Марокко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Марокко
араб.: ‎المملكة المغربية
(әл-Мәмләкә әл-Мағрибия)
Flag of Morocco.svg Марокко елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «араб.: ‎الله، الوطن، الملك
(Allāh, al Watan, al Malik — «Аллаһ, Отан, Патша»)»
Марокко ұлттық әнұраны
Morocco (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні 2 наурыз 1956 (Франциядан)
Ресми тілі Араб тілі, Тамазигхт тілі
Елорда Рабат
Ірі қалалары Касабланка (Мағриб), Рабат, Марракеш, Фес, Танжер
Үкімет түрі Конституциялық монархия
Патша
Премьер-министр
Мохаммед VI
Абделилах Бенкиран
Мемлекеттік діні ислам
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 57-орын
446 550 км²
0,056
Жұрты
• Сарап (2014)
Тығыздығы

33,848,242 адам (39)
73.1 адам/км² (122)
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

168,900 млрд[1] $ (60)
5200[1] $
Этнохороним 80% арабтар, 19% берберлер, 0,3% француздар, испандар және басқа, 0,1% жергілікті халық
Валютасы Мағриб дирхамы
Интернет үйшігі .ma
ISO коды MA
ХОК коды MAR
Телефон коды +212
Уақыт белдеулері +0

Координаттар: 31°51′00″ с. е. 6°24′00″ б. б. / 31.85° с. е. 6.4° б. б. (G) (O)

Марокко (араб.: المغرب‎‎‎ — әл-Мағриб — «батыс», Мағриб әл-Акса — «алыс батыс», Мағриб деп аталады) — Мағриб патшалығы, әл-Мәмләкә әл-Мағрибия Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Мағриб Патшалығы (араб.: المملكة المغربية‎‎‎ — әл-Мәмләкә әл-Мағрибия). Араб тілінен аударғанда Мағриб - батыс, яғни, "Батыс Патшалығы" (бұл Арабтардың батыстағы мемлекеті) деген мағына береді.

Жер аумағы 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы — Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Мағриб — конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы — патша. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем.

Табиғаты[өңдеу]

Мағриб жері таулы келеді. Ел аймағындағы орташа және биік таулар қыратты жазықтармен, үстірттермен ұласады. Оңтүстік-батысынан солтүстік-шығысына қарай Атлас таулары созылған. Жерорта теңізінің жағалауы Эр-Риф тауына жалғасады. Климаты негізінен субтропиктік , солтүстігінде жерорта теңіздік. Шілденің орташа температурасы 24 — 28С, қаңтарда 10 — 12С. Жылдық жауын-шашын мөлшері — таулы өңірде 1000 мм, елдің оңтұстік бөлігінде 200 мм, Сахара шөліне көршілес өңірде 100 мм. Мағрибта тұрақты ағынды өзендер аз. Біршама ірі өзендер қатарына Мулуя, Себу, УмМароккоәр-Рабия, Тенсифит жатады. Бұлар Атлант мұхитына, Жерорта теңізіне құяды. Елдің таулы және солтүстік-батыс бөліктері қалың орманды келеді. Емен, самырсын, қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жануарлардан жылан түрлері, тасбақа, жабайы шошқа, макака маймылы, қорқау қасқыр, сілеусін, түлкі, т.б. кездеседі.

Тарихы[өңдеу]

Мағриб жерін ертеден ливий немесе ежелгі бербер тайпалары мекендеген.

  • Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғында Мағрибтың теңіз жағалауында бірсыпыра финикиялық қоныстар салынып, кейінірек Карфагеннің илігіне көшті.
  • Б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим мен Карфаген арасындағы соғыстардан кейін Мағриб Римнің ықпалында болды.
  • Ал б.з.б. 27 ж. римдіктерге толығымен бағынды.
  • 5 ғасырда Мағрибтың солтүстік бөлігін славян текті вандалдар,
  • 6 ғасырда Византия басып алды.
  • 701 — 711 ж. Мағриб жерін арабтар жаулап алып, араб халифатының құрамына қосты.
  • 788 ж. Мағрибтың солтүстік-батысында Идрис(Ыдырыс) әулеті билеген мемлекет орнады.
  • 10 ғасырда Мағриб жері Фатима әулеті билеген халифатқа қосылды.
  • 11 ғасырдың ортасынан бастап Мағрибта әр түрлі әулеттер бір-бірін ауыстырып, билік құрды.
  • 15 ғасырда Мағрибқа португалдар мен испандар басып кіре бастады.
  • 16 ғасырда Саади әулеті көптеген қалаларды еуропалықтардан азат етті. Ахмед әл-Мансур (1578 — 1603) кезінде Мағриб Сонгам, Судан, т.б. Африка елдерін бағындырды.
  • 17 — 18 ғасырларда орт. билік әлсіреп, саяси жағдай жиі шиеленісті.
  • 1845 ж. Франция Мағриб пен Алжир жерінің түгеліне дерлік бақылау орнатты. Сұлтан Хасан І (1873 —94) тұсында бірқатар реформалар жүргізілді, өндіріс орындары мен жаңа порттар салынды.
  • 1907 ж. француз әскерлері Мағрибтың солт.-шығыс бөлігіндегі Ужда аймағын, кейіннен Касабланка мен Шауиа облысын, Испания Мелиль аймағындағы жерлерді жаулап алды.
  • 1912 ж. Мағрибта француз протектораты орнады.
  • 1921 ж. маусымда Мағрибтың Абд әл-Керим басқарған риф тайпалары Анвал түбінде испан армиясын талқандап, тәуелсіз Риф республикасын құрды.
  • 1926 ж. Франция мен Испанияның біріккен күштері Риф республикасын талқандады.
  • 2-дүниежүзілік соғыс (1939 — 45) кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс күшейді.
  • 1952 ж. Мағриб қалаларында протекторат туралы шарттың 40 жылдығына байланысты бұқаралық шерулер өтті.
  • 1955 ж. 7 желтоқсанда Франция ұлттық үкімет құруға келісім беруге мәжбүр болды.
  • 1956 ж. 2 наурызда Франция Мағрибтың ұлттық тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындады.
  • 7 сәуірде Мағрибтың испандық аймағы қайта қосылып, елдің тұтастығы қалпына келтірілді.
  • 1956 ж. 12 қарашада Мағриб БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды.
  • 1958 ж. Мағриб Тарфая провинциясын испан үстемдігінен азат етті,
  • 1961 ж. қарашада елден француз әскерлері толық шығарылды.
  • 1962 ж. желтоқсанда конституция қабылданды. Мағриб Араб мемлекеттерінің лигасына мүше.
  • 1992 ж. 28 мамырдан Мағриб пен Қазақстан арасында дипломат. байланыс орнаған. Екі ел арасындағы мәдени, оқу-ағарту саласының қарым-қатынастары біршама дами бастады. Мағрибта балық және мал шаруашылығы дамыған. Экспортқа фосфорит, теңіз өнімдері, темекі, тоқыма бұйымдары шығарылады. Шеттен мұнай, электр, өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алады. Жалпы ішкі өнім 87,5 млрд. АҚШ долл-н құрайды, жан басына шаққанда 3060 долл. болады (1994). Негізгі сауда серіктестері — ЕО, АҚШ, Үндістан, Сауд Арабиясы. Ел аумағында Касабланка, Мохаммедия, Танглер, т.б. ірі теңіз порттары орналасқан.[2]

Әкімшілік бөліну[өңдеу]

Облыс Әкім. центр Жер аумағы, км² Тұрғыны, чел. (2004) Тығыздығы, чел./км²
1 Шавия-Уардига Сеттат 7 010 1 655 660 236,19
2 Дуккала-Абда Сафи 13 285 1 984 039 149,34
3 Фес-Бульман Фес 19 795 1 573 055 79,47
4 Гарб-Шрарда-Бени-Хсен Кенитра 8 805 1 859 540 211,19
5 Үлкен Касабланка Касабланка 1 615 3 631 061 2248,33
6 Гулимим-Эс-Смара* Гулимин 71 970 401 984 5,58
7 Эль-Аюн-Буждур-Сегиет-эль-Хамра* Эль-Аюн 139 480 256 152 1,84
8 Марракеш-Тенсифт-Эль-Хауз Марракеш 31 160 3 102 652 99,57
9 Мекнес-Тафилалет Мекнес 79 210 2 141 527 27,04
10 Шығыс облыс Уджда 82 820 1 918 094 23,16
11 Вади-эд-Дахаб-эль-Кувира* Дахла 50 880 99 367 1,95
12 Рабат-Сале-Заммур-Заер Рабат 9 580 2 366 494 247,02
13 Сус-Масса-Драа Агадир 70 880 3 113 653 43,93
14 Тадла-Азилаль Бени-Меллаль 17 125 1 450 519 84,70
15 Танжер-Тетуан Танжер 11 570 2 470 372 213,52
16 Таза-Эль-Хосейма-Таунат Таза 24 155 1 807 113 74,81
Всего 639 340 29 831 282 46,66

Галерея[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. a b Morocco / The World Factbook (ЦРУ, 2013)
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9