Бөген

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
A.
Қапшағай бөгені
  • Бөген, су бөгені — арнасын бөгетпен бөгеу немесе жер бедерінің көлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су қоймасы. Бөген өзен ағынын тиімді пайдалану (электр энергиясын өндіру, кеме қатынасы, сумен қамтамасыз ету, егін суару, балық өсіру, т.б.) мақсатында жасалады. Шағын Бөгендерді әуіт, тоған деп те атайды. Су мөлшерін реттеу мерзіміне байланысты тәуліктік, апталық, маусымдық (немесе жылдық) және көп жылдық Бөген болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең ірі [Ангара|Ангарадағы Братск Бөгенінің көлемі 170 км3. Қазақстанда Ертіс өзенінде аса ірі Бұқтырма, ІледеҚапшағай, СырдариядаШардара Бөгендері бар.[1]
  • Бөген - Сағалық өңірінде бірте-бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық бөгендер болып екі түрге бөлінеді. Ашық бөгендер теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың бөгендер теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады.[2]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.