Ботсвана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Lefatshe la Botswana
Republic of Botswana
Botswana байрағы Botswana елтаңбасы
ҰраныPula  ("Rain")
ӘнұраныFatshe leno la rona
("Blessed Be This Noble Land")
Botswana орналасуы
Елордасы Габороне
24°40′S, 25°55′E
Ең ірі қаласы Gaborone
Ресми тілдері Ағылшын тілі (official)
Tswana (national)
Үкімет түрі Parliamentary Republic
 —  President Festus Gontebanye Mogae
Тәуелсіздік Құрама Патшалық-тан 
 —  Date Қыркүйек 30 1966 
Аумағы
 —  Барлығы 581 730  км² (41st)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 2.5
Жұрты
 —  2006 сарап. 1,639,833 (147th)
ЖІӨ (АҚТ) 2006 сарап.
 —  Бүкіл $18.72 billion (114th)
 —  Жан басына шаққанда $11,400 (60th)
АДИ (2004) Green Arrow Up Darker.svg0.570 (medium) (131st)
Ұлттық ақшасы Pula (BWP)
Уақыт белдеу(лер)і CAT (UTC+2)
 —  Жазғы уақыт not observed (UTC+2)
Интернет үйшігі .bw
Телефон белгілемесі +267

Ботсвана (Botswana), Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жері — 600,4 мың км². Халқы — 1,6 млн. (1997). Астанасы — Габороне (139 мың). Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері. Тұрғындары христиан және жергілікті діни нанымдарын ұстанады. Байырғы халқы: тсвана, бушмен, бегуан, хереро, т.б. тайпалар. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс. Кеңесші орган ретінде көсемдер палатасы жұмыс істейді. Ботсвана жерінің 80%-ін ойысты келген Калахари шөлі алып жатыр. Климаты субтропиктік. Солт. жағы тропиктік. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 500 — 600 мм. Жануарлар әлеміне өте бай. Арыстан, қабылан, шибөрі, піл, крокодил, түйеқұс кездеседі. Ботсвана жерінде ертеде бушмендер қоныстанған, кейін оңтүстіктен келген бечуандар оларды ығыстырып шығарды. Елге еуропалықтар 19 ғасырдан бастап келе бастады. 1885 ж. бечуан тайпаларын ағылшындар басып алып, Бечуанланд протекторатын орнатты. 2-дүниежүз. соғыс кезінде қазіргі Ботсвананың 10 мыңдай азаматы ағылшын әскерлері қатарында соғысты. Соғыс аяқталғаннан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. 1960 ж. саяси партиялардың құрылуына байланысты тәуелсіздік жолындағы күрес қатты күшейді. 1965 ж. ағылшын үкіметі елге ішкі билігін өзі жүргізуге құқық берді. Ал 1966 ж. Ботсвана Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 1980 жылдан бері елді Квет Кетумиле Джони Масире басқарып келеді. 1994 ж. сайлауда ол тағы да жеңіске жетті. Ботсвана БҰҰ-ның, Африка бірлігі ұйымының және Британия Достастығының мүшесі болып табылады. Экономикасының 42%-і тау-кен өндірісінен тұрады. Алмас өндіруден дүние жүзінде 3-орын алады. Халықтың 75%-і аesk шаруашылығмен айналысады. 2,8 млн. ірі қара, 2,6 млн. қой өсіріледі, астық өнімдерінен тары, жүгері, бидай егіледі. Экспортқа алмас, түсті металдар шығарылып, сырттан машина, құрал-жабдықтар, тамақ өнімдері әкелінеді. Соңғы жылдары туризм кең қарқынмен дамуда. Негізгі сауда серіктестері: Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания.

Дереккөздер[өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:Member states of the SADC