13 мамыр
|
Мамырдың 13 — Григориан күнтізбесінде жылдың 133-ші күні (кібісе жылдарда 134-ші). Жылдың аяғына 232 күн қалады.
Мерекелер[өңдеу]
Оқиғалар[өңдеу]
1904 жылы Алаштың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Шоқан Уәлихановтың еңбектері тұңғыш рет жарияланды. Бұған дейін Шоқан еңбектері Ресей империясы үшін мемлекеттік құпия ретінде жабық пайдаланылып келген болатын.
Туғандар[өңдеу]
Шәрбану Құмарова (1936) – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
Серікбай Байхонов (1953) – жазушы;
Есенгелді Кәрібаев (1954) – Солтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы;
Мейрамбек Төлепберген (1957) – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
Ералы Тоғжанов (1963) – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Әміржан Қосанов (1964) – «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы, белгілі саясаткер, ақын, журналист;
Бақытжан Әбдірайым (1965) – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, заң ғылымының докторы;
Қалдыбек Құрманәлі (1966) – композитор, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры, «Шәмші» ұлттық мәдениет және ғылыми-танымдық журналының бас редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар және Бәйдібек аудандарының «Құрметті азаматы»;
Жеңіс Тұяқов (1967) – Жамбыл облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы;
Жасер Жарқынбаев (1969) – Статистика агенттігі төрағасының орынбасары;