Эквадор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Эквадор

Эквадо́р (исп. Ecuador, кечуа Ikwadur), ресми атауы Эквадо́р мемлекеті (исп. República del Ecuador [reˈpuβlika ðel ekwaˈðor], кечуа Ikwadur Republika) - мемлекет, Оңтүстік Американың солтүстік-батысында орналасқан. Испан тілінен аударғанда «экватор» деген мағынаны білдіреді.

Батысында Тынық мұхиты шайып тұр, солтүстігінде Колумбиямен, ал шығыс пен оңтүстігінде Перумен шекаралас. Эквадордың құрамына Галопогостық аралдар кіреді.

Тарихы[өңдеу]

Испандық отарлауға дейiн[өңдеу]

Қазіргі Эквадордың аумағында әр түрлi үндiс тайпалары өмiр сүрдi - кара, киту, тумбе, каньяри және басқа. Оларлар жануарларды аулады, балықшылық және егiншiлiкпен айналысты.

Б.з. 1-шi мыңжылдық соңында жағалауда тұрған «кара» үндіс тайпасы, таулы аймақтарға шабуыл жасап, басып алды. Ондағы «киту» және т.б. тайпалардың көзін жойды. Кейіннен олар жаңа мемлекетті ашты, оны латынамерикалық әдебиетінде «Киту патшалығы» деп атайды. Біртіндеп ол нағыз мемлекетке айнала бастады.

XV ғасырда(1460 жылдар) «Киту патшалығы» Тауантинсуйу инктер тайпасымен жаулап алынды(жаулап алу 15 жыл созылды). Инктер мемлекетінің көп бөлігін кечуа үндіс тайпасы құрады. Жаулап алу нәтижесінде қазіргі Эквадор аймаіында кечуа тілі үндіс тілінде ең қатты тараған тіл болды.