Эвкалипт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Эвкалипт
Buds, capsules, flowers and foliage of E. tereticornis
Buds, capsules, flowers and foliage of E. tereticornis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Rosids
Сабы: Myrtales
Тұқымдасы: Myrtaceae
Кіші тұқымдасы: Myrtoideae
Тайпасы: Eucalypteae
Тегі: Eucalyptus
L'Hér.
Natural range
Natural range
Species

About 700; see the List of Eucalyptus species

Синонимдері

Aromadendron Andrews ex Steud.
Eucalypton St.-Lag.
Eudesmia R.Br.
Symphyomyrtus Schauer[1]

Eucalyptus flowers2.jpg

Эвкалипт (play [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]ˌjuːkəˈlɪptəs[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]], Eucalyptus) – мирта тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта не ағаш. 500-дей түрінің барлығы дерлік Австралия мен Тасманияда (тек 2 – 3 түрі ғана Оңтүстік-Шығыс Азияда) кездеседі. Биіктігі 80 – 100 м-ге дейін жетеді, діңі өте мықты. Ағаш қабығы түрлеріне қарай тегіс, талшықты, қабыршақты және қатпарлы болып келеді.

Eucalyptus regnans, a forest tree, showing crown dimension, Tasmania, Australia
Eucalyptus camaldulensis, immature woodland trees, showing collective crown habit, Murray River, Tocumwal, New South Wales, Australia
Eucalyptus cretata, juvenile, showing low branching ‘mallee’ form, Melbourne, Victoria, Australia

Жапырақтары алғашқыда – ұзынша, кейін қандауыр тәрізді болып, жарық көзіне параллель орналасады, сондықтан Эвкалипт ормандары ашық, жарық болады. Гүлдері қос жынысты, ақ, сары немесе қызыл түсті, шатырша гүлшоғырына топталған немесе дара өседі. Оларды ара, сона, құстар және қолқанаттылар тозаңдандырады. Күлте және тостағанша жапырақшаларының пішіні қанат тәрізді, олар ағаш гүлдене бастағанда түсіп қалады. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Жарық сүйгіш өсімдік, 500 жылдай өсіп тұрады. Эвкалипттің сүрегі берік, ауыр, ақ түстен күрең қызыл түске дейін болады, оны құрылыста, қағаз жасау өнеркәсібінде қолданады. Жапырағының құрамында эфир майы бар, сондықтан оларды медицинада және парфюмерияда пайдаланады. Эвкалипт ағашы өте тез өседі, 15 жылда оның биіктігі 15 – 20 м-ге жетеді, сондықтан олар субтропиктік және тропиктік аймақтарда мәдени түрде (топырақ бекіту үшін) көп өсіріледі. Эвкалипт орманы суды көп буландыратындықтан, батпақты аймақтарды құрғатады.[2]

Маңызы[өңдеу]

Эвкалипт ағашын түрлі мақсаттарға қолануға болады, сол себепті ол маңызды рөл атқарады. Оны әшекейлер жасауда, отындық және баланстық ағаштар, орман материалдарын өндіруде қолданады. Эквалипт тамырларының көмегімен топырақтағы ылғалды сіңіреді. Сондай-ақ бұл ағаштың материалы үй жұмысына, құрылыста, фанералар, есіктер мен терезелер жасауда қолданылады.

Эвкалипт майы[өңдеу]

Эвкалипт майы ағаштың жапырақтарынан алынады. Бұл - күшті антисептикалық және дезинфекциялық зат. Бұл майды бірқатар ауруларды емдеп жазуда қолданады. Ол ыстығы көтерілгенді, тері бөртпелерін емдейді. Сондай-ақ бұл май салқын тию, жөтел және тыныс алу жолдарының ауруларын емдеп жазады. Ол қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетіп, бұлшық ет пен буын ауруларын емдейді.

Таралуы[өңдеу]

Эквалипт ағашының отаны Австралия болып саналады. Сондай-ақ ол Жаңа Гвинея мен Индонезияның кейбір аймақтарында кездеседі. Эвкалипт шамамен 35-50 жыл бұрын пайда болған.

Сипаттамасы[өңдеу]

Эвкалипт – Аустралия ормандарының 90 %- ын алып жатқан тік өсетін биік ағаш . Эвкалипт ең биік ағаш болып есептеледі., бірақ оның ешқашан да көлеңкесі болмайды және жанында ешбір өсімдік өспейді, ал тамыз айында оның барлық тамыр жүйесі жер бетіне шығып, діңі мүлдем жалаңаштанып қалады, халық арасында оны «ұяты жоқ ағаш» деп атайды.

«Эвкалипт – тірі «насос». Жапырақтары күнге қабырғасымен орналасып, қызып кетпейді, ал лептесіктері тәулік бойы ашық тұратындықтан және жапырақтары көлеңке түсірмейтіндіктен ағаштың айналасы құрғақ болады, шөптесін өсімдіктер өспейді. Сүрегі қабыққа қарағанда жылдам өсіп, қабықты жарып жібереді де, жалаңаштанып қалады.

Ол Аустралия дан басқа Оңтүстік Африка, Тасмания, Қытай және т.б. жерлерде өседі. Эвкалипт – тропиктік, субтропиктік елдердің барлығында –Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Краснодар өлкесі, Карпат өңірінде мәдени түрде өсіріледі. Эвкалипт туысының шамамен 525 - тей түрі бар, гүлді өсімдіктердің ішіндегі ең биік өсетін ағаш. Ғалымдар биіктігі 155 м, дінінің жуандығы 25 м жететін түрін сипаттаған. Биіктігі 100 м, 72 м және т.б. жететін, 35000 жыл «жасағандары» да анықталған. Сеппе көшетінің бірінші жылдың соңында биіктігі 2,5 м, 10 жылдан соң 25 – 30 м жетеді. Орталық Аустралияның шөліндегі ыстық климатта биіктігі 2-3 м-ден аспайтын аласа бұта болып өседі. Эвкалипт – сыртқы орта жағдайының өзгеруіне жақсы бейімделетін мәңгі жасыл өсімдік. Жапырақ тақтасы қатты, ұзын қылыш тәрізді ұшы үшкір, жиегі тегіс, ұзын сағақты. Жас өскіндерінің жапырағы өркенге қарама- қарсы, орналасады, эфир майлы безшелері болады.

Эвкалипт гүлінің гүлсеріктері қатты ағаштанған, оны «қалқанша» дейді, гүлі ашылмай тұрғанда сыртын қаптап тұрады. Осыған байланысты - эвкалипт – грекше « жақсы жабылған» - деген мағынаны білдіреді. Гүлдері ашылғанда қалқанша гүлсеріктері дереу түсіп қалады. Аталығының жіпшелері ұзын, сары, қызғылт, қызыл түсті гүлтабанына бекінеді. Аналық жатыны 2-7 ұялы, жемісі шар тәрізді, сырты жылтыр немесе қырлы, кедір – бұдырлы. Жемісі- қауашақ, ағаш басында көп жыл бойы сақталады, бір жылда піседі, қауашағы қақырап ашылады. Жемісі мен тотықұстар қоректеніп, тұқымының таралуына себепші болады. Эвкалипт тез өседі, ерекше қасиеті – сазды – батпақты жерлердің суын буландырып топырақты кептіреді, сондықтан оны кейде «тірі сорғыш» (живой насос» дейді Жапырақтарында эфир майы, қабығында илік заттары болады. Отанында эвкалипт «ғажап ағаш», «тіршілік ағаш», «орманның төресі» деп аталады. Эвкалипт – барлық атаққа сай келетін ағаш. Эвкалиптен жасалған препараттарды (дәрілерді) безгек, бронхит, тұмау, балалардың тамақ ауруын емдеуге қолданады. Жапырағының тұнбасы мен (настой) іріңдеген жараны, баспаны (ангина), құяңды (радикулит), асқазан жарасын емдейді. Эвкалипт майының судағы ерітіндісін құмырысқа, маса, шыбындарды жою үшін

пайдаланады. Өнеркәсіпте эвкалипт майын шайыр ерітуге, лак, бояу, желім дайындауға қолданады.

Бұл ағаштар ыстыққа, тасты топыраққа, сонымен бірге температураның кілт өзгеруіне де бейімделген. Эвкалипттер өте жылдам өседі, тіршілігінің алғашқы жылы биіктігі 2-2,5 м- ге жетеді. Олардың діндерінде өте жылдам өскендіктен қабықтары жарылып кетеді де, салбырап тұрады. Діңі жылдам өсіп, қабықпен жабылып үлгермейді.

Жас эвкалипттердің тамырларында түйнектер болады. Өсімдік өскен сайын түйнектер де өседі, уақыт өте келе олар ағашты қабықпен қапталады.

Эвкалипт – мәңгі жасыл өсімдік, бірақ құрғақшылық жиі болатын Австралияда тіршілігін сақтап қалу үшін олар көбіне жапырақтарын тастайды, сөйтіп жалаңаштанып қалады. Эвкалипттердің жапырақтары ұзын сағақты, күн сәулесіне параллель бағытталады, сондықтан эвкалипт ормандарында үнемі жарық болады, онда қарағандар т.б. бұталар өздерін жақсы сезінеді.

Эвкалипт өте жылдам өседі, бірақ олардың гүлдеуін біраз күтуге тура келеді, себебі гүлшанақ пайда болғаннан кейін 1-1,5 жылдан соң гүлдейді. Жемістері де 1 жыл бойына пісіп жетіледі, қауашақтардың ашылуына тағы бірнеше жыл кетеді[3].

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Eucalyptus L'Hér.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (27 қаңтар 2009). Тексерілді, 28 ақпан 2010.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  3. «Биолог анықтымылығы» журналы №2. 2013 жыл. 56 бет