Жапырақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі,онда органикалыққ зат түзіледі,газ алмасып,су буланады.

Agathosma betulina - Köhler–s Medizinal-Pflanzen-020.jpg

Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа — мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар.[1]

Жапырақ құрылысы[өңдеу]

1 Каштана лист VizuIMG 2024.JPG

Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен.)

Жүйкелену[өңдеу]

Жапырақ тақтасындағы өткізгіш шоқтар

Жүйкелену - деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады .

Олардың қызметі:

  1. Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі ;
  2. Органикалық заттар басқа мүшелеріне таратылады;
  3. Жапыраққа беріктік қасиет береді.

Жүйкеленудің типтері:

  1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады.
  2. Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді саланып таралады.
  3. Параллель жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады .
  4. Доғалы жүйкелену жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер , жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір -бірімен түйіседі .

Жапырақтың сабақта орналасуы 3 түрлі болады:

  1. Кезектесе орналасу. Сабақтың әр буынында 1 жапырақ болса - кезектесе орналасу деп аталады.
  2. Қарама қарсы орналасу. Бір буында екі жапырақ қарама-қарсы болса- қарама қарсы орналасу деп аталады
  3. Топтаса орналасу. Бір буында үш-төрт жапырақ болса - топтаса орналасу деп аталады

Өсімдік жапырағы[өңдеу]

Лист и соцветие дерева катальпа.jpg

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30-40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2-3 жыл, Кавказ самырсынында 9-13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың түсуі[өңдеу]

Боярышник-лист-осенняя-окраска.jpg

Жапырақтың түсуі — өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапырақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің (салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық, т.б.) жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің жапырағы мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады.[2]

Жапырақ бүргесі[өңдеу]

Толық мақаласы: Жапырақ бүргесі

Жапырақ бүргесі (Psyllіnea) — тең қанаттылар отрядына жататын зиянкес жәндік. Жер бетінде кең тараған, 1300-дей түрі белгілі. Қазақстанның, негізінен, оңтүстігінде кездеседі. Ондағы жеміс ағаштарының зиянкестеріне алма жапырақ бүргесі (Psylla malі) және алмұрт жапырақ бүргесі (Psylla pyrіcola) жатады. Бұлардың дене тұрқы 1,5-4 мм-дей (Австралияда кездесетін түрінің ұзындығы 6 мм). Басы жалпақ, көздері үлкен, күрделі болады. Қос жұп қанаттары түссіз. Аяқтары қысқа, артқы жұп аяқтары секіруге бейім. Жылына 1-5 ұрпақ береді, топтанып тіршілік етеді. Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады. Көктемде олардан шыққан дернәсілдері (жылтыр, жалпақ) мен нимфалары (жыныстық жағынан толық жетілмеген аналықтары) жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады. Дернәсілдері қоректенгенде, өздерінен бөлінетін тәтті, жабысқақ сұйық затпен өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдап, өсуіне кедергі жасайды. Өспеген жеміс ағаштары солып, қурап қалады. Сондай-ақ, жапырақ бүргесі — вирус таратушы жәндіктер. Күресу шаралары: ағаштар бүршік жарғанда фосфорлы органиктік инсектицидтер шашу қажет.

Жапырақ жемірі[өңдеу]

Толық мақаласы: Жапырақ жемірі

Жапырақ жемірі, жапырақ жегісі (Chrysomelіdae) — қатты қанаттылар отрядына жататын қоңыздардың бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 40 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 1000-ға жуық түрі бар. Ұзынша келген денесінің тұрқы 10 мм-дей. Қоңыздардың барлығы дерлік ашық түсті болады. Бұлардың сопақша дернәсілдерінің үстін безді бүртіктер жапқан. Жапырақ жемірлері өсімдіктердің жапырағымен қоректеніп, жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Ал кейбір түрлері топырақ арасында немесе өсімдік ұлпасының ішінде тіршілік етеді. Жапырақ жемірі — орман, бақ, көкөніс ағаштарының зиянкестері. Мысалы, айқышгүлдер бүргесі — көкөністің, колорадо қоңызы — картоптың, астық сүлікшесі — бидайдың зиянкесі. Кейбір түрлері арамшөптерді жоюда биологиялық күрес шараларын жүргізу үшін қолданылады.

Дереккөздер[өңдеу]

Өсімдіктану кітабы 6-7 сынып

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. "Қазақ Энциклопедиясы"