Молдова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Молдова Республикасы
молд. Moldova
Flag of Moldova.svg Молдова елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Молдова ұлттық әнұраны
Location Moldova Europe.png
Құрылды 1359 жылы
Тәуелсіздік күні 27 тамыз 1991 (КСРО-дан)
Ресми тілі молдаван тілі
Елорда Flagge-Chisinau-01-10.png Кишинев
Ірі қалалары Кишинёв, Тирасполь, Бельцы, Бендеры, Рыбница, Кахул
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Парламент төрағасы
Николае Тимофти
Юрие Лянкэ
Игорь Корман
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 135-ші-орын
33 846 км²
1,4
Жұрты
• Сарап (2012)
Тығыздығы

3 559 500 адам (118-ші)
111,4 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

7,559 млрд[1] $
2127,730[1] $
АДИ (2011) Green Arrow Up Darker.svg 0,649[2] (орташа) (111-ші)
Этнохороним молдовандар
Валютасы Молдован лейі
(MDL, код 92)
Интернет үйшігі .md
ISO коды MD
ХОК коды MDA
Телефон коды +373
Уақыт белдеулері +2

Координаттар: 47°13′00″ с. е. 28°35′00″ ш. б. / 47.216667° с. е. 28.583333° ш. б. (G) (O)

Молдова, Молдова Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Табиғаты

Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ әрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте – 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге деін). Сондықтан егістер қолдан суландыруды қажет етеді. Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және құнарлы қара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12%-ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады. Денстр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылды. Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар. Молдовада отын ресурстары аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.

Халқы

Молдова халқы өте тығыз орналасқан республика. Мұндағы халықтың орташа тығыздығы 1км жерге 119 адамнан келеді. Тұрғындарының негізгі бөлігін молдовандар (64%) құрайды. Басқа ұлттардың ішінен орыстар (14%), украиндар (13%) басым. Олар Днестірдің сол жақ жағалауында көп қоныстанған. Елдің оңтүстігіндегі гагауыздар (3,5%) тұрады. Халықтың үлкен бөлігін ауыл тұрғындары (54%) алады. Соңғы онжылдықта өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты қала тұрғындарының саны да өсіп отыр. Кишинев, Бельцы, Бендеры сияқты қалалардағы халқының саны 100 мың адамға жетті.

Қысқаша тарихы

Молдова жерін адамзат төменгі палеолит дәуірінде мекендеген. 6-ғасырдан бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құрыла бастады. 10 – 12-ғасырларда бұл өлкеге көшпелі печенег, қыпшақ тайпалары келді. 13-ғасырдың ортасы мен 14-ғасырдың 1-жартысында Молдова жері Алтын Ордаға бағынды. 14-ғасырдың 2-жартысында тәуелсіз Молдавия князьдығы құрылды. Ол 15 – 18-ғасырларда Осман империясына тәуелді болды. 18-ғасырдағы орыс-түрік соғыстарынан кейін Молдова Ресей империясының қол астына кірді. 1917 – 18 ж. Молдовада Кеңес өкіметі орнады. Бірақ, елдің негізгі бөлігі — Бессарабия Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы біткеннен кейін, 1924 ж. Украин КСР-інің құрамына енген Молдован АКСР-і құрылды. 1939 ж. жасалған Кеңес – герман келісім шарты бойынша 1940 ж. Қызыл Армия бөлімдері Бессарабияны Румыниядан тартып алды. 1940 ж. 2-тамызда осы Бессарабия жерін қоса отырып, тұтас Молдован КСР-і құрылды. 1941 – 44 ж. Молдованы неміс-фашист әскерлері басып алды. 1944 – 90 ж. Кеңес Одағы құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Молдова тәуелсіз мемлекетке айналды.[3]

Географиялық орны

Елдің отын-шикізат базасы жоқ, пайдалы қазбаларды сырттан тасиды. Өнеркәсіптегі жетекші сала – тамақ өндірісі (жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 50%). Шарап, жеміс, көкөніс қалбырлау, эфир майын өндіру алдыңғы қатарда. Машина жасау (автотіркемелер, ауыл шаруашылығы машиналарын жинақтау және т.б.), химия және жеңіл өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Қант, темекі, шарап секілді жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндіріледі және бидай, жүгері, қант қызылшасы, жеміс-көкөністер өсіріледі. Ет-сүт өнімдерін өндіру де жақсы жолға қойылған. Сыртқы саудада тамақ өнімдері мен шарап шығару басым. Негізгі импортталатын тауарлар қатарында отын, шикізат, машиналар, химия өнімдері және т.б. бар. Басты сауда серіктестері – Ресей, Украина, Беларусь. Ресейдегі Молдова елшілігі Қазақстандағы Молдова елшілігі қызметін қоса атқарады.[4]

Молдова — бұрынғы кеңестік республикалар ішіндегі ең кіші және халық ең тығыз қоныстанған республика. Оның теңізге шығатын жолы жоқ және Еуропаның ең кедей елдерінің қатарына жатады.

Молдованы екі жағынан Украина қоршап тұр, ал батысында Румыниямен шектеседі. Елдің негізгі аумағын орташа биіктігі теңіз деңгейінен 140 м-ден аспайтын төбелі, ойпатты жазықтар алып жатыр. Батысында Реут пен Пруг өзендерінің аралығында биіктігі 340 м-ге дейін жететін орманды Кодру үстірті орналасқан. Молдова аумағының 35%-ынан астам бөлігін жалпақ жапырақты ормандар қамтыған. Өзендердің ең ұзыны — Днестр Шығыс Молдова арқылы ағып өтіп, Украина жерінде Қара теңізге құяды.

Шаруашылығы

Молдованың шаруашылық кешендеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған. Тамақ өнеркәсібі әр түрлі шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өндірістердің көбі республиканың оңтүстік-шығыс шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған. Қант щығаратын зауыттар Молдованың солтүстігінде, яғни қант қызылшасы көп егілетін жерлерде орналасқан. Олардың ең ірілері – Дондюшаны, Бельцы, Рыбницы сияқты қалаларда шоғырланған. Май шайқайтын (эфир майын, жүгері мен күнбағыстан өсімдік майын алатын) өнеркәсіптер ел аумағында біркелкі орналасқан. Қазіргі кездегі ең ірі зауыттар Бельцы мен Бендеры қалаларында жұмыс жасайды. Шарап жасау – шаруашылықтың көне саласы болып табылады. Шарап пен коньяк шағаратын кәсіпорындар жүзімдіктері көп аудандарда (орталық және оңтүстік Молдова) орын тепкен. Ал ең ірі шарап-коньяк комбинаттары :Кишинев пен Тираспольде. Темекі өнеркәсібі – негізінен, республиканың темекі өсіретін солтүстік және орталық аймақтарында дамыған. Машина жасау – соңғы жылдары қалыпстақандығына қарамастан, мұнда тракторлар (Кишинев), қызан жинайтын комбайндар (Бельцы), ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне қажетті құралдар шығаратын зауыттар мен электроника (Кишинев) қарқынды дамуда. Машина жасау өнеркәсібі--Inurseitov (talk) 16:23, 2013 ж. ақпанның 27 (ALMT)

Молдова аумағының 70%-дан астамы құнарлы қара топырақпен жабылған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары — бидай, темекі, жүгері, күнбағыс, ал елдің оңтүстігінде жүзім өсіріледі. Шарап жасау — 1991 жылы ел өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өндірістің гүлденген санаулы салаларының қатарына жатады. Ауыл шаруашылығы Молдова экономикасындағы экспорттың негізгі бөлігін құрайтын аса маңызды сектор. Мұнда еңбекке қабілетті елдің 40%-ға жуығы жұмыс істейді. Молдова халқының жартысынан астамы ауылды жерде тұрады. Өнеркәсіп өнімінің 42%-ын тамақ өнеркөсібі өндіреді. Минералдық ресурстарға кедей және ірі көлік магистральдарынан алыста орналасқан елдің экономикасы құлдырау сатысын басынан өткізуде.

Жеңіл өнеркәсіп шеттен әкелінетін шикізатты қолданады. Тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары мақта мата (Тирасполь комбинаты) және жібек мата (Бендеры) шығарады. Кілем тоқитын үлкен комбинат та (Унгены) жұмыс жасайды. Сонымен қатар тігін, тоқыма, былғары аяқкиім фабрикалары (Кишинев, Тирасполь) бар. Құрылыс материалдары өнеркәсібі жабынқыш (черепица), бақалшықтардан түрлі блоктар, шифер, темір-бетон сияқты құрылыс өнімдерін шығарады. Электр энергетикасы республика экономикасында үлкен рөл атқарады. Днестр өзеніне Дубоссар СЭС-і, ал Прут өзеніне Румыниямен бірлесе отырып СЭС салынған. Аса қуатты Молдова ГРЭС-і Днестровск қаласының маңында жұмыс жасаса, ал Кишинев, Тирасполь мен Бельцы қалаларында сырттан әкелінетін отынды пайдаланатын ЖЭО бар.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. a b IMF staff estimates, World Economic Outlook Database, сәуір 2012
  2. Moldova (Republic of) Country Profile: Human Development Indicators.  (ағыл.)
  3. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  4. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.

Тағы қараңыздар

[1]


  1. Географи\. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Ә.Бейсенова., К.Каймулдинова., С.Әбілмәжінова., Қ.Баймырзаев., Ж.Достай.Алматы: 2006. ISBN 9965-33-575-3