Ирак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ирак республикасы
араб.: جمهورية العراق
аль-Джумхури́я аль-Ираки́я
Flag of Iraq.svg Ирак елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Аллаху акбар (الله أكبر)»
Ирак ұлттық әнұраны
Iraq (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні 3 қазан 1932 (Ұлыбританиядан)
Ресми тілі араб тілі,
Елорда Багдад
Ірі қалалары Багдад, Мосул
Үкімет түрі Парламенттік республика[1]
Президенті
Парламент Спикері
Премьер-министрі
Фуад Масум
Салим аль-Джабури
Хайдер Аль-Абади[2]
Мемлекеттік діні Islam symbol plane2 green.png ислам
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 57-орын
435 052 км²
1,1
Валютасы Ирақ динары (د.ع.‏)
Интернет үйшігі .iq
ISO коды IQ
ХОК коды IRQ
Телефон коды +964
Уақыт белдеулері +3

Координаттар: 33°20′00″ с. е. 44°23′00″ ш. б. / 33.333333° с. е. 44.383333° ш. б. (G) (O)

Ирак, Ирак Республикасы (өзд. атауы — араб.: جمهورية العراق
аль-Джумхури́я аль-Ираки́я) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 22,4 млн. адам (1999). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн-нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.

Географиясы[өңдеу]

Iraq 2004 CIA map.jpg

Ирак — Месопотамия жазығындағы Тигр және Евфрат өзендерінің алқыбында орналасқан. Оңтүстік-шығысында Кувейтпен, Оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, Батыста - Иордания және Сириямен, солтүстігінде - Түркиямен шекараласады. Оңтүстік-шығысында Парсы шығанығының суларымен жуылады.

Аумағы — 437.072 км².

Шекараларының жалпы ұзындығы 3.631 км: Иранмен шекарасы — 1.458 км, Иорданиямен — 181 км, Кувейтпен — 242 км, Сауд Аравиясымен — 814 км, Сириямен — 605 км, Түркиямен — 331 км.

Жағалауы: 58 км.

Ең биік жері — Қажы Ибраһим тауы (Haji Ibrahim) 3.600 м.

Климаты құрлықтық, жазы құрғақ және ыстық, қысы - жауынды және суық. Солтүстігінде климаты субтропикалық, оңтүстігінде тропикалық. Қаңтар айының температурасы 7 — 12ºС (тауларында қар жатады), шілде айында барлық жерінде 34ºС (кейде 48ºС жетеді). Жылдық жауын-шашын мөлшері 50-150 мм жазық жерлерде, таулы жерлерінде 1500 мм-ге жетеді.

Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Ирак мухафаздары

Ирак 18 провинцияға (мухафаза) бөлінген.

Мухафаза Әкімшілік орталығы Ауданы,
км²
Халқы,
адам (2011)[3]
Тығыздығы,
адам/км²
1 Багдад Багдад 734 7 055 200 9611,99
2 Салах-эд-Дин Тикрит 24 751 1 408 200 56,89
3 Дияла Баакуба 19 076 1 443 200 75,66
4 Васит Эль-Кут 17 153 1 210 600 70,58
5 Майсан Эль-Амара 16 072 971 400 60,44
6 Басра Басра 19 070 2 532 000 132,77
7 Ди-Кар Эн-Насирия 12 900 1 836 200 142,34
8 Мутанна Эс-Самава 51 740 719 100 13,90
9 Кадисия Эд-Дивания 8 153 1 134 300 139,13
10 Бабиль Хилла 6 468 1 820 700 281,49
11 Кербела Кербела 5 034 1 066 600 211,88
12 Наджаф Эн-Наджаф 28 824 1 285 500 44,60
13 Анбар Эр-Рамади 138 501 1 561 400 11,27
14 Найнава Мосул 37 323 3 270 400 87,62
15 Дахук Дахук 6 553 1 128 700 172,24
16 Эрбиль Эрбиль 14 471 1 612 700 111,44
17 Киркук (Тамим) Киркук 10 282 1 395 600 135,73
18 Сулеймания Сулеймания 17 023 1 878 800 110,37
Барлығы 434 128 33 330 600 76,78

Қалалары[өңдеу]

Ирак картасы
Аты Мухафаза Араб атауы Халқы[4][5]
Эд-Даур Салах-эд-Дин الدور 21 120
Аль-Ауджа Салах-эд-Дин العوجا 8 383
Эль-Кайм Анбар القائم 180 700
Эль-Амара Майсан العمارة 453 426
Афак Кадисия عفك 48 258
Эш-Шамия Кадисия الشامية 25 360
Баакуба Дияла عقوبة 411 867
Багдад Багдад بغداد 9 500 000
Байджи Салах-эд-Дин بيجي 70 190
Балад Салах-эд-Дин بلد 52 214
Басра Басра البصرة 2 300 125
Фаллуджа Анбар الفلّوجة 850 992
Хилла Бабиль الحلة 511 013
Искандария Бабиль إسكندرية 64 823
Эль-Кут Васит الكوت 450 413
Муктадия Дияла المقدادية 36 500
Эс-Самава Мутанна السماوة 155 103
Эн-Наджаф Наджаф النجف 800 137
Насирия Ди-Кар الناصرية 251 095
Сулеймания Сулеймания السليمانية 1 800 371
Таджи Салах-эд-Дин لتاجي‎ 143 794[6]
Дахук Дахук دهوك 600 899
Хадита Анбар حديثة 100 998
Халабджа Сулеймания حلبجة 80 000[7]
Хит Анбар هيت‎ 150 918
Кербела Кербела كربلاء 800 347
Ханакин Дияла خانقين 10 853
Киркук Киркук كركوك 1 200 000
Мосул Найнава الموصل 3 000 096
Самарра Салах-эд-Дин سامراء 130 704
Талль-Афар Найнава تلعفر 450 088
Телль-Кайф Найнава تل كيف 14 327
Тикрит Салах-эд-Дин تكريت 140 052
Умм-Каср Басра أم قصر 11 042
Эд-Дивания Кадисия لديوانية 466 800
Эрбиль Эрбиль أربيل 1 800 636
Эр-Рамади Анбар الرمادي 700 373
Эр-Рутба Анбар الرطبة 130 116
Заху Дахук زاخو 400 215
Эз-Зубайр Басра الزبير 93 000

Табиғаты[өңдеу]

Басты өзендері — Тигр мен Евфрат (екеуі қосылып Шатт әл-Араб өз. деп аталады). Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жағы сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оңтүстік-батысы — шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сирек орманды келеді. Газель, жабайы есек, қасқыр, қабылан, т.б. аңдар мен көкқұтан, бірқазан, қоқиқаз т.б. құстар мекендейді.

Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт.

Тарихы[өңдеу]

Procession of the bull beneath the mound of Nimrud.jpeg
Parfia.jpg

Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур, Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.) өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті, Солтүстік Месопотамияда Ассирия мемлекеті құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды.

762 ж. Бағдат қаласы салынды. Ирак жерін 11 ғ-да салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті, 14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16 ғ-дың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғ-да түріктер Месопотамияны толығымен бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғ-да Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдад және Басра қалаларында Ост-Индия компаниясының агенттіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүниежүзілік саудаға тартылып, шетке арпа, бидей, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге шет ел капиталы ағылып, барған сайын еуропалық мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталды.

1918 ж. Иракты Ұлыбритания жаулап алды. Ағылшындар елде әскери әкімш. орнатты да, жер-жерде көтерілістер басталды. Ағылшын армиясы ол көтерілістерді басып тастады, бірақ елге өзін-өзі басқару билігін беруге мәжбүр болып, 1920 ж. “ұлттық үкімет” құрды. 1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен шарт жасасты. Шарт бойынша ол формальді түрде тәуелсіздік алып, Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери, экономикалық бақылауы сақталып қалды. 2-дүниежүзілік соғыс басталысымен Ирак Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді (5.09.1939), бірақ 1941 ж. оңшыл топтар Германияның қолдауымен мемл. төңкеріс жасады. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын әскерлері басып тастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін халық толқулары қайтадан күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы артты. 1954 ж. И. үкіметі әскери көмек жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24 ақпанда Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдад пактысының негізі қаланды. Халық көтерілістері одан әрі күшейді.

1958 жылғы революция

Нәтижесінде 1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап, республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда ел Бағдад пактысынан шығатынын жариялады және өз территориясындағы шет елдің әскери базаларын жойды, агр. реформа жүргізіле бастады. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған жоқ, ел ішінде көтеріліске шыққан күрд әскерлеріне қарсы әскери қимылдар жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде мемл. төңкеріс болып, үкімет басына Араб социалистік қайта өрлеу партиясы (БААС) келді. Шет елдің мұнай компанияларының бұрынғы кәсіпорындары халық меншігіне айналып, 1974 ж. 11 наурызда Иран Курдстанына автономия берілді. 1980 ж. қыркүйекте Ирак пен Иран арасында соғыс басталды. 1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери қимылдар саябырсыды да, 1990 ж. 15 тамызда екі жақ келісімге келді, 17 — 22 тамыз аралығында Ирак өз әскерлерін Иран территориясынан шығарып әкетті. Екі ел өзара соғыс тұтқындарын алмастырып, қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтірді. 1 тамыз күні түнде (1990 ж.) И. әскерлері Кувейтке басып кірді . 1994 ж. 10 қарашада И. өзінің Кувейттің тәуелсіздігі мен терр. тұтастығын толық мойындайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ирак пен АҚШ арасы күрт шиеленісіп кетті. 1998 ж. 2 рет (ақпан және қараша айларында) екі ел арасындағы жағдай соғыс қаупіне алып келді. Осы жылы желтоқсан айында АҚШ және Ұлыбритания Иракты ракетамен бомбылады (“Шөлдегі дауыл” операциясы). Әскери қақтығыстар мен экон. құрсау елді аса қиын әлеум.-экон. жағдайға алып келді. Халықтың тұрмыс жағдайы күрт төмендеп кетті, азық-түлік, қаржы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі күшейді.

Экономикасы[өңдеу]

Ирак — экономикалық әлуеті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай (65 млрд. т-дан астам), табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак — Иран соғысына дейін ел тек мұнай экспортынан ғана жыл сайын 21 — 26 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде пайда тауып отырды. Ол ақша елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, жаңа индустрия мен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды. Мұнай шығару, мұнай өңдеу, газ өндіру, цемент, электрэнергетика, машина жасау, т.б. өндіріс салалары жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 20%-н құрайды. Астық (бидай, арпа, күріш) өнімдері, өсімдік майлары, көкөніс, құрма, т.б. өсіру жақсы жолға қойылған. Мал шаруашылығы жақсы дамыған (15 млн-нан астам қой мен ешкі, 2,5 млн мүйізді ірі қара бар). 1998 ж. Ирак үкіметі БҰҰ-ның арнайы комиссиясын жұмыс істеткізбей тастады. Сондықтан елге экон. байкот жариялау әлі күнге жалғасып келеді. 2001 — 2002 ж. АҚШ үкіметі Ирак террорлық қастандықтарды қолдайды, “зұлымдық ұясы елдеріне” жатады, сол себепті Ауғанстаннан соң оны соққының астына алып, ел басшысы С.Хусейннің көзін жою керек деген пікірді әлем халықтарына жариялап келеді.

Әдебиеті[өңдеу]

Ирак әдебиеті араб тілінде дамыған. Оның шарықтап дамыған дәуірі — орта ғасырлар. Ол кезде Бағдад шаїары мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің ортасы болған (қ. Бағдад). Алайда, жиі-жиі болған соғыстардан халық есін жия алмай, Ирак әдебиеті құлдырап кетті. 19 ғ-да және 20 ғ-дың басында елде экономика дамып, ұлт-азаттық қозғалысының күшеюіне байланысты мәдени өмір де ілгері басты. Бұл кезде Абу әл-Мухсин әл-Казими (1865 — 1935), Жемәл Сидки әз-Захави (1863— 1936), Мааруф ар-Русафи (1875 — 1945), т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларына ұлт бостандығы үшін күрес тақырыбын арқау етті. Әсіресе, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі (1920) Махди әл-Басири, Мұхаммед әл-Бәкір әл-Хилли, Хейри әл-Хиндави, Хабиб Адиди, т.б. ақындар шығармалары осы тақырыпты терең қозғады. 20 ғ-дың 50-жылдары Ирак әдебиетінде орыс, Еуропа әдебиетінің ықпалымен прозалық шығармалар жазылып, роман жанры қалыптасты. Бірақ көпшілік романдарда схематизм басым болды. Елдегі 1958 жылғы төңкерістен кейін Ирак әдебиеті жан-жақты дами бастады. Солардың ішінен шығармалары халық арасына кең тараған Мұхаммед Махди әл-Джавахири, Бахр әл-Улюм, т.б. ақын-жазушылардың есімін атауға болады.

Өнері[өңдеу]

Ирак территориясынан б.з.б. 4-мыңжылдыққа жататын мәдениет пен өнердің көне ескерткіштері табылған. Ежелгі өркениет орталықтарының бірі — вавилон-ассирия мәдениетінің (Вавилон, Ур, Ниневия, т.б.), Парфян патшалығы (Хатра), Сасани әулеті өнерінің (Ктесифон) көптеген мұралары ашылды. И. араб мәдениетінің қалыптасуында елеулі рөл атқарды. 7 ғ-да Куфа, Басра, 8 ғ-да Уасит, 762 ж. Мадинат ас-Салам (қазіргі Бағдад) қ-лары салына бастады. Аббас әулеті халифатының гүлдену дәуірінде Самаррада күрделі сарайлар ансамблі, зәулім мұнаралы мешіттер, кесенелер тұрғызылды. 12 — 13 ғ-ларда Бағдадта Мустансирия медресесінің кешені, Мосулда Жами әл-Кабирдің үлкен мешіті, т.б. салынды. 13 — 15 ғ-лардағы Шыңғыс хан империясы шапқыншылығынан кейін құрылыс салу ісі тоқырады. 20 ғ-ға дейін тұрғын үйлер салу ісі дәстүрлі жобамен жүргізіліп келді. 20 ғ-дағы ұлт-азаттық қозғалыс пен 1958 жылғы көтеріліс жаңа сипаттағы архитектураның дамуына жағдай жасады. Аббас әулеті дәуіріндегі Ирак бейнелеу өнері қабырғаға, ағашқа ойып салынған бейнелер мен бедерлер арқылы белгілі. 12 — 13 ғ-ларда Бағдад пен Солтүстік Иракта кітап көркемдеу ісі дами бастады. Орта ғасырларда тұрмыстық бұйымдарды оймыштап, өрнектеп жасау кең өріс алды. И-та кескіндеме (Абд әл-Кадер Рассам, т.б.) 20 ғ-да пайда болды. Ирак музыка мәдениетіне ежелгі араб өркениеті негіз болды, ол араб музыкасының бір тармағына айналды, музыка аспаптары: уд, рабаб, гиджак, канун, най, дуфф, т.б. И-тың халықтық және кәсіби музыкасы сан алуан мақамдармен сипатталады. Халық әндерінің арасындағы кең тарағаны — атаба (шағым) ән жанры. Ирактың муз. өмірінің орт. — Бағдад. Бағдад радиосының жанында Шығыс муз. оркестрі, хор және әншілер тобы жұмыс істейді. 1971 ж. Ұлттық симф. оркестр құрылды. Музыкалық мамандары Әсем өнер академиясында (1940) тәрбиеленеді. 20 ғ-дың 20-жылдарының аяғында кәсіби театр құру жолындағы алғашқы қадамдар жасалды. 1929 ж. орта мектеп оқушылары Бағдадта Ирак ұлттық театрының труппасын құрды, ансамбль ұйымдастырды. 1935 ж. осындай үлгіде студенттер мен қызметкерлер құрған труппалар Бағдадта, Басрада, Мосулда жұмыс істей бастады. Бағдадта Әсем өнер академиясы маман актерлер даярлап шығарады. Артистер академия ұйымдастыратын концерттерде және радио, телевизия арқылы өнер көрсетеді. Ел арасында халық аспаптарының сүйемелдеуімен эпикалық поэмалар мен өлеңдерді мақамдап орындаушылардың өнері зор табыспен өтеді. Ирак кинематографиясы 20 ғ-дың 40-жылдарының орта шенінен дами бастады. Осы жылдары “Шығыс балалары”, “Ләйлі Иракта”, “Әлия мен Иссам”, т.б. фильмдер қойылды. 20 ғ-дың 50-жылдары кедейлер өмірін көрсетуге арналған фильмдер шығарылды. Елде кино мен театр жұмыс істейді (1959 жылдан).


  1. 2005 ж. референдумда қабылданған конституция бойынша.
  2. | euronews
  3. City Population — Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the World
  4. Iraq: largest cities and towns and statistics of their population. World Gazetteer. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 тамыз 2011. Тексерілді, 5 маусым 2008.
  5. Unless specified otherwise, the population number was obtained from the World Gazetteer.
  6. At Taji, Iraq Page. FallingRain. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 тамыз 2011. Тексерілді, 5 маусым 2008.
  7. The Earth Dies Screaming Feed. The Earth Dies Screaming. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 тамыз 2007.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 маусым 2008.