Османлы империясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Османлы Мемлекеті
осм. دولت عالیه عثمانیه Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye

Империя
Flag of Sultanate of Rum.svg
1299 — 1922


Flag of Palaeologus Emperor.svg
Ottoman flag.svg Osmanli armasi.svg
Байрақ Елтаңба
Ұраны
Мәңгі мемлекет
осм. دولت ابد مدت Devlet-i Ebed-müddet
OttomanEmpireIn1683.png
1683 жылғы Османлы Империясы
Астанасы Сөғүт (1299-1326)
Бұрса (1326-1365)
Едірне (1365-1453)
Константиние (1453-1922)
Ірі қалалары Қаһира
Ескендірия
Бағдад
Дамаск
Мекке
Тіл(дер)і Османлыша
Діні Ислам
Ақша бірлігі акче, құрұш, лира, сұлтани
Аумағы 19 902 000 км² (1595)
Халқы 35 350 000 адам (1856)
Басқару формасы Монархия
Династиясы Османлы әулеті
Падишаһ
 - 1299-1326 (алғаш) Осман I
 - 1451-1481 Меһмед II
 - 1512-1520 Селім I
 - 1520-1566 Сүлейман I
 - 1918-1920 (соңғы) Меһмед VI
Садразам
 - 1320-1331 (алғаш) Алаеддин Паша
 - 1523-1536 Паргалы Ибраһим Паша
 - 1565-1579 Соколлы Меһмед Паша
 - 1656-1661 Көпрүлү Меһмед Паша
 - 1920-1922 (соңғы) Аһмед Тевфик Паша
Мирасқорлық
Салжұқ сұлтандығы
Шығыс Рим империясы
Трапезунд Империясы
Екінші Бұлғар Патшалығы
Серб Деспотлығы
Мәмлүк Сұлтандығы
Мажарстан Патшалығы
Испаниядағы Алжир мен Тунис
Түркия
Бірінші Грек Республикасы
Мысыр Сұлтандығы
Сербия Патшалығы
Албанияның уақытша үкіметі

Румыния Патшалығы
Болгария Патшалығы

Османлы Мемлекеті (осм.: دولت عالیه عثمانیه Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye) — 1299-1922 жылдар аралығында өмір сүрген ислам және түрік мемлекеті. 1299-1383 жылдары Османлы Бейлігі (түр. Osmanlı Beyliği), 1383-1516 жылдары Османлы Сұлтандығы (түр. Osmanlı Sultanlığı) және 1516-1922 жылдары Османлы Халифаты (түр. Osmanlı Halifeliği) деп аталды. Қазіргі түрік тілінде Османлы Империясы (түр. Osmanlı İmparatorluğu) деген атау да бар.

Империя XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа жайылып (Еуропа, Азия, Африка), оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан[1].

Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы Империясы 42 эялеттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдавия және Трансильвания князьдіктері алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл (осм. İstanbul) деген атпен белгілі Константиние (осм. قسطنطينيه‎ Konstantîniyye) қаласын өз астанасына айналдырған Османлы Империясын көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим Империясының және Византия Империясының исламдық мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Рим және Ислам дәстүрлерінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік империяның» билеушілері деп қарастырды[2].

Тарихы[өңдеу]

Османлы Империясы, 1299-1683

Құрылуы (1299-1402)[өңдеу]

Османлылар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа сол кездегі (XIII ғасыр) моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолы (түр. Anadolu) жеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалел-әд Дин Менгубердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертоғрыл (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне (түр. Anadolu Selçuklu Devleti) көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны Алаеддин Кейкубад I (1192-1237) Ертоғрылға Анадолыдағы Cөғүт (осм. Söğüt) қаласын сыйлайды. Ертоғрылдың ұлы Осман I (1258-1324) Сөгүтте 1299 жылы Османлы Бейлігінің негізін қалайды. Осылайша Османлы Мемлекетінің тарихы басталады.

Орһан I (1288-1362) Анадолының батысын толығымен басып алады.

Мұрад I (1326-1389) өз әкесі мен атасы сияқты Анадолының әжептәуір жерлерін басып алды. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзін «сұлтан» етіп жариялайды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово даласындағы шайқаста серб князі Милош Обиличтің (сер. Милош Обилић) қолынан қаза табады.

Баезід I (1357-1402) Косово даласындағы шайқаста өз әкесі сербтерден қаза болуына байланысты ол кек алу мақсатымен көптеген сербтерді қырып-жойды. Сербиядағы жеңістен кейін ол өз отарлауын Анадолыда жалғастырады: Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше, Хамид және Караман бейліктерін басып алады. Осылайша Баезід I османлы иеліктерін тез арада екі есе арттырады (жерлерді тез жаулап, өз шешімдерін тез шешетіндіктен оған «шапшан» (осм. Yıldırım) деген лақап ат қойылған). Бірақ ол бұл иеліктерді қалай шапшан басып алса, сонша айырылып қалды. Бұнын себебі — Баезіт I-нің замандасы Әмір Темір (шағ. Temür) болуы және ең бастысы Баезіт I көкірекшілдікке беріліп кеткені. Баезіт I Әмір Темірге көптеген хаттарында оны жәбірлейтін сөздер жазып, оны жете бағаламайды. Әмір Темір жауап ретінде османлылардың басып алған бейліктерді жаулап, оларға қайтадан тәуелсіздік береді. Ал Әмір мен Сұлтанның арасындағы шешуші шайқас Анкара (түр. Ankara) жерінде болады. Соғыста Әмір Сұлтанды жеңіп оны қамауға алады. Йылдырым қамауда 20 шілде 1402 жылы қаза табады.

Патшааралығы (1402-1413)[өңдеу]

Баезід I қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір жаулап алған Османлы Мемлекетінде ортақ билеуші болмайды. Баезід I-де үш баласы болады, олардың әрқайсысы өзін сұлтан деп жариялады: үлкен ұлы Сүлейман Едірнеде, ортанғы ұлы Иса Бұрсада, ал кіші ұлы Меһмед Батыс Анадолыда. Бұл жағдай патшааралыққа әкеп соқты. 1405-1406 жылдары Меһмед Исаны жеңіп, Бұрсаны басып алады. Кейін 1411 жылы Баезід I-нің ортаңғы ұлы Мұса да өз ағасы Сүлейманды жеңіп, Румелияда (осм. Rumeli) өзін сұлтан деп жариялайды. Тірі қалған екі ағайындылардың шешуші шайқасы 1413 жылы болды. Сол шайқаста Меһмед жеңеді, ал жеңілген Мұса Валахияға қашып, сонда қайтыс болады.

Өркендеуі (1413-1453)[өңдеу]

Меһмед I (1387-1421) патшааралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Османлы Мемлекетінің сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін (Караманнан басқа) қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы Мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. Меһмед I 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады.

Мұрад II (1404-1451) 1422 жылы Константинополис (грек. Κωνσταντινούπολις) қаласын қоршайды. Бірақ османлыларда сол кезде әлі флоты да, артиллериясы да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византия астанасына шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылады. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліншіліктерді бастайды. Сондықтан Мұрад II Константинополисті қоршауын тоқтатады. Бүліншіліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Сұлтан Мұрад II Қожа Едірне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы және ізбасары әйгілі әскербасы әрі саясаткер Меһмед II Жаулаушы болады.

Дамуы (1453-1566)[өңдеу]

1499 жылдағы Зончио шайқасы — кемелерден зеңбірек атқан алғашқы теңіз шайқасы

Меһмед II (1432-1481) 1453 жылы Византия Империясының астанасы Константиние (осм. Konstantiniyye) қаласын жаулап алып, империяны толығымен жояды. Жаулаушы (түр. Fatih) Константиниемен ғана шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кірісті. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. 1481 жылы ол Гебзе қаласында мерт болды. Фатиһ мешітінде жерленген.

Османлылардың 1526 жылдағы Мохач шайқасындағы жеңіс — өз заманындағы ең тез жеңіс (2 сағат)

Селім I (1467-1520) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Сол жылы Айбарлы (түр. Yavuz) өзіне Халифа атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандардың да атағы болады. Осылайша Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады. Селім I өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Курдистанды, Левантты, Мысырды, Мединені, Меккені және Алжирды жаулап алды.

Сүлейман I (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен мажарлар, чехтар, поляктардың 38-41 мыңдық әскерін екі-ақ қана сағат ішінде толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстанның патшасы Лайош II батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың еуропадағы беделі арттырылды. Сүлейман I өзінің 42 жылдық (1520-1566) билік жіргізген заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті жаулап алды. Сүлейман I-нің тұсында османлылардың билігі шарықтауының шыңына жетті. Ұлы Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Зигетвар шайқасында қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймание мешітінде жерлейді.

Әлсіреуі (1566-1656)[өңдеу]

Сүлейман I қайтыс болғаннан кейін, оның жалғыз тірі қалған ұлы Селім II таққа отырады. Оның тұсында сарайдағы әйелдер османлы саясатына үлкен ықпал тигізді. Сонын ішіндегі ең көрнектісі сұлтанның әйелі Хасеки Нұрбану Сұлтан болды. Осылайша «Қатындар Сұлтанаты» (1566-1656) заманы басталды. Осы заман тұсында Османлы Империясы әлсіреп, дағдарысқа ұшырай бастады. Селім II 1574 жылдың 21 желтоқсанында Топкапы сарайында қайтыс болады. Едірнедегі Селимие мешітінде жерленеді.

Қалпына келтірілуі (1656-1827)[өңдеу]

Көптеген көтерілістер мен бүлікшіліктер әсерінен әлсіреген Османлы Мемлекетін көрген Тұрһан Хатиже Валиде-Сұлтан өз немересі сұлтан Меһмед IV-ге Көпрүлү Меһмед пашаны садразам етіп тағайындауға кеңес береді. Көпрүлү Меһмед пашаның саяси жетістіктері осыған себеп болды. Сөйтіп, 1656 жылдың 15 қыркүйек күнінде Көпрүлү Меһмед паша (1575-1661) садразам етіп тағайындалады. Бұл оқиға «Көпрүлү заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Көпрүлү Меһмед паша тағайындалуға дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды:

  • Садразамның шешімі қайта қарастырылмайды
  • Садразам өз еркінмен шенеуліктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады
  • Садразам сұлтанның кеңесісіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды
  • Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды

Көпрүлү Меһмед паша өзінің 5 жылдық (1656-1661) билік жүргізген заманында Крит пен Чанаккале жерлерінде Венеция Республикасына қарсы сәтті шайқас жүргізді, Лемнос пен Тенедос аралдарын жаулап алды, секта Кадизаделидің төнкерісін басты, Трансильвания Князьдігінің бүлігін басты, Абаза Һасан пашаның бүлігін басты, өзінің қарамағына саясаткерлер мен әскербасыларды алды және «лауазымды сатып алу» салтын біржолата тоқтатты.

Көпрүлү Меһмед паша қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары оның саясатын жалғастырды. Көпрүлүлер басқарған заманда Османлы Империясының ішкі және сыртқы саясатында тұрақтылық болды, және биліктің беделі қайта өрлей бастады.

Жаңартуы (1827-1908)[өңдеу]

3 қараша 1839 жылы сұлтан Абдүлмежід I (1823-1861) «Киелі Жарлық» (осм. Hatt-ı Şerif-î) жарлығын шықты. Оның авторы садразам Қожа Мұстафа Решід паша болды. Бұл жарлықтың оған дейінгі жарлықтардан ерекшелігі — оның әскери емес, қоғамдық және экономикалық өзгерістері. Жарлықта сот отырыстарды жариялылық ету, алым-салықты дұрыс төлеттіру, құрлықтағы және теңіздегі әскерлердің шығының белгілеу және т.б. жаңартулар болды. Бірақ сол кездегі еш өзгерістерді қаламаған төрешілдердің жаңартуға қарсылық көрсетуі, османлы қоғамының ортағасырлық көзқарастары, жемқорлық және т.б. себептермен «Киелі Жарлық» орындалмады.

Ыдырауы (1908-1922)[өңдеу]

Меһмед VI (1861-1926) 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата кетеді. Осылайша Османлы Мемлекетінің тарихы аяқталды.

Жас түріктер[өңдеу]

XIX ғасырдың соңында жаңартудың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдарында басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері мен белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал (түр. Namık Kemal) бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуы мен оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылы Ыстамбұлда «Бірлік және өрлеу» (осм. İttihâd ve Terakkî) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы мақсаты – конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүргізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді. Бұл қозғалыстың өкілдерін жас түріктер (түр. Jön Türkler) деп атады.

XX ғасырдың басында Османлы Империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Османлы Империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы 2 шілдеде 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер Сұлтан Абдүлһаміт II-ні тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып Меһмед V сайланды. 1908 жылғы жас түріктердің төңкерісі нәтижесінде Османлы Империясының билік түрі абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға ауыстырылды.

Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық билікке көшу империяның шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерімен тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния және Герцеговинаны аннексиялайды. 1911 жылы Ливиядағы османлы иеліктерін Италия басып алды. Түрік үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Османлы Империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алады. Тек Ыстамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалады. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер-бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны арқа тұтқан Османлы Империясы бірінші дүниежүзілік соғыста үштік одақ жағында болды.


Османлы сұлтандарының тізімі[өңдеу]

Тақ есімі Суреті Таққа отыруы Тақтан кетуі Тұғра
1 Осман I
Қара (түр. Kara)
Осман I-нің суреті 1299 жылы 1326 жылы
[c]
2 Орхан I
Жеңімпаз (түр. Gazi)
Орхан I-нің суреті 1326 жылы 1362 жылы Орхан I-нің тұғрасы
3 Мұрад I
Құдай Cүйіктісі (осм. Hüdavendigār)
Мұрад I-нің суреті 1362 жылы 15 маусым 1389 жылы Мұрад I-нің тұғрасы
4 Байезид I
Шапшаң (түр. Yıldırım)
Баезід I-нің суреті 15 маусым 1389 жылы 20 шілде 1402 жылы Баезід I-нің тұғрасы
5 Мехмед I
Құрметті (түр. Çelebi)
Мехмед I-нің суреті 5 шілде 1413 жылы 26 мамыр 1421 жылы Мехмед I-нің тұғрасы
6 Мұрад II
Қожа (түр. Koca)
Мұрад II-нің суреті 25 маусым 1421 жылы 1444 жылы Мұрад II-нің тұғрасы
7 Мехмед II
Жаулаушы (түр. Fatih)
Мехмед II-нің суреті 1444 жылы 1446 жылы Мехмед II-нің тұғрасы
Мұрад II
Қожа (түр. Koca)
Мұрад II-нің суреті 1446 жылы 3 ақпан 1451 жылы Мұрад II-нің тұғрасы
Мехмед II
Жаулаушы (түр. Fatih)
Мехмед II-нің суреті 3 ақпан 1451 жылы 3 мамыр 1481 жылы Мехмед II-нің тұғрасы
8 Байезид II
Әулие (түр. Veli)
Баезід II-нің суреті 19 мамыр 1481 жылы 25 сәуір 1512 жылы Баезід II-нің тұғрасы
9 Селим I
Қаһарлы (түр. Yavuz)
Селим I-нің суреті 25 сәуір 1512 жылы 21 қыркүйек 1520 жылы Селим I-нің тұғрасы
10 Сүлейман I
Заң Шығарушы (түр. Kanuni)
Сүлейман I-нің суреті 30 қыркүйек 1520 жылы 7 қыркүйек 1566 жылы Сүлейман I-нің тұғрасы
11 Селим II
Сары (түр. Sarı)
Селим II-нің суреті 29 қыркүйек 1566 жылы 21 желтоқсан 1574 жылы Селим II-нің тұғрасы
12 Мұрад III
Бұзық (түр. Sefih)
Мұрад III-нің суреті 22 желтоқсан 1574 жылы 16 қаңтар 1595 жылы Мұрад III-нің тұғрасы
13 Мехмед III
Әділетті (түр. Adli)
Мехмед III-нің суреті 27 қаңтар 1595 жылы 21 желтоқсан 1603 жылы Мехмед III-нің тұғрасы
14 Ахмед I
Бақытты (түр. Bahttı)
Ахмед I-нің суреті 21 желтоқсан 1603 жылы 22 қараша 1617 жылы Ахмед I-нің тұғрасы
15 Мұстафа I
Есалаң (түр. Deli)
Мұстафа I-нің суреті 22 қараша 1617 жылы 26 ақпан 1618 жылы Мұстафа I-нің тұғрасы
16 Осман II
Жас (түр. Genç)
Осман II-нің суреті 26 ақпан 1618 жылы 19 мамыр 1622 жылы Осман II-нің тұғрасы
Мұстафа I
Есалаң (түр. Deli)
Мұстафа I-нің суреті 20 мамыр 1622 жылы 10 қыркүйек 1623 жылы Мұстафа I-нің тұғрасы
17 Мұрад IV
Бағдат Жаулаушысы (түр. Bağdat Fatihi)
Мұрад IV-нің суреті 10 қыркүйек 1623 жылы 9 ақпан 1640 жылы Мұрад IV-нің тұғрасы
18 Ибраһим I
Крит Жаулаушысы (түр. Girit Fatihi)
Ибраһим I-нің суреті 9 ақпан 1640 жылы 8 тамыз 1648 жылы Ибраһим I-нің тұғрасы
19 Мехмед IV
Аңшы (түр. Avcı)
Мехмед IV-нің суреті 8 тамыз 1648 жылы 8 қараша 1687 жылы Мехмед IV-нің тұғрасы
20 Сүлейман II
Жеңімпаз (түр. Gazi)
Сүлейман II-нің суреті 8 қараша 1687 жылы 22 маусым 1691 жылы Сүлейман II-нің тұғрасы
21 Ахмед II
Жеңімпаз (түр. Gazi)
Ахмед II-нің суреті 22 маусым 1691 жылы 6 ақпан 1695 жылы Ахмед II-нің тұғрасы
22 Мұстафа II
Жеңімпаз (түр. Gazi)
Мұстафа II-нің суреті 6 ақпан 1695 жылы 22 тамыз 1703 жылы Мұстафа II-нің тұғрасы
23 Ахмед III
Қызғалдақ Дәуірінің Сұлтаны (түр. Lale Devri Sultanı)
Ахмед III-нің суреті 22 тамыз 1703 жылы 2 қазан 1730 жылы Ахмед III-нің тұғрасы
24 Махмұд I
Құныс (түр. Kambur)
Махмұд I-нің суреті 2 қазан 1730 жылы 13 желтоқсан 1754 жылы Махмұд I-нің тұғрасы
25 Осман III
Діндар (түр. Sofu)
Осман III-нің суреті 13 желтоқсан 1754 жылы 30 қазан 1757 жылы Осман III-нің тұғрасы
26 Мұстафа III
Алғаш Жаңартпашы (түр. İlk Yenilikçi)
Мұстафа III-нің суреті 30 қазан 1757 жылы 21 қаңтар 1774 жылы Мұстафа III-нің тұғрасы
27 Абдүлхамид I
Жақсартушы (түр. Islahatçı)
Абдүлхамид I-нің суреті 21 қаңтар 1774 жылы 7 сәуір 1789 жылы Абдүлхамид I-нің тұғрасы
28 Селим III
Реттеуші (осм. Nizām-i)
Селим III-нің суреті 7 сәуір 1789 жылы 29 мамыр 1807 жылы Селим III-нің тұғрасы
29 Мұстафа IV
Есалаң (түр. Deli)
Мұстафа IV-нің суреті 29 мамыр 1807 жылы 28 шілде 1808 жылы Мұстафа IV-нің түғрасы
30 Махмұд II
Жаңартпашы (түр. İnkılapçı)
Махмұд II-нің суреті 28 шілде 1808 жылы 1 шілде 1839 жылы Махмұд II-нің тұғрасы
31 Абдүлмежід I
Танзиматшы (түр. Tanzimatçı)
Абдүлмежід I-нің суреті 1 шілде 1839 жылы 25 маусым 1861 жылы Абдүлмежід I-нің тұғрасы
32 Абдүлазиз I
Бақытсыз (түр. Bahtsız)
Абдүлазиз I-нің суреті 25 маусым 1861 жылы 30 мамыр 1876 жылы Абдүлазиз I-нің тұғрасы
33 Мұрад V
Есалаң (түр. Deli)
Мұрад V-нің суреті 30 мамыр 1876 жылы 31 тамыз 1876 жылы Мұрад V-нің тұғрасы
34 Абдүлхамид II
Жеңімпаз (түр. Gazi)
Абдүлхамид II-нің суреті 31 тамыз 1876 жылы 27 сәуір 1909 жылы Абдүлхамид II-нің тұғрасы
35 Мехмед V
Саналы (осм. Reşad)
Мехмед V-нің суреті 27 сәуір 1909 жылы 3 шілде 1918 жылы Мехмед V-нің тұғрасы
36 Мехмед VI
Құдай Әулиесі (осм. Wāhīd ād-Dīn)
Мехмед VI-ның суреті 4 шілде 1918 жылы 1 қараша 1922 жылы Мехмед VI-ның тұғрасы
Абдүлмежід II
Соңғы Халифа (түр. Son Halife)
Абдүлмежід II-нің суреті 18 қараша 1922 жылы 3 мамыр 1924 жылы
[c]

Диван[өңдеу]

Дивандағы елшілер

Cұлтан империяда жоғарғы билеуші болса да, мемлекеттегі атқарушы билік уәзірлерге (осм. Vezir) жүктелінеді. Олардың күнделікті жұмыс орындары «Диван» (осм. Dîvân-ı Hümâyun) болып саналды. Диванның басшысы әрі Османлы саясатындағы сұлтаннан кейінгі екінші адам Садразам (осм. Sadrazam немесе оны Везир-и Азам (осм. Vezir-ı Azam) деп те атайды) болып саналды. Бірақ 1320 жылдан бастап садразамдар сұлтандардың да кейбір міндеттерін орындай бастады. Садразамдар сұлтандардан толығымен тәуелсіз болды: олар сұлтанның мұрагерлік мүлкін өз қалауы бойынша басқара алды, мемлекеттегі кез келген уәзірді немесе пашаны қызметтен босатуға құқылы болды.

Османлы тұғрасы[өңдеу]

Көбірек ақпараты: Тұғра
Бұл Османлы Империясының Сұлтаны Маһмұд II тұғрасы. Онда былай делінген: Маһмұд хан Абдүлһамідтің ұлы мәңгілік жеңімпаз. Written out:
- محمود خان بن عبدالحميد مظفر دائماً

Тұғра (түр. Tuğra) — османлы сұлтандардың ресми құжаттар мен хаттарында қолданылатын хұснихаттық мөр немесе қолтаңба. Тұғрада сұлтанның аты, әкесінің аты және атағы көрсетіледі. Мысал ретінде он жақтағы суретті алайық:

Тағы қараңыз[өңдеу]

Түсініктемелер[өңдеу]

  1. Дүние жүзi тaриxы 8, мектеп бaспaсы. 2008 ж. б.65
  2. H. İnalcık: "The rise of the Ottoman Empire" in P.M. Holt, A.K. S. Lambstone, and B. Lewis (eds), The Cambridge History of Islam, (Cambridge University). pages 295-200

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

Ағылшын тілінде[өңдеу]

Түрік тілінде[өңдеу]