Румыния
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Румыния рум. România |
|||||
|
|||||
Румыния ұлттық әнұраны | |||||
Тәуелсіздік күні | 9 (21) мамыр 1877 жарияланды 13 шілде 1878 мойындалды (Осман империясынан) |
||||
Ресми тілі | Романша | ||||
Елорда | Бухарест | ||||
Ірі қалалары | Бухарест, Тимишоара, Яссы, Констанца | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Румыния сенатының төрағасы Депутаттар палатасының төрағасы |
Траян Бэсеску Виктор Понта[1][2] Крин Антонеску[3] Валериу Згоня[4] |
||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 78-ші-орын 238 391 км² 3 |
||||
Жұрты • Сарап (2011) • Тығыздығы |
▼21 790 479[5] адам (56-ші) 80 адам/км² |
||||
ЖІӨ • Қорытынды (2011) • Жан басына шаққанда |
264 млрд.(IMF 2011 est., PPP)[6] $ (47-ші) 13840 $ |
||||
Этнохороним | Романдар | ||||
Валютасы | лей (RON) | ||||
Интернет үйшігі | .ro | ||||
ISO коды | RO | ||||
ХОК коды | ROU | ||||
Телефон коды | +40 | ||||
Уақыт белдеулері | +2 |
Координаттар: 45°54′00″ с. е. 25°02′00″ ш. б. / 45.9° с. е. 25.033333° ш. б. (G) (O)
Румыния (рум. România) – Еуропаның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 237,5 мың км² , астанасы – Бухарест қаласы. Халқы 21 млн-нан астам (2013[5]) . Ресми тілі – румын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Үкімет басшысы–премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Әкімшілік жағынан 40 уезге бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Румынияның ұлттық күні – 1 жетоқсан (1990). БҰҰ -ға және Еур. Кеңеске мүше. Ақша бірлігі – лей.
Атау этимологиясы[өңдеу]
Елдің аты лат. romanus — «римдiк» сөзінен шыққан[7].
Географиялық орны[өңдеу]
Румыния жері негізінен Төменгі Дунай алабын алып жатыр. Қара теңіздің румыниялық жағалауы 245 км-ге жетеді. Румыния аумағы орташа биік таулы(800 м-ден жоғары), төбелі-белесті немесе қыратты (200-800м), ойпатты келеді. Жері Шығыс Қарпат, Оңтүстік Қарпат және Батыс Румын тауларына бөлінеді. Шығыс Қарпат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 300 км-ге созылған. Биік жері–Пьетрос тауы (2305 м). Оңтүстік Қарпаттың жалып ұзындығы 270км. Биік жері–Молдовяну тауы, 2543 м. Батыс Румын таулары Бихор массивінен (1848 м-ге дейін),Траскэу және Металич жоталарынан тұрады. Оңтүстік және Шығыс Қарпат аралығында Трансильвания үстірті орналасқан. Румынияның басты өзені–Муреш. Аумақтық көлдері Дунай аңғарында ( Потелу, Гряка, Кэлэраши, Братеш) және Қара теңізі жағалауында.
Өнеркәсіп[өңдеу]
Румыния аграрлы-индустриялық орташа дамыған ел. Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда қазба байлықтары мол. Мұнай мен табиғи газ (Еуропадағы алдыңғы орында), тас көмір, боксит, темір мен тас, мыс, т.б өндіріледі. Қара металлургия (болат, прокат, құбырлар) және түсті металлургия (алюминий, қорғасын, мырыш, мыс) дамыған. Мәшине жасау саласы ауыл шаруашылығы және құрылыс мәшинелерін, электрондық және электртехникалық жабдықтар, оптика, станоктар, құрылғылар, автобустар, жеңіл және жүк мәшинелерін, темір жол вагондарын, локомотив, кеме, тракторлар шығарады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған өндіріс орындары жұмыс істейді. Химия, цемент, шыны, ағаш өңдеу (Еуропада 2-орын) және тоқыма өндірісі дамыған. Ауыл шаруашылығы елді азық-түлікпен толық қамтамасыз етеді. Бидай, картоп, қара бидай, жүгері, арпа, қант қызылшасы, күнбағыс, көкөніс, темекі, кенеп өсіріледі. Жоғары дамыған жүзім шаруашылығы бар. Мал шаруашылығы салаларынан қой және етті сиыр өсіру басым. Экспортқа мәшине және құрал-жабдықтар, жанар-жағар май, химикаттар, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, азық- түлік, шикізат, тыңайтқыш, цемент, жиһаз, аяқкиім, металл бұйымдарын шығарады. Импортының негізін мәшинелер мен құралдар-жабдықтар, минералдық және өсімдік шикізаты, қара және түсті металдар прокаты, тоқыма бұйымдары құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 4290 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Франция, АҚШ, Орталық және Шығыс Еуропа елдері.
Дереккөздер[өңдеу]
"Қазақ энциклопедиясы" Алматы,2011
|
||
---|---|---|
Егеменді елдер | Аустрия · Албания · Андорра · Армения1 · Әзірбайжан1 · Беларусь · Бельгия · Болгария · Босния және Герцеговина · Ватикан · Германия · Грекия · Грузия1 · Дания · Ирландия · Исландия · Испания · Италия · Қазақстан1 · Кипр1 · Латвия · Литва · Лихтенштейн · Люксембург · Мажарстан · Македония · Мальта · Молдова · Монако · Нидерланд · Норвегия · Польша · Португалия · Ресей1 · Румыния · Сан-Марино · Сербия · Словакия · Словения · Түркия1 · Украина · Ұлыбритания · Финляндия · Франция · Хорватия · Черногория · Чехия · Швейцария · Швеция · Эстония | |
Мойындалмаған және жартылай мойындалған мемлекеттер |
Абхазия1 · Косово · Қарабақ1 · Оңтүстік Осетия1 · Солтүстік Кипр1 · Транснистрия | |
Тәуелді және арнайы әкімшілік аймақтар |
Фарер аралдары (Дания) · Аланд аралдары (Финляндия) · Акротири мен Декелия1 / Гибралтар / Гернси / Джерси / Мэн · Фарер аралдары (Дания) | |
1 Бір бөлігі немесе толығымен Азияда, алайда мәдени байланыс жағынан Еуропаға қатысты мемлекеттер |
|
---|
Болгария • Грузия • Румыния • Ресей • Түркия • Украина |
|
---|
Албания • Андорра • Австрия • Әзірбайжан • Армения • Бельгия • Босния және Герцеговина • Болгария • Германия• Грекия • Грузия • Дания • Ирландия • Исландия • Испания • Италия • Құрама Патшалық • Кипр • Латвия • Литва • Лихтенштейн • Люксембург • Мажарстан • Македония • Мальта • Молдова • Монако • Нидерланд • Норвегия • Польша • Португалия • Ресей • Румыния • Сан-Марино • Сербия • Словакия • Словения • Түркия • Украина • Финляндия • Франция • Хорватия • Чехия • Швейцария • Швеция • Эстония |
Ангола • Андорра • Аргентина • Боливия • Бразилия • Ватикан • Венесуэла • Гвинея-Бисау • Гватемала • Доминикан Республикасы • Эквадор • Испания • Италия • Кабо-Верде • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Мальта • Мексика • Мозамбик • Молдова • Монако • Никарагуа • Гондурас • Панама • Парагвай • Перу • Филиппиндер • Португалия • Румыния • Сан-Томе және Принсипи • Сан-Марино • Сенегал • Уругвай • Франция • Чили •
Албания • Америка Құрама Штаттары • Бельгия • Болгария • Алмания • Грекия • Дания • Исландия • Испания • Италия • Канада • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Нидерланд • Норвегия • Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Түркия • Франция • Хорватия • Чехия • Эстония
Бақылаушы елдер: Аустрия • Армения • Грузия • Литва • Мажарстан • Мозамбик • Польша • Словакия • Словения • Сербия • Украина • Хорватия • Чехия
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Парламент Румынии выразил доверие новому правительству страны 07.05.12г.
- ↑ Новое правительство Румынии возглавил социал-демократ 02.05.12г.
- ↑ Председателем Сената Румынии избран лидер национал—либералов Крин Антонеску
- ↑ В РУМЫНИИ ПРОИЗОШЛА СМЕНА ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ВЛАСТИ 04.07.12г. (орыс.)
- ↑ a b Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
- ↑ [1], IMF World Economic Outlook Database, October 2009
- ↑ Explanatory Dictionary of the Romanian Language, 1998; New Explanatory Dictionary of the Romanian Language, 2002 (ro). Dexonline.ro. Тексерілді, 25 қыркүйек 2010.