Маршалл Аралдары Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Aolepān Aorōkin M̧ajeļ
Republic of the Marshall Islands
Marshall Islands байрағы
Ұраны"Jepilpilin ke ejukaan"
ӘнұраныForever Marshall Islands
Marshall Islands орналасуы
Елордасы
(және ең ірі қаласы)
Majuro
7°7′N, 171°4′E
Ресми тілдері Marshallese, Ағылшын тілі
Үкімет түрі
 —  President Kessai Note
Тәуелсіздік
 —  from the АҚШ October 21 1986 
Аумағы
 —  Барлығы 181  км² (213th)
70 sq mi 
 —  Су (%) negligible
Жұрты
 —  шілде 2005 сарап. 61,963 (205th)
 —  2003 жұрт санағы 56,429 
ЖІӨ (АҚТ) 2001 сарап.
 —  Бүкіл $115 million (220th)
 —  Жан басына шаққанда $1,600 (2001 est.) (195th)
АДИ (n/a) n/a (unranked) (n/a)
Ұлттық ақшасы United States dollar (USD)
Уақыт белдеу(лер)і (UTC+12)
Интернет үйшігі .mh
Телефон белгілемесі +692

Маршалл Аралдары РеспубликасыТынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 181 км². Халқы 68 мың (2000). Халқының көпшілігі микронез. нәсілдік түрге жататын маршалдықтар. Ресми тілі — ағылшын тілі. Діні — христиан-протестант. Астанасы —Маджуро қ. М. А. Р. — президенттік республика. Жоғ. заң шығарушы билікті қос палаталы парламент жүзеге асырады. ұлттық мейрамы — Конституция күні1 мамыр (1979). Ақша бірлігі — АҚШ долл. М. А. Р. 1991 жылдан Бұұ-ға мүше.
Маршалл аралдары шағын, аласа маржанды атолдар. Негізгі табиғи байлықтары: фосфорит кендері, теңіз өнімдері. Аралдардың климаты — тропиктік, пассатты - муссондық. Айлық орташа темп-расы 26 — 33С аралығында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. — 1800 мм, кейде құрғақшылық та болып тұрады. Өсімдіктер дүниесін кокос пальмалары мен басқа жаңғақтық ағаштар, мәңгі жасыл бұталар құрайды. Жануарлар дүниесі барынша жұтаң.

Тарихы[өңдеу]

Аралдар аумағын адамдар бұдан 5 — 6 мың жылдай уақыт бұрын қоныстанған. Ежелгі тарихы жөнінде деректер мардымсыз. Маршалл аралдарын 1526 ж. испандық М.Сааведра ашты. Бірақ 1788 ж. аралдарды жан-жақты зерттеген ағылшын капитаны Дж.Маршалл құрметіне Маршалл аралдары деп аталды. Аралдар 17 — 19 ғ-ларда Испанияның отары болды. 1885 — 86 ж. аралдарды Германия өз иелігіне айналдырды. 1914 ж. Маршалл аралдарын жапон әскерлері басып алып, мандаттық жүйемен Жапония мемлекетінің басқаруында болды. 2-дүниежүз. соғыс кезінде аралдар әскери қимылдар аймағына енді. Жапония жеңілгеннен кейін Бұұ-ның қамқорлығына өтіп, 1947 жылдан АҚШ-тың басқаруына берілді. Бикини мен Эниветок атолдары америк. атом қаруын сынайтын полигонға айналды (1963). Аралдар 1979 ж. 1 мамырда өзін-өзі басқару құқығына ие болып, 1991 ж. 21 қазанда тәуелсіз мемлекетке айналды.

Экономикасы[өңдеу]

Экономикасының негізгі салалары — a.ш. (кокос, бұрыш, асқабақ) мен туризм. Туризм тұрғындардың 10%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. Өнеркәсібі балық пен копра өңдеумен шектелген. Экспортқа фосфаттар, балық, кокос майы мен копра шығарады. Сырттан машина, құрал-жабдықтар, азық-түліктің кейбір түрлерін, электроника, байланыс, тұрмыстық бұйымдар әкеледі. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлш. 1730 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері — АҚШ пен Жапония.

[1]

Дереккөздер[өңдеу]

Невский В.В., Нильсон О.А., Океания, М., 1971; Страны мира, энциклопедический справочник, Минск, 1999. Н. Әшіров
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы