Монако

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Монако княздігі
Principauté de Monaco
Flag of Monaco.svg Монако елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Deo Juvante»
Монако ұлттық әнұраны
Europe location MCO.png
Тәуелсіздік күні 8 қаңтар 1297 (Генуядан)
Ресми тілі француз тілі
Елорда Монако
Ірі қалалары Монако/Монако-Виль, Монте-Карло, Ла-Кондамин және Фонвьей
Үкімет түрі Дуалистикалық Конституциялық монархия
Князь
Премьер-министрі
Альберт II
Мишель Роже
Мемлекеттік діні католицизм
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті

2,02[1] км²
0
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

35 986[2] адам (209-шы)
17 814.85 адам/км² (1-ші)
ЖІӨ
  • Қорытынды (2000)
  • Жан басына шаққанда

870 млн $ (140-шы)
27 000 $
Валютасы Еуро
Интернет үйшігі .mc
ISO коды MC
ХОК коды MON
Телефон коды +377
Уақыт белдеулері +1,
жазғы уақытта +2

Координаттар: 43°44′00″ с. е. 7°25′00″ ш. б. / 43.733333° с. е. 7.416667° ш. б. (G) (O)

MonacoLibreDeDroits.jpg

Монако (Monaco), Монако княздығы – Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 км2. Халқы 33 мың (2001). Этностық құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италиялықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 96%-ы христиан-католиктер. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 19 қараша. Монако – конституциялық монархия. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – княз. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – ұлттық Кеңес. Жоғарғы атқарушы орган – Үкімет кеңесін мемлекеттік министр басқарады. Монако 1993 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бірлігі – еуро. Климаты – жерортатеңіздік, субтропиктік.[3]

Тарихы[өңдеу]

Ежелгі заманда Монако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. 10 – 1 ғасырларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. 1 ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, 8 – 10 ғасырларда арабтардың билігі орнады. 11 ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 жылы Францияның қамқорлығына өтті. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1848 жылғы төңкеріс Монакодағы князь өкіметін жойғанымен, келесі жылы қайта қалпына келтірілді. 1865 жылы Франциямен кедендік одақ жасалды. 1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды. 1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралақ орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1951 жылы Монако мен Франция арасында кедендік алым-салық, пошта, телекоммуникация, т.б. салаларда өзара қарым-қатынас орнату жөніндегі конвенцияға қол қойылды. 1962 ылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы болып саналады.[3]

Экономикасы[өңдеу]

Монако – Еуропадағы туризмнің негізгі орттарының бірі. Елде халықараралық деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа дәл өлшегіш аспаптар, дәрі-дәрмектер шығарады. ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 26170 АҚШ доллорына тең (1995).[4][5]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Ministère des Affaires étrangères (France). Mise à jour : 29.01.09
  2. Monaco at The World Factbook
  3. a b Страны мира, краткий политико-экономический справочник, Минск, 1999; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
  5. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.