азии и Африки, т. 3, М., 2001.
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
---|
Албания • Алжир • Ауғанстан • Әзірбайжан • Бангладеш • Бахрейн • Бенин • Бруней • Буркина-Фасо • Гвинея-Бисау • Габон • Гайана • Гамбия • Джибути • Ирак • Иран • Йемен • Кот-д’Ивуар • Кувейт • Қазақстан • Камерун • Катар • Комор аралдары • Біріккен Араб Әмірліктері • Қырғызстан • Ливия • Ливан • Марокко • Малайзия • Малдив аралдары • Мали • Мозамбик • Мавритания • Мысыр • Нигерия • Нигер • Өзбекстан • Палестина • Пәкістан • Сауд Арабиясы • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сомали • Судан • Суринам • Сирия • Чад • Тәжікстан • Того • Тунис • Түркия • Түрікменстан • Уганда • Оман • Иордания • Индонезия • Экваторлық Гвинея |
|
---|
Алжир · Ангола · Бенин · Ботсвана · Буркина-Фасо · Бурунди · Гвинея · Гвинея-Бисау · Габон · Гамбия · Гана · Джибути · Эритрея · Эфиопия · Замбия · Зимбабве Камерун · Кабо-Верде · Кения · Конго Демократиялық Республикасы · Конго Республикасы · Кот-д-Ивуар · Комор аралдары · Лесото · Либерия · Ливия · Мадагаскар · Малави · Мали · Мозамбик · Морис · Мавритания · Мысыр · Намибия · Нигер · Нигерия · Оңтүстік Африка Республикасы · Орталық Африка Республикасы · Руанда · Сахара Араб Демократиялық Республикасы · Сейшель аралдары · Сенегал · Сомали · Свазиленд · Судан · Сьерра-Леоне · Танзания · Того · Тунис · Уганда · Чад · Экваторлық Гвинея · |
Бақылаушы елдер: Аустрия • Армения • Грузия • Литва • Мажарстан • Мозамбик • Польша • Словакия • Словения • Сербия • Украина • Хорватия • Чехия
|
---|
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Бангладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсвана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуэла • Вьетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гвинея-Бисау • Гвинея • Гренада • Грузия • Гватемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Эквадор • Армения • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Ямайка • Замбия • Зимбабве •Исландия • Израиль • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Катар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Кувейт • Қазақстан • Америка Құрама Штаттары • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Марокко • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малави • Мали • Малдивтер • Маврикий • Мавритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка Республикасы • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагвай • Пәкістан • Перу • Филиппин • Руанда • Сальвадор • Сауд Арабиясы • Сент-Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайвань • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунис • Түркия • Уганда • Индонезия • Үндістан • Уругвай • Иордания • Фиджи • Хорватия • Чили • Гонконг • Шри-Ланка 1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген: • Австрия • Бельгия • Болгария • Германия • Грекия • Дания • Ирландия • Испания • Италия • Швеция • Кипр • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Мальта • Недерландия •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финляндия • Франция • Чехия • Эстония |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |