Иордания
المملكة الأردنية الهاشمية Әл-мамляка әл-урдунийя әл-һашимийя Иордания Хашемит патшалығы
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
||||||
Әнұраны: عاش المليك Әс-сәлам әл-маляки әл-урдуни (transliteration)1 "Жасасын Патша!" |
||||||
Елордасы (және ең ірі қаласы) |
Амман |
|||||
Ресми тілдері | арабша | |||||
Үкімет түрі | Конституциялық монархия | |||||
— | Патша | II-ші Абдуллаһ | ||||
— | Премьер-министр | Маруф әл-Бахит | ||||
Тәуелсіздік | from the League of Nations mandate administered by the Құрама Патшалық | |||||
— | Date | 25 мамыр 1946 | ||||
Аумағы | ||||||
— | Барлығы | 92 342 км² (112th) Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi |
||||
— | Су (%) | negligible | ||||
Жұрты | ||||||
— | шілде 2005 сарап. | 5,350,000 (106th) | ||||
— | 2003 жұрт санағы | 4,755,000 | ||||
ЖІӨ (АҚТ) | 2005 сарап. | |||||
— | Бүкіл | $27.96 billion (97th) | ||||
— | Жан басына шаққанда | $4,825 (103rd) | ||||
АДИ (2004) | 0.760 (medium) (86th) | |||||
Ұлттық ақшасы | Иордания динары (JOD ) |
|||||
Уақыт белдеу(лер)і | UTC+2 (UTC+2) | |||||
— | Жазғы уақыт | UTC+3 (UTC+3) | ||||
Интернет үйшігі | .jo | |||||
Телефон белгілемесі | +962 | |||||
1 Also serves as the Royal anthem. |
Иордания, Иордания Хашимит корольдігі (өзд. аталуы — әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия), (араб.: الأردن, Аль-Урдун), — Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Жер көл. 91,8 мың км². Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. Тұрғындары исламның суннит тармағын ұстанады. Иордания — конституциялық монархия (1999 жылдан король — Абдолла бен аль-Хусейн). Мемлекет басшысы — корольдің заң шығару және атқару билігінде бірдей құқықтары кеңейтілген. Заң шығарушы органы — 2 палаталы Ұлттық жиналыс. Жоғары палатаны (Сенат) король өзі тағайындайды. Төменгі палатаны (депутаттар) халық жасырын дауыспен сайлайды. Әкімшілік жағынан ел 8 аймаққа (мухафаз) бөлінеді. Ұлттық мерекелері: 25 мамыр — Тәуелсіздік күні (1946), 14 қараша — корольдің туған күні. Ақша бірлігі — Иордания динары.
Табиғаты[өңдеу]
Жерінің көпшілік бөлігі — таулы қырат (500 м-ден 1500 м-ге дейін) Батысында ең ірі өз. Иорданның аңғары мен ағынсыз өлі теңіз орналасқан. Фосфорит, калий тұздары (ґлі теңізде), мыс кен орындары бар. Климаты субтропиктік, құрғақ. Қаңтардағы орташа темп-ра 8 — 14 С, шілдеде 24 — 30 С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. таулы өңірде 500 — 700 мм, елдің шығысы мен әл-Гор ойысында 100 мм. Тұрақты өзендері аз. Батыс бөлігіндегі таулы өңірлерде жерортатеңіздік, ал шығысында шөлейт және шөл өсімдіктері өседі. Жануарлардан ақ бөкен, қасқыр, түлкі, құстардың көптеген түрлері, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.
Тарихы[өңдеу]
Иордания жерін ерте заманда семит тайпалары мекендеген. Б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықтарда олар финикиялықтардың, хеттардың шапқыншылығына ұшырап, б.з.б. 1-мыңжылдықта алдымен Израиль, кейін Иудея патшалықтарының құрамына кіреді, ертедегі араб мемлекеті Набатей патшалығының орт. болды. 2 ғ-дың бас кезінде Набатей патшалығын Рим империясы жаулап алды. 4 ғ-да қазіргі Иордания Византия империясының, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатының құрамына кірді. Араб тілі мен ислам діні орнықты. 11 — 15 ғ-ларда ел крестшілердің, салжұқтардың, Мысыр мамлюктерінің шапқыншылықтарына ұшырады. 16 ғасырдың бас кезінен 1918 жылға дейін Осман сұлтандығының қол астында болды. 1-дүниежүз. соғыс (1914 — 18) аяқталғаннан кейін Иордания Британия империясына бағынышты Палестинаға қосылды. 1921 ж. өткен Каир конференциясының шешіміне сәйкес Иордан өзенінің шығыс жағалауларындағы жерлерден Хашими әулетінен шыққандар билейтін Трансиордания әмірлігі құрылды. 1928 — 29 ж. Ұлыбритания езгісі мен Хашими әулетіне қарсы халық көтерілістері болды. 1936 — 39 ж. батыс аудандарда партизан қозғалысы күшейді. 2-дүниежүз. соғыс (1939 — 45) жылдарында Трансиордания Ұлыбританияның таяу Шығыстағы негізгі әскери базасы болды. 1946 ж. 22 наурызда Ұлыбритания Трансиорданияны тәуелсіз мемлекет деп таныды, 25 мамырдан бастап ел Иордания атанып, әмір Абдоллах Иорданияның алғашқы королі атанды. 1948 — 49 ж. араб-израиль соғысы салдарынан Палестинаның шығыс аудандары Иорданияға қосылды. 1957 ж. ағылшын-иордан келісімі бойынша Ұлыбритания әскерлері елден шығарылды. 1967 ж. маусымда Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 5,9 мың км² жерді басып алды. Палестинадан Иорданияға 800 мыңдай босқын қаптады. Осыдан кейін екі ел арасында бейбіт келісім тек 1994 ж. 26 қазанда жасалды. Иордания — БҰҰ-ның (1955) және Араб елдері лигасының (1945) мүшесі.
Экономикасы[өңдеу]
Иордания — әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашар дамыған мемлекет. Ел экономикасы, көбінесе, сырттан келетін көмек пен кредиттерге тәуелді. Негізгі кредит берушілер — Сауд Арабиясы, Парсы жағалауы елдері, АҚШ пен Германия. Қаржы тапшылығына қарамастан ел экономикасы біршама тез дамуда. Өнеркәсіп ұлттық табыстың 20%-ын береді және ол тау-кен өндірісі, цемент, мұнай өңдеу салаларынан тұрады. Минералды қазбаларға (фосфориттардан басқа) кедей. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 10%-ын құрайды. Ел, негізінен, азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын түгелге жуық сырттан әкеледі. өзі сыртқа фосфорит, цемент және кейбір аауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: араб елдері, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, т.б.
Жұрты[өңдеу]
Иордан жұрты 5,9 млн. адам, оның 95% арабтар. Соның ішінде Иордан арабтары 35%, палестина арабтары 55%.[1] Соңғылары Трансиорданға 1948 және 1967 жж болған араб-израиль соғыстарынан кейін көшіп азаматтық алды.
Сілттемелер[өңдеу]
|
|
---|---|
Мүшелері | Алжир · Бахрейн · Біріккен Араб Әмірліктері · Джибути · Иордания · Ирак · Йемен · Кувейт · Комор аралдары · Катар · Ливия · Ливан · Марокко · Мавритания · Мысыр · Оман · Палестина · Сауд Арабиясы · Сирия · Сомали · Судан · Тунис |
Бақылаушылар | Венесуэла · Эритрея · Үндістан |
|
---|
|
|||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Егеменді елдер | Армения · Ауғанстан · Әзірбайжан · Бангладеш · Бахрейн · Бруней · Бутан · Біріккен Араб Әмірліктері · Вьетнам · Грузия · Жапония · Израиль · Индонезия · Иордания · Ирак · Иран · Йемен · Камбоджа · Катар · Кипр · Кувейт · Қазақстан · Қырғызстан · Қытай · Лаос · Ливан · Малайзия · Малдивтер · Мианма · Моңғолия · Мысыр · Непал · Оман · Оңт. Корея · Өзбекстан · Палестина · Пәкістан · Ресей · Сауд Арабиясы · Сингапур · Сирия · Солт. Корея · Тайланд · Тәжікстан · Тимор-Лесте · Түркия · Түрікменстан · Үндістан · Филиппиндер · Шри-Ланка | ||||||||
Мойындалмаған және жартылай мойындалған мемлекеттер |
Абхазия · Қарабақ · Солтүстік Кипр · Оңтүстік Осетия · Тайвань | ||||||||
Тәуелді және арнайы әкімшілік аймақтар |
|