Мектеп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Оқушы формасы (Пәкістан)

Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.[1] Мектептердің түрлері:

1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;
2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;
3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;
4) оқытудың тілдік нысанына қарай:
а) ұлт мектебі;
ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп;
б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы;
в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады; қара Қазақстан (оқу-ағарту жүйесі).[2]

Жалпы білім беретін мектеп[өңдеу]

Жалпы білім беретін мектеп - әр қайсысы дербес қызмет жасай алатын үш басқыштан: бастауыш, негізгі және жоғарғы басқыштардан тұратын, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, орта, жалпы білім беретін оқу орны.[3]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6