Намибия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Намибия Республикасы
африк. Republiek van Namibië
Flag of Namibia.svg Намибия елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Намибия, Батырлар өлкесі»
Намибия ұлттық әнұраны
Location Namibia AU Africa.svg
Тәуелсіздік күні Наурыздың 211990 жыл (ОАРдан)
Ресми тілдері Ағылшын
Елорда Виндхук
Ірі қалалары Виндхук
Үкімет түрі республика
Президент
Премьер-министр
Хификепунье Похамба
Хаге Гейнгоб
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 33-і-орын
825 418 км² км²
Жұрты
• Сарап (2013)
Тығыздығы

2 358 163 адам (140-ы)
2,2 адам/км²
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2005)
  • Жан басына шаққанда

$15.14 миллиард $ (123-ы)
$7,478 $ (83-ы)
АДИ  0.626 (орташа) ([[Адам даму индексі бойынша елдер тізбесі|]])
Валютасы Намибия доллары
Интернет үйшігі .na
ISO коды NA
ХОК коды NAM
Телефон коды ++264
Уақыт белдеулері UTC +1, UTC +2

Мәліметтер мәнінің белгісіз түрі.

Намибия Республикасы[1]Африканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аум. 825,4 мың км2. Халқы 1,9 млн. (2004). Тұрғындарының 86%-ы жергілікті тайпалар (овамбо, каванго, гереро, дамара, т.б. этн. топтар), 6%-ы еуропалықтар, қалғандары түрлі ұлт өкілдері. Астанасы – Виндхук. Ресми тілі – ағылшын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық ассамблея, Ұлттық кеңес). Халқының көпшілігі – христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. Ұлттық мерекесі 21 наурыз – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – намибия доллары.

Аумағы[өңдеу]

Намибия Республикасы аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы-қыратты. Ең биік жері – Брандберг [2]тауы (2600 м). Атлант мұхитының жағалауы тегіс келеді. Уолфиш-Бей және Людериц табиғи су қоймалары бар. Жерінің 20%-ын Намиб шөлі алып жатыр. Климаты тропиктік, өте қуаң. Ең жылы айы – қаңтардағы орташа темп-ра 18 – 27С, ең салқын айы – шілдеде 12 – 16С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 500 – 700 мм, теңіз жағалауында 10 – 50 мм. Намиб шөлінің өсімдік жамылғысы өте жұтаң, таулы үстірттің беткейлерінде негізінен ксерофиттік бұталар, жоғары жағында шөлдік және шөлейттік саванна өседі.

Халқы[өңдеу]

Намибия Республикасы жерін мекендеген тайпалардың ерте және орта ғасырлар тарихы жөніндегі мәліметтер сақталмаған. Жергілікті готентоттар (кой-коиндар), таулық дамарлар, бушмендер мен банту тілі тобына жататын халықтар 19 ғ-дың басында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау сатысында тұрды. Намибия Республикасы жеріне Еуропадан алғаш португалдықтар келді. 1878 ж. Ұлыбритания Уолфиш-Бей аймағын өз иелігі деп жариялады. Қалған бөлігін 1884 ж. Германия отарлап алды. 1920 ж. Ұлттар лигасы елді басқару мандатын Оңтүстік Африка Республикасына (ОАР) берді. 1949 ж. мандатты аумақтар БҰҰ-ның қарауына өтуі керек болғанда ОАР оны беруден бас тартып, құрамына қосып алды. 1990 ж. Намибия Республикасы тәуелсіздігін жариялады. 1994 ж. ОАР құрамындағы өзінің Уолфиш-Бей аумағын қайтарып алды.

Экономикасы[өңдеу]

Намибия Республикасы экономикасының негізі тау-кен өндірісінен тұрады. Мал шаруашылығының басты саласы – қаракөл қойын өсіру. Экспортқа алмас, уран, түсті металдар, қаракөл елтірісі шығарылып, сырттан азық-түлік, отын және тұтыну бұйымдары әкелінеді. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлш. 3600 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: ОАР, АҚШ, Германия, Ұлыбритания.

Қызықты дерек[өңдеу]

Намибия елтаңбасында Таңғажайып вельвичия белгіленген

Үлгі:Former German colonies Үлгі:South Atlantic Ocean Үлгі:Member states of the SADC

Сілтемелер[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиеттер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
  2. Страны мира. Полный универсальный информационный справочник, М., 2004