Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
TÜRKSOY

түр. Türk Kültür ve Sanatları Ortak Yönetimi

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық Ұйымы

TÜRKSOY туы
TÜRKSOY туы

TÜRKSOY мүше елдері
TÜRKSOY мүше елдері

Құрылуы 1993 12 шілдеде
Бас кеңсесі Анкара, Түркия
Мүшелері 13 ел мүше
Бас хатшысы Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов
Ресми торабы http://www.turksoy.org.tr

TÜRKSOY (түр. Türk Kültür ve Sanatları Ortak Yönetimi, ТҮРКСОЙ) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.

1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.

Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі — түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.

1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.

Мақсаттары[өңдеу]

Ұйымның басты мақсаттары:

  • Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
  • Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
  • Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
  • Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
  • Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.

Мүшелер[өңдеу]

Мүше елдер (құрылтайшылар):

Қараушы елдер (кейіннен қосылғандар):

Тағы қараңыз[өңдеу]

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]