Уикипедия:Жақсы мақалалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу


Таңдаулы суреттер · Таңдаулы порталдар · Таңдаулы тізімдер · Таңдаулы мақалалар · Жақсы мақалалар

Лақап:
УП:ЖМ
✯
Жақсы мақалалар - сапасы жақсы, бірақ әзірше таңдаулы мақала болып қабылданбаған мақалалар. Жақсы мақалалар үміткерлікке ұсыну процессін сәтті өте отыра, жақсы мақала критериялеріне сәйкес келеді. Қысқасы, олар өте жақсы жазылған, іс жүзінде нақты және сенімді мағлұматы бар, кең қамтылған, пікір жағынан бейтарап, тұрақты және мүмкіндігінше авторлық құқықты бұзбайтын суреттермен толықтырылған болуы тиіс. Жақсы мақалалар таңдаулы мақалалар сияқты терең, әрі ұзын болуы міндетті емес, дегенмен тақырыптың негізгі қыр-сырларын қамтуы керек. Келесі салыстыру жақсы және таңдаулы мақала айыпмашылықтарын сипаттайды. [1]

Мақалаға "жақсы" деген жұлдызша беру процессі қарапайым. Егер қандай да бір мақаланы жақсы деп тапсаңыз, оны Уикипедияның дауыс беру бетіне ұсына аласыз. Сайлаушылар тарапынан ұсынған мақалаңыз таңдалса, ол Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне қосылады. Қарсы жағдайда, қажетті жақсарту ұсыныстары мақаланың талқылау бетіне жазылуы тиіс. [2]

Қазір Уикипедияда қазақ тілінде жазылған 212 223 мақала бар. Оның ішінде 15 жақсы мақала бар.

Мақаланың жоғарғы жағында, оң жақта тұрған кішкене күміс жұлдызша (Silver piece.png) мақаланың жақсы екенін көрсетеді.


Жақында таңдалған мақалалар

Miguel Cotto.jpg

Мигель Анхел Котто (ис. Miguel Angel Cotto; 29 қазан 1980, Кагуас, Пуэрто-Рико) — бірінші орта салмақта өнер көрсететін пуэрториколық кәсіпқой боксшы. 2000 жылғы Пуэрто-Рико ұлттық құрамасының мүшесі. Бірінші жартылай орта (WBO тұжырымы, 20042006 жылдар), жартылай орта (WBA тұжырымы, 20062009 жылдар), бірінші орта (WBA тұжырымы, 20102012 жылдар) және орта салмақтағы (WBC тұжырымы, 2014—қазіргі уақыт) әлем чемпионы. 4 бірдей салмақ дәрежесінде чемпиондық атақтар жеңіп алған пуэрториколық бірден-бір боксшы. (толығырақ ...)


Tarantino, Quentin (Scream1).jpg

Квентин Джером Тарантино (ағылш. Quentin Jerome Tarantino; 27 наурыз 1963, Ноксвилл, Теннесси, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинооператор, актер және кинопродюсер. Кинодағы постмодернизмнің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Тарантино 1994 жылы «Қойыртпақ шығармасы» (Pulp Fiction) фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағы» (1994), «Оскар» (1995, 2013), «Алтын глобус» (1995, 2013), «BAFTA» (1995, 2013) және тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. «The Guardian» журналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды. (толығырақ ...)


World map 2004 CIA large 1.7m whitespace removed.jpg

География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу» — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым:

  1. Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені. Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандары: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) және геожүйелерді (ландшафтты, табиғи аймақтарды, биогеоценозды т.б.)
  2. белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география).

(толығырақ ...)

Storm in pacifica 6.jpg

Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас.

Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15,8 мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723,7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165,2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707,6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы). Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.

(толығырақ ...)

География

География: География
Мемлекеттер: Кот-д’Ивуар
Нысандар: Грейт-Смоки-Маунтинс (ұлттық саябақ)
Қалалар: Рио-де-Жанейро
Суқоймалар мен өзендер: Тынық мұхит

Тарих

Шайқастар мен көтерілістер: Корей соғысы

Саясат және үкімет

Дін және мистицизм

Өнер, архитектура және археология

Спорт және ойындар

Футбол клубтары: Ақтөбе (футбол клубы)

Ғылым

Киелі кітаптар: Құран оқылуы

Техника

Ғарыш: Халықаралық ғарыш станциясы
Интернет: Facebook

Тұлғалар

Ақын, жазушылар: Абай Құнанбайұлы
Монархтар: Еділ қаған
Кинематография: Квентин Тарантино

Басқалары

Дереккөздер

  1. Wikipedia:Good articles // Ағылшынша Уикипедия (GFDL лицензиясы қайнаркөз өңдемелерінің тарихы). Қазақшаға аударылған күні: 24 шілде 2013 жыл
  2. Wikipedia:Good articles // Ағылшынша Уикипедия (GFDL лицензиясы қайнаркөз өңдемелерінің тарихы). Қазақшаға аударылған күні: 24 шілде 2013 жыл