Түрікменстан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Түркіменстан бетінен бағытталған)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Түрікменстан
Türkmenistan
Flag of Turkmenistan.svg Түрікменстан елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Түрікменстан ұлттық әнұраны
LocationTurkmenistan.svg
Тәуелсіздік күні 27 қазан 1991 жыл (КСРО-дан)
Ресми тілі түрікменше
Елорда Ашхабат
Ірі қалалары Ашхабат, Ташховуз, Түрікменабад, Түрікменбашы
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов
Мемлекеттік діні Ислам
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 53-ші-орын
491 200 [1] км²
4,9
Жұрты
• Сарап (2010)
Тығыздығы

5 176 502 [2] адам (114-шы)
10 адам/км²
ЖІӨ
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

36,640 млрд. $ (98-ші)
7000 $
Валютасы Манат (m.)
Интернет үйшігі .tm
ISO коды TM
ХОК коды TKM
Телефон коды +993
Уақыт белдеулері +5

Координаттар: 39°04′00″ с. е. 60°16′00″ ш. б. / 39.066667° с. е. 60.266667° ш. б. (G) (O)

Түрікменстан (түрікм. Türkmenistan) — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет.

Атауы[өңдеу]

Географиясы[өңдеу]

Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр.

Түрікменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түрікменстанның Ашхабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түрікменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм каналы.

Сонымен бірге, канал 1 млн ha жерді суландырады. Оның ұзындығы 1100 км.

Ахуалы[өңдеу]

Елдің қыс айларындағы орташа температурасы 26—32 °C, ал жаздағы ыстық 70 °C асады.

Әкімшілік бөлінісуі[өңдеу]

Түрікменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уәлаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уәлаяттарын және Ашхабад қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уәлаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.

Жұрты[өңдеу]

Халқының саны 6 млн адамға жуық.

Түрікмен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түрікмендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирак, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түрікменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа армяндар, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады.

Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түрікменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.

Тарихы[өңдеу]

Түрікменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған.

1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді. Түрікменстан жерін адамдар тас ғасырынан мекендей бастаған. Б.з.б. 6-мыңжылдықта жейтун мәдениеті осы өңірде қалыптасқан. Копетдаг тау баурайындағы жазықтықтан Жейтун, Чопан-Тепе, Бами, Чағыллы, Монджуклы, т.б. ежелгі қоныстардың қалдықтары табылған. Ол дәуірде жергілікті халқы егін егу, мал өсіру, аң аулаумен шұғылданған. Энеолит дәуірінде Түрікменстан-да анау мәдениеті болды. Ондағы елді қоныс қалдықтары Копетдагтың солт. тармақтары мен Теджен өз. саласынан табылған. Бұл тұста Түркіменстан-да диқаншылық пен мал ш. кең өріс алды. Шағын кенттер салынды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың аяғы мен 1-мыңжылдықтың басында Түрікменстан-да әлеум. жіктелу күшейіп, алғашқы мемл. құрылымдар пайда болуына байланысты суалмалы егіс жүйесі, сауда-саттық дамыды, қалалар ірге көтерді. Түрікмен халқының тарихы ерте кездегі Орта Азияны мекендеген тайпа-ұлыстар тарихымен тығыз байланысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде Түрікменстан жерінде қуатты Маргиана және Парфия мемлекеттері болды. Каспий т-нің оңт.-шығыс жағалауын Гиркания, Солт. жағасындағы даланы Массагеттер мен көшпелі дах (дай) тайпалары мекендеді. Б.з.б. 7 – 6 ғ-ларда Маргиана Бактрияның, ал Парфия мен Гиркания Мидия мемлекетінің құрамына кірді. Б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда бұл аймақтар Ахемен әулетінің қол астына қарады. Б.з.б. 4 ғ-дың соңында Түрікменстан жерін А.Македонский жаулап алды, б.з.б. 3 ғ-дың орта кезінде тау бөктеріндегі аймақта Парфия патшалығы пайда болды, оның ордасы – Ниса қ. Б.з.б. 224 ж. Сасани әулетінен шыққан парсы бектері Парфия патшалығын талқандап, оңт. Түрікменстанның жерін басып алды. Б.з. 1 ғ-дың орта шенінен бастап Арал маңындағы ғұндар мен жергілікті тұрғындар ұзақ уақыт араласып, сіңісіп кетті. Солт. Түрікменстан аумағындағы халықтардың шығу тарихында аландар маңызды орын алды. 5 ғ-дың ортасында Түрікменстан-ның көптеген жерін эфталит тайпалары (ақ ғұндар) биледі. 6 ғ-дың орта кезінде эфталиттер мемлекетін Түрік қағандығы құлатты да, жергілікті көшпелі ұлыстар түркі тілдес тайпаларға бағынды. Қағандық ыдырағаннан кейін түрік тайпалары Каспий атырабындағы далалық аймақта және Дағыстанда өз алдына дербес ел болды. 7 ғ-дың орта шенінде Түрікменстан жеріне арабтар басып кіріп, жергілікті халыққа ислам дінін алып келді. Түрікмендер жат жұрттықтарға қарсы бірнеше рет бас көтерді (655 ж. Мервтегі көтеріліс, 8 ғ-дың 70 – 80-жылдарындағы Муканна көтерілісі). Дегенмен, олар ислам дінін қабылдаған алғашқы түркі тайпалары болды.. 9 – 10 ғ-ларда Түрікменстан Тахари әулеті (821 – 73) мен Самани әулеті (900 – 99) мемлекеттерінің құрамына кірді. Бұл кезеңде елде Үргеніш, Ниса, Абиверд, Серахс, Дахистан, т.б. ірі сауда-қолөнер орт-тары пайда болды. 9 – 11 ғ-ларда Сырдарияның төм. және орта ағысын бойлай және Каспий т-нің солт. мен шығыс аймақтарына түркі тілдес оғыз тайпасы келіп қоныстанды.
1040 ж. Селжұқ әулетінен шыққан көсемдердің басшылығымен оғыздар Түрікменстан жерін басып алды. Сөйтіп, оғыздар түрікмен халқының қалыптасуына қосалқы негіз болды. Олар жергілікті тұрғындармен араласып “түрікмен” атанып кетті. 1158 ж. көшпелі оғыздар мен Хорасан бұқарасының көтерілісі Сал-жұқ мемлекетін құлатты. 12 ғ-дың соңы мен 13 ғ-дың басында Түрікменстан жері Хорезм шахтарының қол астына қарады, 12191221 ж. Шыңғыс ханның әскерлері басып алды. Түрікмен тайпаларының көпшілік бөлігі Каспийдің шығыс жағалауына ығысып, Балқаш маңайындағы далалық аймақтарды, Узбой аңғарын паналады. Түрікменстан аймағын Алтын Орда, Шағатай ұлыстары және Хулагу мемлекеті бөлісіп алды. Түрікмендер Алтын Орда хандарына, т.б. жат жерлік билеушілерге қарсы бірнеше рет көтеріліске шықты. 13 – 14 ғ-ларда түрікмендердің ұлт ретінде қалыптасу процесі одан әрі жалғасты. Бұған Солт. Түрікменстан-ды, Үстірт пен Маңғыстау түбегіне қоныстанған түрікмен тайпалары (Салыр, языр, алил) негіз болды. Хулагу мемлекеті құлап (14 ғ-дың ортасы), Алтын Орда әлсірегеннен кейін (14 ғ-дың 60-жылдары) Түрікменстан жерінде жартылай тәуелсіз бірнеше ұлыстар пайда болды. Бұларды 14 ғ-дың 70 – 80-жылдары Әмір Темір бағындырды. Темір мемлекеті құлағаннан кейін түрікмендердің біраз бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарының, қалғандары Иран билеушілерінің қол астына қарады. 16 ғ-дың бас кезінде Сарқамыс ойпатының тұрғындары ойысып, егін егуге жарамды Ахал, Атек, Мерв, Атрек және Гюрген аймақтарын жайлады. Тайпалардың осылайша көшіп-қонып, шашыраңқы қоныстанып жүруі салдарынан түрікмендер мемлекет құра алмады. 16 ғ-дың 50-жылдарында оңт.-батыс Түрікменстан тұрғындары Аба Сердардың басшылығымен Иран әкімш-не қарсы көтеріліп, Хиуа жасақтарының көмегімен шах әскерлерін талқандады. 16 ғ-да орыс-түрікмен байланысы орнады. Астрахан және Маңғыстау түбегінде ортақ сауда орт-тары ретінде бекет-қостар пайда болды. 17 ғ-дың соңы мен 18 ғ-дың басында түрікмендердің біразы Ресей жеріне көшіп, Солт. Кавказға қоныстанды (Ставрополь түрікмендері). 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың бас кезінде Шығыс Еуропа мен Орта Азия арасындағы сауда жолдарының бәрі Түрікменстан жерін басып өтетін болды. Түрікмендер Ресеймен сауда жасауға ықыласты болды да өз жерінен өтетін керуен жолының қауіпсіздігін сақтауға міндеттенді. 19 ғ-дың басында түрікмендердің кейбір тайпалары – абдал, чаудар, игдир, бурунчук, тозашы рулары Ресейдің бодандығына ресми түрде мойынсұнды (9.5.1802). өнеркәсіптік қарым-қатынастары дамып келе жатқан Ресей үшін арзан да сапалы шикізат көзі мол Орта Азия кеңістігін бағындыруда ағылшындармен арадағы бәсекелестік Түркіменстан-ды отарлау саясатын тездете түсті. 1869 ж. Каспий т-нің шығыс жағалауына орыс әскерлері келіп, Красноводск (қазіргі Түрікменбашы) қаласын салды. 18691885 ж. Ресей империясының Түрікменстан аумағын отарлау әрекеті жергілікті тұрғындар тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Әсіресе, Ахал алқабын жайлаған теке руы орыс басқыншыларына қатты қарсылық көрсетті. 1885 ж. Атрек, Теджен, Мерв және Пендан алқабы Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Түрікменстан орыс және ағылшын капиталының өрісіне айналды.
Британ тауар бірлестігі түрікменнің мұнайын игеріп, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын ашты. Каспий маңындағы т. ж. бойына орыс кенттері салынды. Ресей үкіметі өлкені империяның шикізат базасына айналдыруға, мақта өсіру көлемін ұлғайтуға жанталасты. Ежелгі түрікмен жерінде ұлттық мемл. құрылым Қазан төңкерісінен кейін ғана қалпына келді. 1924 ж. 27 қазанда КСРО ОАК Түрікменстан КСР-ін құру туралы қаулы шығарды. Дегенмен, пролетариат диктатурасына негізделген жаңа жүйеге көшуге түрікмен халқы қатты қарсылық көрсетті. 19201930 ж. елде басмашылар қозғалысы бас көтерді. Бірақ бұл баскөтерулер күшпен басылды. 2-дүниежүз. соғысқа түрікмен халқы да белсене араласты. Соғыстан кейінгі жылдары Түрікменстан-да көптеген жаңа өндіріс орындары ашылып, а. ш. дамыды, жаңа қалалар бой көтерді.
1991 ж. қазанда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Түрікменстан Республикасының мемл. тәуелсіздігі жарияланды. 1992 ж. 18 мамырда Конституциясы қабылданып, елдегі мемл. басқару ісі президенттік республика пішімінде жүзеге асырыла бастады. 1995 ж. 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы “Түрікменстанның тұрақты бейтараптылығы” туралы қарар қабылдады. Онда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің Түрікменстан-ның тұрақты бейтарап ел ретіндегі халықар.-құқықтық мәртебесін мойындап, қолдайтындықтары, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейтіндіктері мазмұндалған. Халықар. ұйым осы тарихи қарарды қабылдағаннан кейін Түрікменстан Халық Мәслихаты 1995 ж. 27 желтоқсандағы мәжілісінде бейтараптылық туралы заңды тұрғыдан ресімдеу жөнінде шешім шығарды. Бұл құжат Түрікменстан-ның сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын айқындаушы негіз болып табылады.

Саясат жайғасы[өңдеу]

Түрікменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.

Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.

Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.

Түрікменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.

Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.

Экономикасы[өңдеу]

Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.

Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.

Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.

Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түрікменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.

Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.

2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.

Түрікменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады.

Мәдениет және қоғам[өңдеу]

Әлеуметтік саласы[өңдеу]

Мұнда электр қуаты, газ, су, тұз тегін. Қоғамдық көлікпен жүрудің бағасы 50 манат.

Ал бір доллардың ресми бағамы 5200 манат, базардағы нарқы 23500 манат.

Қарулы күштері[өңдеу]

Түсініктемелер[өңдеу]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

Сілтемелер[өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ИДЦ «Түрікменстан» | Негізгі ақпараттар
  2. Turkmenistan