Словения

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Словения Республикасы
Republika Slovenija
Flag of Slovenia.svg Словения елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Словения ұлттық әнұраны
EU-Slovenia.svg
Тәуелсіздік күні 25 маусым 1991 жыл
1992 мойындалды (Югославиянан)
Ресми тілі Словенше
Елорда Blason ville si Ljubljana (Slovénie).svg Любляна
Ірі қалалары Любляна, Марибор, Целе, Крань, Веленье
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Данило Түрк
Янез Янша
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 150-ші-орын
20 253 км²
0,6
Жұрты
• Сарап (2009)
Тығыздығы

2 053 355 адам (144-ші)
99 адам/км²
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

58,979 млрд.[1] $ (87-ші)
29 179[1] $
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2011)
  • Жан басына шаққанда

52,430 млрд.[1] $ (74-ші)
25 939[1] $
Этнохороним Словендер
Валютасы Еуро
Интернет үйшігі .si
ISO коды SI
ХОК коды SLO
Телефон коды +386
Уақыт белдеулері +1

Координаттар: 46°10′00″ с. е. 15°00′00″ ш. б. / 46.166667° с. е. 15° ш. б. (G) (O)

Словен Республикасы (словен. Republika Slovenija), Словен Халық Республикасы (1946—1963), Әлеуметтік Словен Республикасы (1963—1991) — Орталық Еуропаның оңтүстігінде орналасқан Альпі маңы мемлекеті. Батысында – Италиямен, солтүстігінде – Австриямен, солтүстік-шығысында – Венгриямен, шығыс пен оңтүстігінде – Хорватиямен шекаралас, ал оңтүстік-шығысында Адриат теңізіне тікелей шығады. Мемлекеттің атауы словен халқының этнонимінен шыққан.

Словения БҰҰ, Европалық одақтың, Еуропа Кеңесі, НАТО-ның және Шенген келісімінің құрамына кіреді.

Тарихы[өңдеу]

Қазіргі словен халқы ата-тегі мемлекеттің аумағында б.з.д.VI ғ. қоныстанған. VII ғасырда Карантанияны құрды, ол словен халқының тұңғыш мемлекеттерінің бірі болды. Карантания әскери көмек үшін 745 жылы франктерге бас ұрды, соның нәтижесінде 1180ж. яғни өзінің құлауына дейін тәуелсіздігін формалді түрде сақтап қала алды. Франктердің әсері словендықтардың христиан дінін қабылдауына әсерін тигізді.

Ежелгі құлпытас. Истрия, Кельттер немесе Иллириялықтардан қалған.

1000 жыл уақыт аралығында «Brižinski spomeniki» атты словен тіліндегі тұңғыш жазбаша құжат жазылған. XIV ғасырда Словенияның аумағы Габсбургтардың қол астында қалып, кейін Австро-Венгрияның құрамына кіреді. Словения үш ауылды аймаққа бөлінді: Кранськ, Горишк және Штаерск.

Карантиялық герцогты ұлықтау рәсімі. Шамамен 1414 жыл

Сауда жолдарының орын ауыстыруы және XVII Отыз жылдық соғыс Словенияның экономикалық жағдайының құлдырауына әсерін тигізді, бірақ XVIII ғасырдағы шаруашылық дамулары кеңінен өріс алды: әр түрлі тауарлардың шығуы, ауылшаруашылығының өнімдері 60% артты. Ұлттық ағартушылық қозғалыстар белең алды. Бұл аралық Словендік Жандану деген атқа ие болды.

1809-1813 ж.ж. Словенияның көп аумағы Иллириялық ауылды аймақ құрамына кірді.

ХІХ ғасырда, әсіресе 1848-1849 ж.ж. Революция кезінде Австрияда және одан соң да Австриялық Көл маңында словен ұлттық қозғалысы жанданады. (орталығы — Крайна).

Петер Козлердің Словен жерлері картасы.

1918 жылы Австро-Венгрия құлайды. Италия Бірінші дүниежүзілік соғыста Словенское Приморьені толығымен жаулап алып, оны Венеция-Джулия аймағына қосады. Словения жерінің қалған бөлігі қайта құрылған Серб Корольдігіне, Хорваттарға және Словендерге кіреді. Олар 1929 жылы Югославия королдігі деп аттарын ауыстырады.

1941 жылы державалардың Югославияға деген соққысынан, Италия Люблянға дейінгі жерді, ал Германия Марибор қаласмен бірге қалған аумақтарды басып алды. Югославия Корольдігі Екінші дүниежүзілік соғыста құлады, ал Словения 29 қарашада 1945 жылы Югославия Республикасының Социалистік Федерациясының құрамына кіреді. Оған қоса Словенияға Италияның Обална-Крашка және Горишка жерлері қосылған.

25 маусымда 1991 жылы өткен референдумда, словендықтардың 88.2% Словенияның СФРЮ-дан тәуелсіз екенін айтқанын қалады.

Словениядағы соғыс (Югославияның құлдыраундағы әскери қақтығыс) он күнге созылды, соның нәтижесінде 72 ұрыс қатынасы, Югославия армиясының жоғалтқан саны 45 адам мерт болды, 146 жаралы, 4 693 әскер қызметкерлерінің және 252 федеральді қызметкерлердің құлдыққа алынумен аяқталды. Словендық қорғаушлардан 19 мерт болды, (9 комбатант, қалғаны бейбіт азаматтар) және 182 жараланды. Сонымен қатар 12 шетел мемлекеттерінің азаматтары қаза болды, көбінесе халықаралық транспорттық компаниялардың жүргізушілері көз жұмды. 31 танк (сынған, өртенген), 22 транспорттық бронекөліктер, 172 транспорттық көліктер және 6 ұшатын құрылғылар істен шықты.

1991 жылы 23 желтоқсанда Словения Республикасының ата заңы қабылданды.

Әкімшілік бөлінісі[өңдеу]

Мемлекет 210 бірлестіктен тұрады, оның 11 қала мәртебесін алған.

Саяси құрылымы[өңдеу]

Словенияның басшысы — президент, ол 5 жыл сайын сайланып отырады. Атқарушы қызметті президент және министрлер бөлмесі атқарады. Соңғы болып парламент тағайындалады.

Парламент екі палатадан тұрады: Мемлекеттік мәжіліс (državni zbor) және Мемлекеттік кеңес (državni svet). Мемлекеттік мәжіліске 90 депутат сайланады: оның 88-і –пропорционалдық жүйе жайында, ал 2 орын – мажоритарлы жүйе Словения-итальялық және Венгерлік қауымдастықтары үшін. Мемлекеттік кеңес жоғарғы палатаның қызметін атқарады. Мұнда бес жылға сайланған, экономикалық, құрылымдық және ұлттық қаумыдастық топтарының негізгі ойларын ұсынатын 40 депутат болады. Парламенттің негізгі партиялары Словения демократиялық партиясы мен Словения Либеральді демократиялық партиясы болып табылады.

Саяси партияларыдың Мемлекеттік Мәжілісте 2008 жылдың қыркүйек айында өткен қорытындысы:


Парламентте айтылмаған партиялар:

  • Lipa — ұлттық
Екінші Дүниежүзілік соғыстың  65 жыл толуы мейрамы. Словения президенті Данило Түрктің сөз сөйлеуі. 2010 жыл, мамыр.

Географиясы[өңдеу]

Словения Орталық Еуропаның Алпі-Дунай аймағында орналасқан. Негізгі 4 географиялық аймағы айқындалған: солтүстік-батысында Альпы (Юлийский, Каменско-Савински, Караван және Похорье, 42 % аумағын алып жатыр), солтүстік-шығысында — Паннониялық (Ортадунай) (28 %), оңтүстікте — Динар таулы мекені (21 %), карст жазығы, Карст бедері солай аталып кеткен, батыста — Жерорта теңізінің жағалауы (Адриат теңізі, 9 %). Аумағы 20 273 км². Құрлықтың аумағы: 20 151 км². Су алқабының көлемі: 122 км². Ең жоғарғы нүктесі —Триглав тауының шыңы (2864 м), ең төмені —Адриат теңізінің жағалауы — 0 м. Ірі өзендері: Сава (221 км), ДраваДунайдың оңтүстік ағысы. Таудан бастау алатын өзендер (Блед, Бохин) және карстовты (Церкница, мемлекеттегі ең үлкен құрғап кететін өзен 26² км. максимум). Мыңға жуық карст үңгірлері (Постойнска-Яма, Шкоцян үңгірі). Көптеген сарқырамалар, ірілеуі Чедца (130 м). Солтүстіктің көп бөлігіндегі климат қоңыржай, орташа температура қаңтарда 0…−2°С, маусымда 19…21 °C. Жауын-шашын мөлшері 800—1200 мм, тау бөктерінде 3000 мм/жылына. Аумақтың біраз жері қайын, еменді, қылқанды ормандар, таулы жерде – альпі көгалы, суда — маквис, Карст жазығы — дала өсімдіктері.

Словенияның топографиялық картасы

Экономикасы[өңдеу]

Басымдылығы: тұрақтылық. Өндіріс орындары бәсекеге тұрақты. Мықты экспорт. Саудадағы жетістік ЕС-тің арқасында. Автозауыт Revozдың өнімі мол (Рено Клио). Unior d.d. - Словен импортерларының ішіндегі ең бірінші және маңыздысы, оның ішінде неміс автопромында да. Бәсекеге қабілетті порт Коперде. Шығыс Еуропа елдерінің ішіндегі қарызы ең аз мемлекет. 2001 жылы Босниямен саудалық шартқа отырды. Осал тұстары: экономиканың біртіндеп либералдандырылуы елдегі шетел инвесторларын тұрақтандыруға себеп болды. Жекешелендіру (оның ішінде банктік сектор) баяу қозғалуда. Словенияның ұлттық валютасы — евро (бұрынғысы — толар). Словения ЕС-қа 2004 жылы кірген бірінші мемлекет, сонымен қатар біртұтас еуропалық валютаны айналымға қосқан ел. Орта есеппен Словениядағы жалақы 2007 жылдың қыркүйек айында 1260 евро құрады, орташа таза жалақы (салық төлемдері және сақтандыру жарналарын алғанда) — 820 евро. Ең төменгі жалақы 2007 жылы 522 евроны құрады.

2005 жылдың маусымында Словения Республикасының үкіметі Словенияның Даму жөніндегі стратегиясына төмендегілерді міндеттеді: ЕС-тің экономикалық орташа деңгейін көтеру үшін, сонымен қатар Лиссабон стратегиясының алдағы он жылға жұмыспен қамтамасыз ету. Өмір сүру сапасын арттыру және әр адамның әл-ауқтын жақсарту арқылы адамның дамуын, денсаулық сақтауын, әлеуметтік тәуекел және әлеуметтік ұйымшылдықтарын өлшейді. Халықтың санын арттыру үшін, жан-жақты даму үшін тұрақытылқ ұстанымын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің мінездік көрінісі, мәдениетілігі, халықаралық үдерістерге белсене ат салысуы елдің әлемдегі орнымен қатар, жұмыс жасау бейнесін көрсетеді. Мұнай шығаратын ірі Petrol компаниясы толығымен мемлекеттің қарауында, үкіметтің арнайы шешіміне байланысты ол жекеменшік бола алмайды. Словенияның энергетикасына тоқталатын болсақ, бір ғана атомдық электрстанциясы бар. Ол –– АЭС «Кршко». Жұмыссыздар деңгейі 7 %, белдік азық-түлік 1 тұрғынға 27000 доллар АҚШ, мемлекетте 950 000 жұмысшы бар. 2009 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін экспорт пен өндіріс орталықтары – 6%-ға төмендеді, ал жұмыссыздар саны – 9% артты. Словенияның банкі орталық эммисионды және бақылаушы мүше болып табылады. Бірлескен Банктерде бар, оған Словенияның 30 коммерциялық банкі кіреді.

Халқы[өңдеу]

Этникалық құрамы: 2002 жылғы санақ бойынша 1 964 036 адам.

2009 жылдың маусым айында Словенияда 2 005 692 тұрғын тіркелген. Словения халқының тығыздығына байланысты 145-ші орын алады. Халықтың орташа жасы 41,7 жыл. (ерлер- 40, әйелдер - 43).

Халықтың орташа тығыздығы км² 99 адамнан айналады. Халықтың жартысынан көбі қалада, ал қалғандары ауылды аймақтарда тұрады. Ресми тілі словен. Венгер және италья тілдері ресми жерлерде ғана мәртебеге ие. Мысалы, Венгрия мен Италия сақшылары арасында. Діні: 2002 жылғы санаққа сай католиктер халықтың 57,8 % құрайды, православиялықтар — 2,3 %, протестанттар — 0,8 %, мұсылмандар — 2,4 %.

Мәдениет[өңдеу]

Словен тілі оңтүстік-словен латын алфавиті негізінде құрылған. Ол өзінің тамырын хорват және серб тілдерінен алады, дегенмен айырмашылықтары да бар. Словен— словен тілдерінің екіұдайылық санын сақтап қалған тілдердің бірі. Қазіргі таңда словен тілінің 49 диалектісі сақталған. Словенияның атақты жазушысы Франце Прешерн (1800-49), лирикалық поэмалары арқылы словен халқының ұлттық құндылықтарын оятты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін словен халқының фольклорлық дәстүрлері жоғалды, дегенмен оларды қайта жаңғыртуды жұмыстар жүргізілуде. Мысалы «Трутамора Словеника» триосы словен халқының әнін 90ж.ж. басында өткен халықаралық баяншылар конкурсында Алессандра Миначча жеңіп алды. 1970 жылдары елге жаңа музыкалық индастриал бағыты келді, ол 1980 жылдарда бүкіл Словенияны жаулап алды (мысалы — Люблянадан Laibach тобы. Laibach — Словения астанасының немісше атауы). Сурет өнері мен мүсін өнеріндегі постмодернизм 1980 жылдардағы құрылған «Neue Slowenische Kunst» тобы мен аттары белгісіз 5 суретшінің, лақап аттары «IRWIN» салған суреттерін атауға болады. Йоже Плечник (1872—1957) – Словенияның маңызды да, көркем мәдениет орындарының авторы болған сәулетші. Словен ас үйі балық пен бұғы етін көп қолданады, сонымен қатар көрші мемлекеттердің де тамақтары ұлттық асқа айналған. Австрияданшұжықты, завитек (штрудель) және дунай ет тілімдері (вен шницелі). Итальян тағамдарына ұқсас Ньоки (картоп клёцктері), рижота (ризотто) және равиолиге ұқсас жиркроф . Венгер ас мәзірінен голаш (гуляш) пен паприкаш (бұқтырылған сиыр еті мен балапан еті) алынған. Негізгі Балқан тағамдарынан ерте кезден-ақ бурек (ірімшек пен еттен пісірілген қатпарлы бәліштер), ет және алма қосылған бәліштер дәстүрлі тағамдар қатарына қосылған. Бұнда бірнеше сандаған клёцк түрлерінің ішінде ең танымал түрі – штрукли (ірімшік клёцктері). Дәстүрлі тағамдарды мейрамхана түріндегі қонақжайлардан алған жөн. Словен ұлттық тағамдарының бірі - "Говейа юха" (Goveja juha, жіңішке кеспе ұзындығындай сиыр етінің сорпасы (rezanci), кей кездері пармезан ірімшігі қосылады) және "Гобова Юха" (Gobova juha, ақ саңырауқұлақтар қосылған сорпа). Словенияда ақ және қызыл шараптың тамаша түрлері жасалады, ащты сусындар - шнопс, бренди, т.б «жганье» деп аталатын түрі де кездеседі. Словенияда аты көпке танымал "Laško", "Union" сыраларының маркасы да бар.

Словения Республикасының мемлекеттік мерекелер туралы заңында төмендегі мейрамдар қарастырылады:

  • 1 -2 қаңтар — Жаңа жыл
  • 8 ақпан — Прешер күні, Словенияның мәдени мейрамы
  • 12 -13 сәуір — жексенбі мен дүйсенбі Пасха күні
  • 27 сәуір — Басқыншыларға қарсы көтеріліс күні
  • 1 - 2 мамыр — Еңбек күні
  • 25 маусым — Ұлттық күн
  • 15 тамыз — Успения Богородиц мерекесі
  • 31 қазан —Реформация күні
  • 1 қараша — Мерт болғандарды еске алу күні
  • 25 желтоқсан — Рождество
  • 26 желтоқсан— Тәуелсіздік күні

Дереккөздер[өңдеу]

  1. a b c d Report for Selected Countries and Subjects


Үлгі:Republics and autonomous provinces of the former Yugoslavia