Орталық Африка Республикасы
République Centrafricaine Ködörösêse tî Bêafrîka Central African Republic
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
||||||
Ұраны: Unité, Dignité, Travail (Француз тілі) "Unity, Dignity, Work" |
||||||
Әнұраны: "La Renaissance" (Француз тілі) "E Zingo" (Sango) |
||||||
Елордасы (және ең ірі қаласы) |
Bangui |
|||||
Ресми тілдері | Sango, Француз тілі | |||||
Үкімет түрі | Республика | |||||
— | President | - | ||||
— | Prime Minister | Nicolas Tiangaye | ||||
Тәуелсіздік | from Франция | |||||
— | Date | August 13 1960 | ||||
Аумағы | ||||||
— | Барлығы | 622 984 км² (43rd) Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi |
||||
— | Су (%) | 0 | ||||
Жұрты | ||||||
— | 2005 сарап. | 4,038,000 (123rd) | ||||
— | 2003 жұрт санағы | 3,032,926 | ||||
ЖІӨ (АҚТ) | 2005 сарап. | |||||
— | Бүкіл | $4.63 billion (153rd) | ||||
— | Жан басына шаққанда | $1,128 (167th) | ||||
АДИ (2004) | 0.353 (low) (172nd) | |||||
Ұлттық ақшасы | CFA franc (XAF ) |
|||||
Уақыт белдеу(лер)і | WAT (UTC+1) | |||||
— | Жазғы уақыт | not observed (UTC+1) | ||||
Интернет үйшігі | .cf | |||||
Телефон белгілемесі | +221 |
Орталық Африка Республикасы (ОАР) – Африканың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.
Жер аумағы | 623 мың км2 |
Халқы | 4 млн. (2004) |
Жергілікті тұрғындары | банда, гбайя, мака, бакаре, санго, манджа, сара, т.б. |
Астанасы | француз,санго |
Ресми тілі | француз және санго |
Мемлекет басшысы | президент |
Жоғарғы заң шығарушы органы | екі палаталы конгресс |
Жоғарғы атқарушы органы | үкімет |
Ақша бірлігі | франк |
Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі – француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсан – Республика күні (1958). БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.
Орталық Африка Республикасының географиялық жағдайы
ОАР Конго және Шари өзендерінің алабында орналасқан. Елдің көпшілік бөлігін Азанде (биіктігі 600 – 900 м) қыраты алып жатыр. Солтүстік Чад көлінің оңтүстік жағалауындағы жазықпен және Фертип, Яде т.б. тау жұрнақтарымен ұласады. Климаты экваторлық-муссондық, ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы 310С, қыс айларында 210С. Солтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 –1200 мм, оңтүстігінде 1600 мм. Ірі өзендері – Убанги, Мамбере, Кадей (Конго өз-нің алабы) және Уам, Грибинги, Бахр-Аук, (Шари өз-нің алабы). Биік шөпті саванна басым. Мұнда қызыл латеритті және темір тотықты топырақ қабығы тараған. Оңтүстігіндегі шетіндегі қызыл-сары латеритті өңірде ылғалды экваторлы орман өседі. Піл, мүйізтұмсық, буйвол, антилопа, жираф, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл, өзендерінде гиппопотам, қолтырауын, құстың көптеген түрлері кездеседі.
Орталық Африка Республикасы халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы
ОАР халықтарының ежелгі және ортағасырлық тарихы аз зерттелген. Тау-кен қазбаларынан табылған заттарға қарағанда, ОАР жерін адам баласы ежелгі заманда мекендеген. Араб жазбаларынан XVI ғасырда ОАР аумағыннда Гаога мемлекеті құрылғаны белгілі. XVIII ғасырдың аяғында ОАР-дың солтүстік-батыс бөлігі Багирми және Дарфур мемлекеттерінің құрамына кірді. Оларда ислам діні күшті дамыды. XIX ғасырдың соңында ОАР жерінің үлкен бөлігі Раббаха мемлекетінің құрамында болды. Аталған мемлекеттер құл иеленушілік құрылыста өмір сүрді. 1894 жылы Франция тайпалар арасындағы алауыздықты пайдалану, сатып алу, қатал жазалау жолымен Убанги және Шари өзендерінің аралығын басып алып, 1910 жылы Француз Экваторлық Африкасының құрамына қосты. Ел байлығы ірі француз компанияларына берілді. 1907 жылы отаршыларға қарсы қозғалыс басталып, екі жылға созылды.
I дүниежүзілік соғыстан кейін 1926 жылы белгілі қоғам қайраткері Андре Гренар Матсуа Парижде “Француз Экваторлық Африкасы тұрғындарының ассоциациясын” құрып, бейбіт жолмен отаршыларға азаматтық бағынбаушылық қозғалысын ұйымдастырды. Бұл қозғалыстар 1928 жылы жаппай бас көтерулерге ұласты. Бірақ көтерілістер мен бас көтерулердің барлығы күшпен басылды. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін елде ұлт-азаттық қозғалысы өрістеді. 1946 жылы убангилік священник Бартелеми Боганда елде алғашқы ұлттық партияның негізін қалады. Көп ұзамай Францияда басталған реформаларға байланысты 1958 жылы 1 желтоқсанда Убанги – Шари аймағы Француз бірлестігі құрамында ОАР болып жарияланып, автономиялық құқыққа ие болды. Тұңғыш үкіметті Б.Боганда басқарды. 1959 жылы ақпанда елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, 1960 жылы 13 тамызда Француз бірлестігі көлемінде ОАР-дың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ 1966 жылы 1 қаңтарда елде мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет билігі Ж.Б. Бокасса бастаған әскерилердің қолына көшті. 1976 жылы Бокассо император болып жарияланды. Ол елде тоталитарлық тәртіп орнатты. 1980 – 81 жылдары төңкерістер қайта жалғасты. Елде экономика құлдырап, Франция, АҚШ компанияларының үстемдігі күшейді. 1994 жылы жаңа конституция қабылданып, ОАР президенттік республика болып жарияланды.
ОАР әлемдегі артта қалған елдер қатарына жатады. Елдің сыртқы қарызы 1,1 млрд. АҚШ доллары Халықтың 80 – 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экспортқа алмас, мақта, кофе, темекі, ағаш шығарылса, импорт ретінде машиналар және жабдықтар, азық-түлік, химия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Бенилюкс елдері одағы, Жапония, ГФР, Италия, Испания. [1] [2]
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
- ↑ Страны мира, М., 1999; Новейшая история стран Азии и Африки, т. 1, 3, М., 2001.
|
---|
Алжир · Ангола · Бенин · Ботсвана · Буркина-Фасо · Бурунди · Гвинея · Гвинея-Бисау · Габон · Гамбия · Гана · Джибути · Эритрея · Эфиопия · Замбия · Зимбабве Камерун · Кабо-Верде · Кения · Конго Демократиялық Республикасы · Конго Республикасы · Кот-д-Ивуар · Комор аралдары · Лесото · Либерия · Ливия · Мадагаскар · Малави · Мали · Мозамбик · Морис · Мавритания · Мысыр · Намибия · Нигер · Нигерия · Оңтүстік Африка Республикасы · Орталық Африка Республикасы · Руанда · Сахара Араб Демократиялық Республикасы · Сейшель аралдары · Сенегал · Сомали · Свазиленд · Судан · Сьерра-Леоне · Танзания · Того · Тунис · Уганда · Чад · Экваторлық Гвинея · |
Бақылаушы елдер: Аустрия • Армения • Грузия • Литва • Мажарстан • Мозамбик • Польша • Словакия • Словения • Сербия • Украина • Хорватия • Чехия
|
---|
Албания • Алжир • Ауғанстан • Әзірбайжан • Бангладеш • Бахрейн • Бенин • Бруней • Буркина-Фасо • Гвинея-Бисау • Габон • Гайана • Гамбия • Джибути • Ирак • Иран • Йемен • Кот-д’Ивуар • Кувейт • Қазақстан • Камерун • Катар • Комор аралдары • Біріккен Араб Әмірліктері • Қырғызстан • Ливия • Ливан • Марокко • Малайзия • Малдив аралдары • Мали • Мозамбик • Мавритания • Мысыр • Нигерия • Нигер • Өзбекстан • Палестина • Пәкістан • Сауд Арабиясы • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сомали • Судан • Суринам • Сирия • Чад • Тәжікстан • Того • Тунис • Түркия • Түрікменстан • Уганда • Оман • Иордания • Индонезия • Экваторлық Гвинея |
|
---|
CAR = Central African Republic DRC = Democratic Republic of the Congo |
|
---|
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Бангладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсвана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуэла • Вьетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гвинея-Бисау • Гвинея • Гренада • Грузия • Гватемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Эквадор • Армения • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Ямайка • Замбия • Зимбабве •Исландия • Израиль • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Катар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Кувейт • Қазақстан • Америка Құрама Штаттары • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Марокко • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малави • Мали • Малдивтер • Маврикий • Мавритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка Республикасы • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагвай • Пәкістан • Перу • Филиппин • Руанда • Сальвадор • Сауд Арабиясы • Сент-Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайвань • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунис • Түркия • Уганда • Индонезия • Үндістан • Уругвай • Иордания • Фиджи • Хорватия • Чили • Гонконг • Шри-Ланка 1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген: • Австрия • Бельгия • Болгария • Германия • Грекия • Дания • Ирландия • Испания • Италия • Швеция • Кипр • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Мальта • Недерландия •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финляндия • Франция • Чехия • Эстония |