Мозамбик
República de Moçambique
Мозамбик Республикасы
|
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
|
||||||
Әнұраны: Pátria Amada |
||||||
Елордасы (және ең ірі қаласы) |
Мапуту |
|||||
Ресми тілдері | португалша | |||||
Үкімет түрі | Унитарная республика | |||||
— | Президент | Арманду Гебуза (Armando Guebuza) |
||||
— | Премьер-министр | Алберту Вакина |
||||
Тәуелсіздік | ||||||
— | от Португалии | 1975 маусымның 25 | ||||
Аумағы | ||||||
— | Барлығы | 801 590 км² (35-ші) Айтылым қатесі: Күтілмеген сан sq mi |
||||
— | Су (%) | 2.2 | ||||
Жұрты | ||||||
— | Шілде 2005 сарап. | 19 792 0001 (54-ші) | ||||
— | 1997 жұрт санағы | 16 099 246 | ||||
ЖІӨ (АҚТ) | 2005 сарап. | |||||
— | Бүкіл | $27,013 billion (100-ші) | ||||
— | Жан басына шаққанда | $1 389 (158-ші) | ||||
АДИ (2004) | 0,390 (low) (168-ші) | |||||
Ұлттық ақшасы | Метикал (Mt) (MZM ) |
|||||
Уақыт белдеу(лер)і | CAT (UTC+2) | |||||
— | Жазғы уақыт | not observed (UTC+2) | ||||
Интернет үйшігі | .mz | |||||
Телефон белгілемесі | +258 | |||||
1 Оценки для этой страны явно учитывать последствия превышения смертности в результате СПИДа, что может привести к снижению продолжительности жизни, высокой детской смертности и смертности, снижение населения и темпов роста, а также изменения в распределении населения по возрасту и полу, чем в ином случае были бы ожидать. |
Мозамбик Мозамбик Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801,6 мың км². Астанасы – Мапуту қаласы Халқы – 19,1 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі – португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады. Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы – үкімет. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 25 маусым (1975). Мозамбик 1975 жылдан БҰҰ-ға, Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше. Ақша бірлігі – метикал. Мозамбик' Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Суазиленд және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. . Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет
Мазмұны
Табиғаты[өңдеу]
Елдің солтүстігінде биіктігі 2419 метрге дейін жететін Шығыс Африка таулары орналасқан. Ең биік жері батыстағы Матабеле (2436 м) шыңы. Шығыс мұхит жағалауларында ойпатты жазық бар, орталық бөлігі таулы келеді. Мозамбиктің негізгі өзендері: Замбези мен Лимпопо. Ең үлкен көлі ішінара Мозамбик аумағына орналасқан Ньяса (Малави) көлі. Негізгі пайдалы қазбалары: таскөмір, титан, темір кендері, боксит пен мыс. Солтүстігінде сирек ормандар, жағалауларында ылғалды саванна, ірі өзендердің жағасында мәңгі жасыл ағаштардың бірнеше түрлері өсетін орман бар. Жануарлар дүниесі бай әрі алуан түрлі болып келеді. Оңтүстік Африканың басқа жерлерінде ұлттық бақтар мен қорықтарды ғана мекендейтін Африка пілдері, киіктер, керіктер, мүйізтұмсықтар, арыстандар, леопардтар, шиебөрілер өмір сүреді. Ормандарында маймылдар, жыландар мен құстар көп. Сирек кездесетін ақ мүйізтұмсық, кафр буйволы өседі. Солтүстігінде климат субэкваторлық, муссонды, оңтүстігінде тропикалық пассаттық. Жылдық орташа темп-расы оңт-те 20 – 22ӘС, солтүстікте 25 – 28ӘС шамасында. Оңтүстік бөлігіндегі жылдық жауын-шашын мөлшері 750 – 1000 мм, ал солтүстік бөлігінде 1500 мм-ге дейін жетеді.
Тарихы[өңдеу]
Тарихы. Мозамбик жерін ежелгі заманнан бушмендер мен готтентоттар мекендеді. Кейіннен оларды банту тайпалары ығыстырды. Б.з. 1-мыңжылдығының соңы мен 2- мыңжылдықтың басында Мозамбик аумағында мемлекет бірлестіктері (ең ірісі Мономотапа) пайда болды. 8 ғасырдан бастап арабтар, 16 ғасырдың басынан португалдар Мозамбик жағалауларына өтіп, елге ішкерілей ене бастады. Португалдар 1505 жылы Софала фортын, 1508 жылы Мозамбик бекінісін салды. 1629 жылы португалдар Мономотапаның билеушісін өздеріне бағынышты ететін шартқа қол қоюға мәжбүр етті. 17 – 18 ғасырларда португал отаршылдары Мозамбик аумағында құл саудасымен айналысты. Құлдарды Бразилиядағы қант плантацияларына жұмыс істеуге тасыды. 1752 жылы Португалияның дербес отарына айналды. Португалдардың Мозамбиктің ішкі аудандарына толық билік орнатпақ болған әрекеттері Ватуа мемлекетімен арадағы ұзаққа созылған соғысқа әкеп соқты. Африкалықтар 1894 – 95 жылы отаршылдарды бірнеше рет жеңіліске ұшыратты. Тек 1895 жылдың соңында ғана португалдар ватуалықтарға тойтарыс беріп, басшыларын тұтқындады. Бұдан кейін де қарулы күрес 2 жылға созылды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін басқа Африка елдері сияқты Мозамбикте де ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1962 жылы құрылған ФРЕЛИМО (Мозамбикті азат ету майданы) қарулы ұйымы тәуелсіздік алу жолында португалдармен күрес жүргізді. Нәтижесінде 1975 жылы 25 тамызда Португалия Мозамбиктің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Мозамбик ұлттық қарсыласу қозғалысы мен билік арасындағы 16 жылға созылған азамат соғысы 1992 жылы бейбіт келісімге қол қоюмен аяқталды.
Экономикасы[өңдеу]
Экономикасы. Ауыл шаруашылығы мен су энергетикасының экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан Мозамбик Африканың ең кедей елдерінің қатарында қалып отыр. Өнеркәсібінің неғұрлым дамыған салалары: мұнай өңдеу, химия, тоқыма, темекі, тамақ өндірісі. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: мақта, қант құрағы, шай, маниох, жүгері, күріш. Экспортқа кешью жаңғағы, қант, мұнай өнімдерін, копра, мақта, цитрустық жемістер шығарады. Сырттан машина, түрлі құрал-жабдықтар, азық-түлік сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 500 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ.
Әдебиеттер[өңдеу]
Әдебиеттер: Хазанов А.М., Политика Португалии в Африке и Азии, М., 1967; Мондлане Э., Борьба за Мозамбик, пер. с англ., М., 1972; Страны мира, Полный универсальный информационный справочник, М., 2004. Н. Әшіров
|
---|
Алжир · Ангола · Бенин · Ботсвана · Буркина-Фасо · Бурунди · Гвинея · Гвинея-Бисау · Габон · Гамбия · Гана · Джибути · Эритрея · Эфиопия · Замбия · Зимбабве Камерун · Кабо-Верде · Кения · Конго Демократиялық Республикасы · Конго Республикасы · Кот-д-Ивуар · Комор аралдары · Лесото · Либерия · Ливия · Мадагаскар · Малави · Мали · Мозамбик · Морис · Мавритания · Мысыр · Намибия · Нигер · Нигерия · Оңтүстік Африка Республикасы · Орталық Африка Республикасы · Руанда · Сахара Араб Демократиялық Республикасы · Сейшель аралдары · Сенегал · Сомали · Свазиленд · Судан · Сьерра-Леоне · Танзания · Того · Тунис · Уганда · Чад · Экваторлық Гвинея · |
Ангола • Андорра • Аргентина • Боливия • Бразилия • Ватикан • Венесуэла • Гвинея-Бисау • Гватемала • Доминикан Республикасы • Эквадор • Испания • Италия • Кабо-Верде • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Мальта • Мексика • Мозамбик • Молдова • Монако • Никарагуа • Гондурас • Панама • Парагвай • Перу • Филиппиндер • Португалия • Румыния • Сан-Томе және Принсипи • Сан-Марино • Сенегал • Уругвай • Франция • Чили •
|
---|
Албания • Алжир • Ауғанстан • Әзірбайжан • Бангладеш • Бахрейн • Бенин • Бруней • Буркина-Фасо • Гвинея-Бисау • Габон • Гайана • Гамбия • Джибути • Ирак • Иран • Йемен • Кот-д’Ивуар • Кувейт • Қазақстан • Камерун • Катар • Комор аралдары • Біріккен Араб Әмірліктері • Қырғызстан • Ливия • Ливан • Марокко • Малайзия • Малдив аралдары • Мали • Мозамбик • Мавритания • Мысыр • Нигерия • Нигер • Өзбекстан • Палестина • Пәкістан • Сауд Арабиясы • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сомали • Судан • Суринам • Сирия • Чад • Тәжікстан • Того • Тунис • Түркия • Түрікменстан • Уганда • Оман • Иордания • Индонезия • Экваторлық Гвинея |
|
---|
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Бангладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсвана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуэла • Вьетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гвинея-Бисау • Гвинея • Гренада • Грузия • Гватемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Эквадор • Армения • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Ямайка • Замбия • Зимбабве •Исландия • Израиль • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Катар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Кувейт • Қазақстан • Америка Құрама Штаттары • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Марокко • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малави • Мали • Малдивтер • Маврикий • Мавритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка Республикасы • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагвай • Пәкістан • Перу • Филиппин • Руанда • Сальвадор • Сауд Арабиясы • Сент-Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайвань • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунис • Түркия • Уганда • Индонезия • Үндістан • Уругвай • Иордания • Фиджи • Хорватия • Чили • Гонконг • Шри-Ланка 1 Еуропа Одағының барлық жиырма жеті мүше елі БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген: • Австрия • Бельгия • Болгария • Германия • Грекия • Дания • Ирландия • Испания • Италия • Швеция • Кипр • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Мальта • Недерландия •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финляндия • Франция • Чехия • Эстония |
|
---|
CAR = Central African Republic DRC = Democratic Republic of the Congo |