Тонга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
PuleҮлгі:Okinaanga FakatuҮлгі:Okinai Үлгі:Okinao Tonga
Kingdom of Tonga
Tonga байрағы Tonga елтаңбасы
ҰраныKo e Үлгі:OkinaOtua mo Tonga ko hoku tofiҮлгі:Okinaa
God and Tonga are my Inheritance
Әнұраны[[Ko e fasi 'o e tu'i 'o e 'Otu Tonga|Ko e fasi Үлгі:Okinao e tuҮлгі:Okinai Үлгі:Okinao e Үлгі:OkinaOtu Tonga]]
Tonga орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
[[Nukuʻalofa|NukuҮлгі:Okinaalofa]]
21°08′S, 175°12′W
Ресми тілдері Tongan, English
Халық атауы Tongan
Үкімет түрі Constitutional monarchy
 —  King George Tupou V
 —  Prime Minister Lord Tuʻivakanō
Independence
 —  from British protectorate June 4, 1970 
 —  Су (%) 4.0
Жұрты
 —  2009 сарап. 104,000[1] (195th)
 —  Тығыздығы 139/km² (76th1)
ЖІӨ (АҚТ) 2008 сарап.
 —  Бүкіл $728 million[2] (206th)
 —  Жан басына шаққанда $7,060[2] (133rd)
ЖІӨ (nominal) 2009 сарап.
 —  Бүкіл $313 million[2] 
 —  Жан басына шаққанда $3,032[2] 
АДИ (2010) Green Arrow Up Darker.svg0.677[3] (high) (85th)
Ұлттық ақшасы [[Tongan pa'anga|PaҮлгі:Okinaanga]] (TOP)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC+13)
 —  Жазғы уақыт  (UTC+14)
DST 1999–2002 only
Интернет үйшігі .to
Телефон белгілемесі [[+676]]
1 Based on 2005 figures.

Тонга Корольдігі – Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Жер аум. 748 км2. Халқы 104 мың (2001). Ресми тілі – тонга және ағылшын тілдері. Тұрғындарының 50%-ға жуығы протестанттар, қалғандары католиктер мен жергілікті христиан-сектанттар (мормондар). Елде негізінен полинезиялық-тонгалықтар (98%), сондай-ақ ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар тұрады. Мемлекет басшысы – король. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Астанасы – Нукуалофа қ. (Тонгатапу аралында орналасқан). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 маусым (1970). Әкімш. бөлініс жағынан 5 округке бөлінеді. Ақша бірлігі – паанга. Тонга – БҰҰ-ға, Британ Достастығына мүше.

Табиғаты және климаты[өңдеу]

Тонга аралдарының тізбесі су асты таулы жоталар үстінде орналасқан. Ең биік жері – 1031 м (Као аралында). Шығыс бөлігі терең сулы шұңғылмен қоршалған. Батыс тізбегі таулы жанартаулы аралдардан (ұз. 700 км), шығыс бөлігіндегі әктасты тізбегі атолдардан және маржанды аралдардан тұрады. Климаты тропиктік, теңіздік. Орташа айлық темп-расы 20 – 26С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2000 мм. Жері құнарлы, қызыл топырақты келеді. Аралдарда қалың ылғалды тропиктік орман өседі. Негізгі орман массиві – жанартаулы аралдарда. Жануарлар дүниесі кедей. Құстардың 30-дан астам түрі, жылан, кесіртке, теңіз тасбақасы мекендейді. Тонга аралдарын полинезиялықтар ежелден мекендеген.

Тарихы[өңдеу]

Шамамен 10 ғ-да алғашқы мемл. құрылым пайда болды. 1643 ж. Тонга аралдарын голланд теңізшісі А.Тасман ашты. 1773 ж. аралдарға капитан Д.Кук келіп, жергілікті халықтың жылы қабылдауын көргендіктен Қзгі ниет аралдары деп атады. 18 ғ-дың соңы – 19 ғ-дың басында аралға еур. миссионерлер келе бастады. 1845 ж. ұзаққа созылған Азамат соғысынан кейін аралдар біртұтас мемлекетке, тәуелсіз корольдікке айналды. 1900 ж. Т-да ағылшын протектораты орнады. Ел ағылшын консулының бақылауында болды. 1958 ж. Тонга автономиясы біршама кеңейтілді. Тонга үкіметі басқа елдермен сауда келісімін жасауға құқылы болды. 1968 жылғы келісім бойынша Ұлыбритания бақылауы біршама тежелді. 1970 ж. Тонга Британ Достастығы құрамында тәуелсіздігін жариялады. Тонга – аграрлы ел.

Экономикасы[өңдеу]

A Tongan one cent (seniti taha) coin

Экономикасының негізгі саласы – а. ш. Басты дақылдары – банан, кокос пальмасы, ванил бобы ағашы, копра, цитрус, ананас. Қшкі қажетке батат, маниок, ямс, таро, бақша дақылдары, көкөніс, манго егіледі. Қрі қара, шошқа, ешкі өсіріледі. Ұй құстарын өсіру мен балық аулау кәсібі дамыған. Өнеркәсіпте а. ш. шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары, ағаш кесу з-ттары, тігін фабрикалары жұмыс істейді. Темір, мыс, мырыш, күміс кен орындары ашылған, мұнай орындары барлануда. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады. Автомобиль жолының ұз. 680 км. Басты теңіз порты (сауда орталығы) – Нукуалофа және Нейафу. Экспортқа копра, тропик. жемістер, сыра, теңіз өнімдерін, киім-кешек, шағын экскаваторлар шығарады. Сырттан тамақ өнімдері, өнеркәсіп тауарлары, машиналар мен көлік құралдары, минералдық майлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 2790 АҚШ долл-ы. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Фиджи аралдары.[4][5]

Пайдаланылған әдебиеттер[өңдеу]

  1. Department of Economic and Social Affairs Population Division (2009) (PDF). World Population Prospects, Table A.1. 2008 revision. United Nations. http://www.un.org/esa/population/publications/wpp2008/wpp2008_text_tables.pdf. Retrieved 2009-03-12. 
  2. a b c d Tonga. International Monetary Fund. Тексерілді, 21 сәуір 2010.
  3. Human Development Report 2010. United Nations (2010). Тексерілді, 5 қараша 2010.
  4. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  5. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том