Исландия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Исландия Республикасы
Lýðveldið Ísland
Flag of Iceland.svg Исландия елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Исландия ұлттық әнұраны
Iceland (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні 17 маусым 1944 (Даниядан)
Ресми тілі исландша
Елорда Рейкьявик
Ірі қалалары Рейкьявик, Коупавогюр, Хабнарфьордюр, Акюрейри
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Олафур Рагнар Гримссон
Йоханна Сигурдардоттир
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 105-ші-орын
103 125 км²
2,7
Жұрты
• Сарап (2010)
Тығыздығы

317 630 адам (177-ші)
3,08 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

12,409 млрд. $ (132-ші)
36,32 мың $ (9-шы)
АДИ (2011) 0,898 (өте жоғары) (14-ші)
Этнохороним исландиялық
Валютасы Исланд кронасы
Интернет үйшігі .is
ISO коды IS
ХОК коды ISL
Телефон коды +354
Уақыт белдеуі +0

Координаттар: 64°49′50″ с. е. 17°59′12″ б. б. / 64.830556° с. е. 17.986667° б. б. (G) (O)

Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норвегия мен Норвег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкьявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.

Сөз төркіні[өңдеу]

Аралдың атауының аудармасы — мұзды жер.

Географиясы[өңдеу]

Солтүстік Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдің бірі — Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегі ең жас елдердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, Исландия Жер тарихының төрттік дәуірінде су асты (Атлант мұхиты) жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңінде қатып, аралға айналған мемлекет.

Исландияның жағалау шекарасы 5 мың km жуықтайды. Елдің солтүстік және солтүстік-батыс аудандары таулы болып келсе, оңтүстік бөлігін құмды алқаптар алып жатыр. Исландияның бүкіл жерін дерлік мұз жамылғысы басып жатыр. Ел бойынша жердің 11 900 km² аумағы мұз жамылғысымен жастанған. Мұндай мұзтаулар елдің солтүстік бөлігінде орасан көп. Оның ірілері — Ватнайекүдл, Хофсиекүдл және Лаунгиекүдл. Ал елдің биік нүктесі — Хваннадалсхнукүр (2119 m).

Елдің төрт шекарасын да мұхит қоршап тұрғанымен қоса, Исландияда өзендер мен көлдердің ірі жүйесі бар. Елдің ірі көлдері — Тингвадлаватн мен Тоурисватн. Алайда теңіз деңгейімен салыстырғандағы әлем бойынша ең төмен орналасқан британдық көршісімен қатар қойғанда Исландия әлдеқайда биікке қоныс тепкен.

Ахуалы[өңдеу]

Исландия өзінің аралдық көршісі — Британ аралдары секілді жауын-шашынның көптігімен ерекшеленеді.

Дегенмен аралдың атауы мен мұздықтардың көптігін алға салып, Исландияны арктикалық ел екен деп ойласақ, үлкен қатеге ұрынамыз. Өйткені Солтүстік-Атлант ағысы (Голфстрим) әкелетін жылы желдер лебі Исландияның ауа райын бірқалыпты етіп отырады. Бұл аймақта қаңтардың орташа температурасы бар болғаны −1 °C болса, шілденің орташа температурасы +11 °C. Басқаша айтқанда, елдің жазы аптап емес те, қысы табан тоңдырмастай. Қоңыржай климаттың туристер үшін жайлылығы басым болғанымен, ауыл шаруашылығы үшін аяқтан шалатын жайт екені рас. Осыдан да келіп, Исландия ауыл шаруашылығы дамуы жөнінен артта қалған елдер санатына жатқызылады.

Өсімдіктер дүниесі[өңдеу]

Ел жерінің ¼ ғана өсімдік жамылғысы жауып жатыр. Оның өзінің үлкен бөлігін мүк пен аласа шөптер алады. Ал ағашты өсімдіктер мекеннің 1% ғана иеленеді. Рас, жауын-шашынның молдығы өсімдік өсуіне басқалай әсер етуі қажет. Яғни былайғы жұрт Исландияны жасыл алқапты, шыңғылды ел деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұз жамылғылары мен асқан ылғалдылық, кей мекеннің батпақты не құнарсыз топырақты болып келуі — Исландияның өсімдік жамылғысының тым жұқалығына септігін тиігізіп отыр.

Хайуанаттар дүниесі[өңдеу]

Елдің фаунасы да өте бай емес. Мекеннің ең тұрғылықты жануары — ақ түлкі (песец) саналады. Ал 18 ғ. бері Исландияға жерсіндірілген тышқанның бірнеше түрі мен 80-ге жуықтайтын құстар түрі, солтүстік бұғы-маралдар аймақтың жаңа тұрғындары іспеттес. Бірақ бұлардың бәрі де елдермен салыстырғанда азшылықты құрайды. Тек қана Исландияның мұхит жағалауында балықтар түрлері ғана көп. Исландия теңіз жануарларына кенде емес. Тіпті жағалауда итбалықтың екі бірдей түрі мен киттердің бірнеше түрі мекен етеді.

Әкімшілік бөлінісуі[өңдеу]

Жұрты[өңдеу]

Тарихы[өңдеу]

Исландияны халық 870 жыл шамасында қоныстана бастаған. Қоныстанушылар, негізінен, норвегтер, сондай-ақ, ирландиялықтар , шотландтар, тағы басқалары Скандинавия халықтары болды. Қоныстанушылар аралды "Мұз елі" деп атады. 980 ж. исландиялықтар исландиялықтар Гренландия аралын ашып, 1000 жылда Амерткаға жетті. 10-ғ. бастап аралда алғашқы мемлекеттер құрыла бастады., 1000ж. християн діні қабылданды. 1262-64 ж. елді норвег ақсүйектері басып алды. 1380 ж. Исландия даниямен уния (бірлестік) құрды. Елді ауру жаулап, халық саны азайып кетті. 16-ғ.-да ел Дания мемлекетіне бағынды. 1830 жылдан бастап елде майда өндірістік кәсіп орындар құрала бастады. 1857 жылы Исландияда Ұлттық құрылтай жиналысы құрылып, автономия берілуін талап етті. Дания бірқатар жеңілдік жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп бір ғасыр өтіп Исландия мемлекеті толықтай құрылды. Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда өте жас елдердің бірі. Алайда өзге еуропалық мемлекеттер секілді тәуелсіздікке ерте қол жеткізген. Тарихтан Исландияның 13871390 жж. Данияға бағынышты болғаны белгілі.

Дереккөздер[өңдеу]

Қазақстан энциклопедиясы[өңдеу]

Саясат жайғасы[өңдеу]

Рейкьявиктағы парламент ғимараты

Исландия — республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы — президент әр төрт жыл сайын бүкілхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесінде сайланып отырады. Дегенмен президенттің уысына атқарушы билік түгелдей беріле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билік үкімет пен оның басшысы — Премьер-министрдің қолында.

Парламент (жергілікті тілде алтинг аталады) депутаттары да (жалпы саны — 63) бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 4 жылға сайланады.

Ал елдегі ең екпінді партия — «Тәуелсіздік партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үміткерлер 22 орынды (33,7 %) жеңіп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтік партия және социалистік-демократиялық альянс бар

Экономикасы[өңдеу]

Исландия экономикасы соңғы жылдары ауытқымалы күй кешті. Айталық 19962001 жылдар аралығында елдің жылдық экономикалық өсімі 3—5% құраса, 2002 ж. бұл сан күрт төмендеп, 0,2% әрең ілікті. Ал ІЖӨ 0,6% аспай қалды. Алайда араға жыл салып, яғни 2003 ж. экономикалық өсім қайта көтеріліп, елдегі инфляция 5%-дан 2%-ға дейін қысқарды. Исландия озық елдер тізбегінде 2005 ж. 16 орында тұрса, 2006 ж. мәлімет бойынша оның тағы екі саты жоғарылағаны анықталды. Осы өрлеу нәтижесінде ғана Исландия алып алтылық қатарынан табылды.

Өнеркәсібі[өңдеу]

Елде аздаған сұр тас көмір өндірісін есепке алмағанда, тау-кен өндірісі мүлдем жоқтың қасы. Оның есесіне екінші дүниежүзілік соғыстан соң өңдеуші өнеркәсіп саласы қолға алына бастады. 1960 жж. бастап, импортталған шикі алюминий өңделіп, құрылысқа қажетті дайын алюминий өнімі экспорттала бастады. Исландияда жеңіл өнеркәсіп саласы да соңғы жылдары алға қойылып келеді. Аяқ киім, металл өнімдері, құрылыс материалдары, электр құралдары және түрлі тұтыну тауарлары шығарыла бастады.

Энергетикасы[өңдеу]

Исландия энергетика саласы жағынан озық. Республикаға энергияның су көзі тән. Мемлекеттің гидроэнергетикалық мүмкіндігі жылына 80 млрд kW-сағ. бағаланады. Қазіргі таңда республикада 6 энергия өндіретін су көзі бар.

Тасымалдау[өңдеу]

Исландиядағы жол белгісі

Исландияда автокөлік жолы мен су жолы жақсы дамығанымен, темір жол мүлдем жоқ. Есесіне автожолдың ұзындығы 12 955 km құрайды. Өйткені республикада көлік саны тым жоғары. Ресми емес мәліметтер бойынша, Исландияда жан басына шаққанда, екі адамға 1 көліктен келеді екен. Ал елдің сауда кемелерінің жалпы тауар сыйымдылығы 192 мың тоннаны құрайды. Елде тасымалмен 3 компания айналысады.

Балық шаруашылығы[өңдеу]

Исландия экономикасының негізгі тірегі — балық шаруашылығы болып табылады. Бұл сала жалпы халықтың 12% жұмыспен қамтып отыр, сонымен қатар, елдің сыртқа шығаратын тауарларының 70% құрайды. Оның ішіндегі негізгі тұщы су балықтары — нәлім (треска) мен майшабақ. Алайда соңғы жылдардағы балық түсімінің азаюына байланысты Исландияда мойва және сайра деп аталатын балықтар да ауланып, сыртқа шығарыла бастаған.

Бұған қоса Исландия халқы кит аулаумен де айналысады. Рас, 1989 ж. халықаралық жануарларды қорғау қауымдастықтарының араласуымен кит аулауға елде мораторий жарияланғанымен, 1990 жж. ортасына қарай ел басшылығы мораторийді қайта алып тастады.

Ауыл шаруашылығы[өңдеу]

Ел халқының 5 пайызы ғана ауылшаруашылығы саласында қызмет етеді. Республикадағы жалпы ауылшаруашылығы фермаларының саны 6 мыңды құраса, оның 80 пайызы — жеке қожалықтар. Исландияның мал шаруашылығындағы негізгі нысанасы — қой шаруашылығы. Оның басты себебі: қой еті — Исландиядағы негізгі ет тағамы болып саналады.

Саудасы[өңдеу]

Сондай-ақ, сыртқы саудада балық өнімінен кейінгі орынды жерасты пайдалы қазбалары алады. Оның ішінде Исландия сыртқа алюминий, диатомит, феррокремний шығарумен шұғылданады.

Негізгі сыртқы саудада байланыс құратын елдер: Алмания — 18%, Құрама Патшалық — 17,5%, Нидерланд — 11%, АҚШ — 11%, Испания — 5%, Дания — 5%, Португалия — 4%, Норвегия — 4%.

Ал импорт жөніне тоқталғанда, Исландия мұнай өнімдері мен азық-түлік, машиналар тасымалдайды. Импорт байланысын жүргізетін елдер мен оның пайыздары төмендегідей: АҚШ — 11%, Алмания — 11%, Дания — 8,5%, Норвегия — 8,5%, Құрама Патшалық — 7,5%, Нидерланд — 6%, Ісүіш — 6%.

Жалпылама[өңдеу]

Исландия Республикасы - Солтүстік Еуропада Атлант мұхитында Исландия аралында орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 103000км2. Халқы 272000 адам (1999 жылғы санақ бойынша есептегенде). Тұрғындарының 99%-ы исландиялықтар. Ресми тілі - исланд тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан жінінің протестант-лютерандық тармағын ұсынады. Астанасы - Рейкьявик қаласы. Ел аумағында әкімшілік тұрғыдан 8 аймаққа , 23 ауданға (сисла) бөлінеді. Исландия - парламенттік Республика. 1944 ж. қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысыпрезидент 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады (1996 жылдан - О.Р. Гримссон). Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент (Альтинг) жүзеге асырады. Ұлттық мерекесі 17 маусым- Тәуелсіздік күні (1944). Ұлттық ақша бірлігі.

Мәдениет және қоғам[өңдеу]

Әлеуметтік саласы[өңдеу]

Қарулы күштері[өңдеу]

Түсініктемелер[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы[өңдеу]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Сілтемелер[өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]