Фолкленд аралдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Falkland Islands
Falkland Islands байрағы Falkland Islands елтаңбасы
Ұраны"Desire the right"
Әнұраны"God Save the Queen"
Falkland Islands орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Stanley
51°42′S, 57°51′W
Ресми тілдері Ағылшын тілі
Үкімет түрі British overseas territory
 —  Head of state Queen Elizabeth II
 —  Governor Nigel Haywood
 —  Chief Executive Tim Thorogood
British overseas territory
 —  Liberation Day 14 June 1982 
Аумағы
 —  Барлығы 12 173  км² (162nd)
Айтылым қатесі: Танылмаған тыныс белгісі « » sq mi 
 —  Су (%) 0
Жұрты
 —  шілде 2005 сарап. 3,060 (226th)
ЖІӨ (АҚТ) 2005 сарап.
 —  Бүкіл $75 million (223th)
 —  Жан басына шаққанда $25,000 (2002 estimate) (not ranked)
АДИ (n/a) n/a (n/a) (n/a)
Ұлттық ақшасы Falkland pound1 (FKP)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC-4)
 —  Жазғы уақыт  (UTC-3)
Интернет үйшігі .fk
Телефон белгілемесі +500
1Fixed to the Pound Sterling (GBP).

Фолкленд аралдары (ағылш. Falkland Islands немесе Мальвина аралдары (ис. Islas Malvinas ) — Оңтүстік Америка құрлығының қиыр оңтүстікнің шығыс жағалауында, Атлант мұхитында орналасқан топарал. Ұлыбританияның иелігінде. Жер аумағы 12,2 мың км2. Екі ірі аралдан — Батыс Фолкленд (Гран-Мальвина), Шығыс Фолкленд (Соледад) және 200-ге жуық шағын аралдардан тұрады. Негізгі екі арал төбелі жазықты келеді, ең биік жері — 705 м (Асборн тауы), жағалаулары қатты тілімделген, қолайлы теңіз қойнаулары көп. Климаты қоңыржай мұхиттық салқын, үнемі еспе жел соғады. Орташа темературасы қаңтарда (жаз) 15°С, ал шілдеде (қыс) 2°С, жылдық жауын-шашын мөлш. 700 мм. Қатал климат жағдайындағы өсімдік жамылғысы, негізінен шөптесінді және аласа бұталы. Жануарлардан теңіз сүтқоректілері мен құстың көптеген түрлері кездеседі. Пингвиндер, дельфиндер, кит, теңіз бахтағы, т.б. балық түрлері мол. Халқы 2,9 мың адам, негізінен ағылшын, шотланд, француздардан құралады. Фолкленд аралдары 1592 ж. ағылшын теңізшісі Дж. Дейвис ашқан. 1764 ж. оны Франция отарлады, кейіннен Испанияға берілді. 19 ғ-дың 20-жылдары Аргентина бақылауына өтті. 1833 ж. аралдарды Ұлыбритания жаулап алып, ағылшын әскери базасын орналастырды. 1982 ж. Фолкленд аралдары үшін Аргентина мен Ұлыбритания арасында әскери қақтығыс болды. Бұл соғыс Ұлыбританияның аралдарға толық иелік орнатуымен аяқталды. Фолкленд аралдары экономикасының негізі — мал ш. өнімдері (қой еті, жүні, терісі), балық және теңіз аңдары кәсіпшілігі. Әкімшілік орталығы — Порт-Стэнли қаласы