Мианма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ပ္ရည္‌ထောင္‌စုမ္ရန္‌မာနုိင္‌ငံတော္‌
Pyi-daung-zu Myan-mar Naing-ngan-daw
Мьянма Одағы
Мьянма байрағы Мьянма елтаңбасы
ӘнұраныKaba Ma Kyei
Мьянма орналасуы
Елордасы Нейпидо1
19°45′N, 96°12′E
Ең ірі қаласы Янгон
Ресми тілдері мианма
Үкімет түрі Әскери хунта
 —  Төраға, БДМК Тһан Шуе, Генералиссимус
 —  Премьер-министр Сое Уин
Тәуелсіздік Құрама Патшалықтан 
 —  Күн-айы 1948 ж. қаңтардың 4 
Аумағы
 —  Барлығы 676 578  км² (40-шы)
261 228 sq mi 
 —  Су (%) 3,06
Жұрты
 —  2005 ж. шілде сарап. 505190002 (24-ші)
 —  1983 жұрт санағы 33234000 
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $93,77 млрд (59-шы)
 —  Жан басына шаққанда $1691 (150-ші)
АДИ (2004) Green Arrow Up Darker.svg 0,581 (орташа) (130-шы)
Ұлттық ақшасы киат (K) (mmK)
Уақыт белдеу(лер)і MMT (UTC+6:30)
Интернет үйшігі .mm
Телефон белгілемесі +95
1Some governments recognize Yangon as the national capital.
2Estimates for this country take into account the effects of excess mortality due to AIDS; this can result in lower life expectancy, higher infant mortality and death rates, lower population growth rates, and changes in the distribution of population by age and sex than would otherwise be expected.

Бирма, Мианма, Мианма ОдағыАзияның Оңтүстік-Шығысындағы Бенгал шығанағы жағалауына орналасқан мемлекет.

Мьянма[1] Мьянма Одағы – Оңтүстік-Шығыс Азияда [2], Үндіқытай [3] түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 678,5 мың км². Халқы – 41,7 млн. (2000). Астанасы – Нейпидо қаласы(3,5 млн.). Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этн. топтардың саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон[4], т.б. Мемлекеттік тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Халқының 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару жүйесі – республикалық. Жоғарғы заң шығарушы органы – Бейбітшілік пен дамудың Мемлекеттік Кеңесі (БПДМК). Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы – БПДМК-нің төрағасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қаңтар (1948). Ақша бірлігі [5]кьят (чжа). 1948 жылдан Біріккен Ұлттар Ұыйымына мүше.

Табиғаты[өңдеу]

Мьянма аумағының көпшілік бөлігін таулар мен үстірттер алып жатыр. Батысында Ракхайн мен Пакхайн таулы қыраттары, шығысында Билауктонг қыраты орналасқан. Мьянмада бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азияның ең биік жері – Кхакаборази[6] (5881 м) шыңы орналасқан. Елдің орталығы мен оңтүстік бөлігі кең жазық. Осы жазық арқылы Мьянманың басты Иравади өзені ағып өтеді. Мьянмада әр түрлі пайдалы қазбалар (мұнай, қалайы, вольфрам, мырыш, мыс, қорғасын, көмір, табиғи газ, қымбат бағалы тастар) кездеседі. Жерінің 15%-ы егіншілікке жарамды. Негізгі климаты – тропиктік муссондық, оңт-те – субэкваторлық. Мьянмада муссондардың әсер етуіне байланысты жыл мезгілі салқын (қарашаақпан), ыстық (наурызмамыр) және жауынды (маусымқазан) маусымдарға бөлінеді. Салқын маусымға жиі соғатын тозаңды дауылдар тән. Салқын кезеңдегі орташа температурасы 20 –25С-қа, ыстық кезеңде 30 – 32С-қа тең. Ішкі жазықтардағы жылдық жауын-шашын мөлш. 500 мм, тау беткейлерінде 3500 мм-ге дейін жетеді. Мьянманың өсімдіктер дүниесі өте бай. Мұнда мәңгі жасыл ағаштар мен бұталардың 700-ден астам, көп жылдық шөптесін гүлдердің 700-ден аса, шай тұқымдас бұталардың 80 түрі, пальма мен бамбук ағаштарының 70 түрі, папоротниктердің 400-ден аса түрлері өседі. Тау баурайларында мәңгі жасыл ормандар, орт. аудандарда аралас ормандар мен саванналар орналасқан. Мьянмада тропиктік аймақтарға тән жануарлар дүниесімен (мысық тұқымдастар, жыландар, маймылдар, құстар, т.б.) бірге жер бетінде сирек кездесетін малай тапирлері, үнді-малай кірпілері, мүйізтұмсықтар, ақ қасты гиббондар, алып қырғауылдар (ұзындығы 1,7 – 2 м шамасында), Иравадидегі тұщы суда өмір сүретін дельфиндер кездеседі.

Тарихы.[өңдеу]

Адамдар Мьянманы тас дәуірінен мекендей бастады. Қазіргі Мьянма аумағында алғашқы мемлекеттік құрылымдар (Мон, Пиу) б.з. бас кезінде пайда болды. 11 ғасырға дейін Шрик-Шетра, Аракан, т.б. көптеген ұсақ иеліктер құрылды. 11 ғасырдың бас кезінде Паган (мьянма халқының ежелгі мемлекеті) корольдігі ұсақ мемлекеттерді өзіне бағындырды. 13 ғасырдың соңында корольдік моңғолдардың шабуылына ұшырады. Бірақ моңғол үстемдігі көпке созылмай, елдің тәуелсіздігі қалпына келтірілді. 16 ғасырда Тангу мемлекеті[7] күшейіп, ел біріге бастады. 1752 жылы Пегу[8] мемлекетін құрған Мон билеушілері Тангу мемлекетін өзіне бағындырды. 19 ғасырдың бас кезінен бастап француз отаршылары Үндіқытай түбегіне ішкерілеп ене бастады. Бұған жауап ретінде өлыбритания 1824 жылы Төм. Бирманы, 1855 жылы елдің бүкіл аумағын басып алды. Мьянма 1886 жылдан Бирма [9] деген атпен Британ империясының отарына айналып, 1886 – 1937 жылы Британ Үндістанының құрамына енгізілді. 1937 жылы тікелей Британ Достастығы құрамына кіріп, ішінара өзін-өзі басқару құқығына ие болды. 1942 – 45 жылдары Мьянманы жапондар жаулап алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Мьянма жерін мекендеген аз санды халықтар өзін-өзі билеу құқығын талап ете бастады. Нәтижесінде 1948 жылы 4 қаңтарда тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланған Бирма мемлекеттерінің федерациясы құрылды. 1962 жылы елде төңкеріс болып, өкімет басына әскерилер келді. 1989 жылдан ел Мьянма (Мьянма Одағы) [10] деп атала бастады. 1990 жылы Мьянмада негізгі оппозициялық партия (Демократиялық партия) сайлау нәтижесінде жеңіске жеткенмен, билікте әлі де әскери режим сақталған.

Экономикасы.[өңдеу]

Мьянма – ауыл шаруашылығы басым дамыған ел. Соңғы онжылдықта экономикалық дағдарысты басынан өткеруде. Үкімет 40 жылдай қатал мемлекеттік басқарудан соң жеке кәсіпкерлік пен шет ел инвестициясына қолдау көрсету жолымен экономиканы жандандыруға әрекеттенуде. Өнеркәсіптің неғұрлым маңызды салалары: тау-кен, мұнай өндіру, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, балық аулау мен ағаш дайындауды қоса есептегенде ұлттық жалпы өнімнің 40%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – күріш өсіру. Бидай[11], қант құрағы, жүгері, каучуктік дақылдар да өсіріледі. Импортының негізін ауыр машина жасау өнімдері мен көлік құрал-жабдықтары құрайды. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 1290 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Қытай[12], Үндістан[13], Сингапур, Тайланд, Жапония.[14]

Жағрапиясы[өңдеу]

Мианмада жыл бойы ыстық болып тұрады, соның өзі жазғы – жаңбырлы, қысқы – қуаңшылықты екі маусымға бөлінеді. Кеме жүзетін үлкен өзен Иравади солтүстіктен оңтүстікке қарай бүкіл елді қақ жара ағып жатыр. Мианмалықтардың көпшілігі осында тұрады. Ал шекаралық аудандары түгелдей тропикалық қалың орманды, биік таулы болып келеді. Бұл тауларда әр түрлі тайпалар мекендейді.

Тарихы[өңдеу]

1044-1287 жж. осы жерде Банган патшылығы болды. Бірақ 13 ғасырда монғолдың Хубилай Ханы Банганың елордасы Татон қаласын басып алды. 1531-1752 жж. бирмалар Таунго патшылығын құрды.

Бирма көп жылдар Англияның отары болды. Ол 1948 ж. ғана тәуелсіздік алды. 1962 ж. Революциялық Кеңес өкімет басына келді. Өнеркәсіп орындарының басым көпшілігі мемлекет меншігіне алынды. Елде маңызды демократиялық өзгерістер жүзеге асырылуда. Республика дамудың либералдық жолына түсті.

1988 жж. әскерилер төңкеріс жасап, өкіметті өз қолдарына алған. 1989 олар Бирма атауын Мьянма Одағына өзгертті.

2005 ж. елордасы Янгондан Нейпидоға көшірілді.

Қалалары[өңдеу]

Көптеген бирмалықтар қазірдің өзінде биік қадарладың үстінде салынған үйлерде тұрады. Қабырғалары тоқымалы, верандасы бар, шатырлы салбыраңқы үйлер ағаштан немесе бамбуктен жасалады. Ең ірі қаласы – Янгон, ол мемлекеттік кейнгі елордасы. Ал қазіргі елордасы – Найпидау қаласы.

Мәдениеті,халқы.[өңдеу]

Инле көлі.[өңдеу]

Тарихи маңызы зор орындар мен ғимараттар.[өңдеу]

Жазуы.[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

Ішкі сілтемелер[өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

Ресми сілтемелер[өңдеу]

Ағылшын тіліндегі сілтемелер[өңдеу]

Орыс тіліндегі сілтемелер[өңдеу]

Дереккөздер:[өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Васильев В.Ф., Очерки истории Бирмы 1885 – 1947, М., 1982
  3. Страны мира, полный универсальный информационный справочник, М., 2004
  4. Страны мира, энциклопедический справочник, Минск, 1999
  5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VI том
  6. Кауфман А. С. Бирма: идеология и политика. М., 1973. - 396 с.
  7. Минаев И.П. Дневник путешествий в Индию и Бирму. 1880 и 1885—1886, М., 1955
  8. Кауфман А.С. Современная Бирма. М.: Знание, 1956.- 29 с
  9. Кауфман А.С.Государственный строй Бирмы. М.: Госюриздат, 1959.- 82 с.
  10. Бирма. Справочник. М., 1962
  11. Всеволодов И. В. Бирма: религия и политика. М., 1978.
  12. Листопадов Н.А. Бирма. Страна к югу от горы Меру. М.: Институт востоковедения РАН, 2002. - 192 с.
  13. Бирма и Китай (Проблемы взаимоотношений) М., 1982.
  14. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.