Маврикий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Republic of Mauritius
Маврикий
Маврикий байрағы Маврикий елтаңбасы
Ұраны"Stella Clavisque Maris Indici"  (Латын тілі)
"Star and Key of the Indian Ocean"
ӘнұраныMotherland (Отан)
Маврикий орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Порт-Луи
20°10′S, 57°31′E
Ресми тілдері Ағылшын тілі
Креол тілі
Француз тілі
Үкімет түрі Республика
 —  Президент Anerood Jugnauth
 —  Премьер-министр Navinchandra Ramgoolam
Тәуелсіздік Құрама Патшалығынан 
 —  алғаны Наурыздың 12 1968 
 —  республика болғаны Наурыздың 12 1992 
Аумағы
 —  Барлығы 2 040  км² (179)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 0.05
Жұрты
 —  2008 сарап. 1,288,000 (151-ші)
ЖІӨ (АҚТ) 2010 сарап.
 —  Бүкіл $9.729 миллиард 
 —  Жан басына шаққанда $7,593 
АДИ (2010) Green Arrow Up Darker.svg 0.701 (жоғары) (72-ші)
Ұлттық ақшасы Маврикий рупиі (MUR)
Уақыт белдеу(лер)і Маврикий уақыты (UTC+4)
 —  Жазғы уақыт көшпейді (UTC+4)
Интернет үйшігі .mu
Телефон белгілемесі +230

Маврикий (ағылш. Mauritius, фр. Maurice), ресми Маврикий Республикасы (ағылш. Republic of Mauritius, фр. République de Maurice) — Үнді мұхитындағы аралдардан құралған мемлекет. Африканың оңтүстік-шығыс жағалауынан шамамен 2000 км қашықтықта орналасқан. Астанасы әрі ең ірі қаласы — Порт-Луи.

Маврикийдің ескі жалауы
Маврикий

Маврикий — ұлттардың "қоспасы". Олар мұнда көптеген ғасырлар бойы дүниедегі басқа құрлықтар мен елдерден: Еуропадан, Азиядан және Мадагаскардан келген. Олар өздерімен бірге өздерінің әдет-ғұрыптарын, тілдерін, діни наным-сенімдерін ала келді.

Мемлекеттік құрылысы[өңдеу]

Әкімшілік бөлінісі[өңдеу]

Маврикий 9 округке және 3 территорияға бөлінеді.

Климаты[өңдеу]

Климатытропиктік, ыстықты оңтүстік-шығыстан соққан пассаттар әлсіретеді. Маврикийде екі: сөуірден қыркүйекке дейін созылатын қысқы (ауаның орташа темпертурасы түнде +17°С, күндіз +23°С) және қазаннан наурызға дейін созылатын жазғы (ауа температурасы түнде +25°С, күндіз +30, ылғалдығы 80%, жағалаудағы судын температурасы 20—26°С аралығында) маусым байқалады. Аралда салқын маусымдар болмайды.

Теңіз жағалаулары әрқашан тыныш, арал су асты жартастарының тұтас бөгетімен қоршалған. Көптеген тропиктік елдерден айырмашылығы — Маврикий құрғақ, жауыннан кейін де ылғалдың молдығы сезілмейді.[1]

Тарихы[өңдеу]

Маврикий аралы араб саяхатшыларына 10 ғ-дан белгілі. 16 ғ-ға дейін халых мекендемеген. 16 ғасырдың басында бірінші болып португалдықтар келді. 1598 ж. аралдары голландықтар иемденіп, Шығ. Африкадан құлдар әкеле бастады. 1715 ж. Маврикийді Франция, 1810 жылы Ұлыбритания жаулап алды. Аралда 1695, 1724, 1732 және 1794 жылдпры отаршылдарға қарсы ірі-ірі көтерілістер болды. 1935 ж. 1936 ж. алғашқы саяси партия—лейбористік партия (ЛП) ұйымдастырылды. Маврийкидеде ұлттық үкімет 1964 ж. құрылды. Аралдағы ұлт-азаттық қозғалысының дүмпуімен, 1965 жылы Лондон конституциялық конференциясында Маврийкигеге 1966 жылдан кешіктірмей тәуелсіздік беру туралы шешім қабылданды. Бірақ Ұлыбритания бұл шешімді әр түрлі сылтаумен кейінге қалдырып, жүзеге асырмады. Тек 1968 жылгы 12 наурызда Ынтымақ елдері көлемінде тәуелсіздік алды. 1969 ж. Маврийкийде ЛП, Маврикий с.-д. партиясы (1955 ж. құрылған) және мұсылмандық әрекет комитеті партиясыныц (1958 ж. құрылған) үкімет коалициясы ұйымдастырылды. 1970-71 жылдары елде ірі-ірі ереуілдер болды. 1971 жылдың желтоқсан айынан бастап Маврийкиде төтенше жағдай жарияланып ол 1978 жылдың наурыз айына дейін созылды. 1992 жылдың 12 наурызынан бастап Маврикий Республикасы атанды.

Экономикасы[өңдеу]

Өнеркәсібі — қант құрағы мен шәй жапырағын өңдейтін, кеме жөндейтін кәсіпорындардан құралады. Жүк тасымалында теңіз транспортының үлесі басым. Соңғы кезде офшор аймағы ретінде банк бизнесі дамып келеді. Сол сияқты балық және теңіз өнімдерін өңдеу дамуда.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Үлгі:Indian Ocean Үлгі:Member states of the SADC

Үлгі:Indo-Iranian-speaking