Никарагуа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
República de Nicaragua
Никарагуа Республикасы
Никарагуа байрағы Никарагуа елтаңбасы
ӘнұраныSalve a ti, Nicaragua
Никарагуа орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Манагуа
12°9′N, 86°16′W
Ресми тілдері испанша
Үкімет түрі Республика
 —  Президенті
Вице-президенті
Даниэль Ортега
Омар Халлсевенс
Тәуелсіздік от Испания 
 —  Жарияланғаны 1821 Қыркүйектің 15 
 —  Танылғаны 1850 Шілденің 25 
Аумағы
 —  Барлығы 129 494  км² (97th)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 7.14
Жұрты
 —  Шілде 2006 сарап. 5,603,000 (107th)
 —  2005 жұрт санағы 5,142,098 
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $20.996 billion (108th)
 —  Жан басына шаққанда $3,636 (119th)
Джини (2001) 43.1 (medium
АДИ (2006) Green Arrow Up Darker.svg 0.698 (medium) (112th)
Ұлттық ақшасы Кордоба (C$) (NIO)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC-6)
Интернет үйшігі .ni
Телефон белгілемесі +505

Никарагуа (Никарагуа Республикасы) – Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 131,8 мың км². Халқы 4,6 млн (1998). Халқының 70%-ы метистер, 16%-ы еуропалықтар, қалғандары басқа ұлт өкілдері. Ресми тілі – испан тілі. Астанасы – Манагуа қаласы. Әкімшілік жағынан 16 департаментке бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы Ұлттық ассамблея. Халқының көпшілігі христиандар. Ұлттық мейрамы 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – алтын кордоба. Никарагуаның шығыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Солтүстік және орталық бөлігін таулы қырат (ең биік жері – 2438 м), батысы мен оңтүстігін тектоникалық ойыс алып жатыр. Батыс Никарагуада Эль-Вьехо (1780), Момтомбо (1258), Ометепе (1556 м) сөнбеген жанартаулар бар. Тектон. ойыста жер сілкінулер болып тұрады. Климаты ылғалды тропиктік-пассаттық (солт.-шығыс жағы) және маусымдық ылғалды субэкваторлық (оңт.-батысы). Жыл бойғы орташа темп-ра 25 – 28ӘС, таулы аймақта 16 – 22ӘС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 – 6500 мм. Жерінің 40%-ын ылғалды тропикті орман мен саванна алып жатыр.

Тарихы[өңдеу]

Ежелгі заманда Никарагуа жерін чибча тілі тобындағы бірнеше тілдерде (никарао, микито, чаротеги) сөйлейтін үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтардан алғаш Христофор Колумб келді. 1523 ж. испандық отаршылдар Никарагуа аумағын Санто-Доминго аудиенциясына қосты, кейін 1539 ж. Панамаға, 1573 ж. Гватемала генерал-губернаторлығына біріктірді. 1821 ж. Никарагуа өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1823 – 38 ж. Орталық Америка құрама провинцияларының біріккен федерациясының құрамында болды. 1838 жылдан дербес мемлекет. 19 ғасырдың 2-жартысында Никарагуа үшін Англия мен АҚШ арасындағы бақталастық күшейіп, 1841 ж. Англия Никарагуаның Кариб жағалауына протектаратын орнатты. 1912 – 33 ж. Никарагуаны АҚШ әскерлері басып алды. 50-жылдары әскерилерге қарсы партизан қозғалысы күшейді. Олар 1961 ж. бірыңғай саяси ұйым – Ұлттық азат етудің сандинистік майданын құрды. 1977 ж. қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. 1979 ж. әскерилер биліктен кетуге мәжбүр болды. 1984 ж. тұңғыш рет Никарагуада жалпыға бірдей ерікті сайлау өтті. 1986 ж. жаңа конституция қабылданды. 1990 ж. сайлауда Оппозициялық ұлттық одақ жеңіске жетіп, жаңа үкімет құрылды.

Экономикасы[өңдеу]

Никарагуа – аграрлы ел. Экономикасы қант құрағын, кофе, мақта өсіруге негізделген. Күріш, фасоль, жүгері, банан, темекі және какао да өсіріледі. Өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған (мақта тазартатын кәсіпорындар, қант, былғары завоты). Экспортқа кофе, мақта, қант, банан, теңіз өнімдерін шығарып, сырттан тұтыну бұйымдары, құрал-жабдықтар, азық-түлік алады. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлш. 2370 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – АҚШ, Германия, Орталық Америка елдері, Испания, Мексика. Қазақстан мен Никарагуа арасындағы дипломатикалық байланыс алғаш 1994 ж. 6 шілдеде орнады.[1]

Сілтемелер[өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы , 7 том 2 бөлім