Палау Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бойлық-ені: 7°20′59″N, 134°30′35″E Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Палау деген бетті қараңыз.

Beluu er a Belau
Republic of Palau
Palau байрағы Palau елтаңбасы
ӘнұраныBelau loba klisiich er a kelulul
Palau орналасуы
Елордасы Melekeok1
7°21′N, 134°28′E
Ең ірі қаласы Koror
Ресми тілдері Ағылшын тілі, Palauan,
Танылған өңірлік тілдері Japanese, Angaur, (in Angaur) Sonsorolese, (in Sonsoral) Tobian, (in Hatohobei), Carolinian, Filipino, Chinese
Халық атауы Palauan
Үкімет түрі Democratic Президенттік республика
 —  President Johnson Toribiong
 —  Vice president Kerai Mariur
Тәуелсіздік from UN Trust Territory 
 —  Date October 1, 1994 
 —  Су (%) negligible
Жұрты
 —  шілде 2007 сарап. 20,842 (217th)
 —  Тығыздығы 43/km² (155th)
ЖІӨ (АҚТ) 2006 сарап.
 —  Бүкіл $157.7 million² (not ranked)
 —  Жан басына шаққанда $10,000 (2006 est.) (not ranked)
АДИ (2003) n/a (unranked) (n/a)
Ұлттық ақшасы US Dollar (USD)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC+9)
Интернет үйшігі .pw
Телефон белгілемесі +680
1 On 7 October 2006, government officials moved their offices in the former capital of Koror to Melekeok, located 20 km (Үлгі:Convert/pround mi) northeast of Koror on Babelthaup Island. ² GDP estimate includes US subsidy (2004 est.)

Үлгі:Wikinews

Палау Республикасы (палауша: Beluu er a Belau, ағылш. Republic of Palau) — құрғақ шекарасы жоқ арал мемлекеті, Тынық мұхиттың Филиппин теңізінде орналасқан.

Елордасы — Мелекеок қаласы (1998 жылға дейін елордасы Корора қаласы еді).

Атауы[өңдеу]

Жағрапиясы[өңдеу]

Филиппиннен 500 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Жалпы көлемі 458 шаршы шақырым, 200 шамасында аралдарынан құрастырылған. Палау архипелагы (шоқ аралдары) Мариан аралдарының бір бөлігі.

Аралдардағы орташа температура — Цельсий бойынша 24-28 градус.

Әкімшілік бөлінісуі[өңдеу]

Жұрты[өңдеу]

1998 жылы халық саны 18,1 мың адам шамасында еді (2007 жылы — 20,8 мың адамға өсті). Палау мемлекеті 200-ге жуық аралдан тұрады, ең ірісі – Бабелтуап. Халқының 80%-ы палаулықтар, қалғаны филиппиндіктер. Жергілікті халық негізінен полинезиялық, меланезиялық және малайзиялық нәсілдердің араласуынан пайда болған. Ресми тілі – ағылшын тілі, сондай-ақ палау, каролин тілдері де қолданылады. Негізгі дін — мәсіхшілік (католиктер мен протестанттар). 10% халық шамасында жергілікті діндерді ұстанады. Тұрғындардың 40% католик, 20% протестант, қалған бөлігі жергілікті наным-сенімдерді ұстанады.

Тарихы[өңдеу]

Палау архипелагын адамдар б.з.б. 1000 ж. шамасында қоныстана бастаған. Аралдарды алғаш рет 1543 ж. испан теңізшісі Руи Лопес де Вильялобос ашқан. 16 – 17 ғасырларда испандықтар Палау аралдарын толық отарлайды. 1710 ж. Германия Палау аралдарын испандықтардан сатып алған

16 ғасырдан бері Испаниядан тәуелді еді. Испан-американ соғысынан кейін Испания Филиппинсіз қалды және Палау аралдарын Алманияға сатты.

1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония осы аралдарды жаулап алып, 1920 жылы Ұлттар Лигасынан Палау аралдарын бағуға рұқсат беретін мандат алады.

1947 жылы Палау Американың бақылауына түсіп, Микронезияның құрамына кірді.

1993 жылдың қараша айында Палаудың «АҚШ-пен еркін біріктірілген мемлекет» деңгейі қабылданды.

БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі 1986 ж. 28 мамырда қабылдаған 2183-резолюциясына сәйкес 1994 жылының қазанның 1-інде Палау Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. АҚШ-пен еркін біріктірілу туралы келісімнің мерзімі 2009 жылы аяқталады, бірақ оның ұзатылуының мүмкіндігі бар. Бірақ осыған қарамастан арал халқы әлі өз таңдауын жасамаған, сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауында қалып отыр.

Саясат жайғасы[өңдеу]

Мемлекет 16 штаттан тұрады. Үкімет басшысы — президент, парламент екі палатадан құрастырылған (сенат пен делегаттар палатасы).

Қазіргі Елбасы — президент Томас Эсанг Ременгесау.

Экономикасы[өңдеу]

Палау экономикасының негізі — саяхат (туризм), балық аулау, мал бағу, қолөнерлер. ВВП деңгейі — 124,5 млн. долл. (2004 ж.), негізінде АҚШ субсидияларынан құрастырылған. 2004 жылы импорт көлемі (107,3 млн. долл.) экспортті (5,8 млн. долл.) 20 есе асқан.

Ұлттық ақшасы — АҚШ доллары.

Корор қаласының күнделікті ауа-райы

Мәдениет және қоғам[өңдеу]

Әлеуметтік саласы[өңдеу]

Палауда а. ш. (тропик. егіншілік) пен балық аулау жақсы дамыған. Экспортқа копра, кокос майы, қолөнер бұйымдарын шығарады. Сырттан азық-түлік тағамдары, а. ш. жануарлары, машиналар мен көлік жабдықтары, отын, химия өнеркәсібі өнімі, өнеркәсіп тауарлары, сусындар, темекі әкелінеді. Негізгі сауда әріптестері АҚШ, Ұлыбритания, Тынық мұхиты елдері. Басты порт – Корор. Соңғы жылдары туризм дамып келеді.

Палау аралдары

Қарулы күштері[өңдеу]

Дереккөздер:[өңдеу]

Түсініктемелер[өңдеу]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]