Борис Николаевич Ельцин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Борис Николаевич Ельцин

Ельцин, Борис Николаевич(01.02.1931 ж.т., Ресей, Свердлов облысы Бутка с.) — Ресей Федерациясының тұңғыш президенті (1991 — 99). 1955 ж. Урал политех. ин-тын бітіргеннен кейін, Свердловск қаласындағы құрылыс трестерінде шебер, прораб, аға прораб, бас инженер, құрылыс бастығы болып қызмет істеген. 1968 жылдан Свердлов облысы партия к-тіне жұмысқа шақырылып, 1976 — 85 ж. оның 1-хатшылығына сайланды. 1985 ж. сәуір айынан бастап КОКП ОК-нің аппаратына ауыстырылып, құрылыс бөлімінің меңгерушісі, КОКП ОК-нің хатшысы (1985 — 86), Мәскеу қ-лық партия к-тінің 1-хатшысы (1985 — 87) қызметтерінде болды. 1987 ж. қараша айында өткен пленумнан кейін орнынан алынып, екі жыл мемл. құрылыс к-ті төрағасының 1-орынбасары, КСРО министрі дәрежесіне төмендетілді. 1990 ж. өткен сайлауда РКФСР халық депутаты болып, мамырдың 29-ында өткен РКФСР халық депутаттарының 1-съезінде РКФСР Жоғ. Кеңесінің төрағалығына сайланды. КОКП 28-съезінде жария түрде партия қатарынан шықты. 1991 ж. 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Әйгілі тамыз бүлігін (19 — 21 тамыз, 1991) басуда шешуші рөл атқарып, Кеңес Одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ны биліктен аластауды жеделдетті (қ. Тамыз бүлігі). 1991 ж. 8 желтоқсанда өткен Беловеж келісіміне Беларусь, Украина республикалары басшыларымен бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеді (қ. Беловеж келісімі). Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының (қ. Еуроазия экономикалық одағы) негізін қалауға үлес қостЕ. Ресей президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 ж. ол Қазақстанның ең жоғары наградасы “Алтын Қыран” орденімен марапатталды. ы. Ресейде 1996 ж. 3 шілдеде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 ж. 1 қаңтардан бастап президенттіктен өз еркімен кетті. Шығ.: Исповедь на заданную тему, М., 1990; Записки президента, М., 1993.