Түрікмен тілі
Түрікмен тілі Türkmen dili |
||
---|---|---|
Сөйлеу орны: | Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия | |
Барлық сөйлеушілері: | ~ 9 миллион | |
Тіл ұясы: | Алтай[1] (controversial) Түркі Оғыз Түрікмен тілі |
|
Ресми күйі | ||
Ресми күйі бар жері: | Түрікменстан | |
Реттеушісі: | ресми реттелуі жоқ | |
Тіл белгілері | ||
ISO 639-1: | tk | |
ISO 639-2: | tuk | |
ISO 639-3: | tuk
|
|
Құлақтандыру: Бұл бетте IPA фонетикалық юникод нышандары болуы мүмкін. |
Түрікмен тілі (латын әліпбиінде: türkmen, кириллицада: түркмен, ISO 639-1: tk, ISO 639-2: tuk) — Түрікменстанның ұлттық тілі. Бұл тілде Түрікменстанның өзінде шамамен 3430000 адам сөйлейді, бұған қоса басқа елдерде тағы 6000000 адам сөйлейді; соның ішінде: Иран (2000000), Ауғанстан (500000), Сирия (500000), және Түркия (1000000).
Классификациясы және диалектілері[өңдеу]
– түрікмен халқының тілі. түрікмен тілі-нде сөйлеушілердің жалпы саны 7 млн-дай (2001), олар Түрікменстан Республикасынан тыс Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Ирак, Сирия, т.б. елдерде тұрады. Түркі тілдері тобындағы оғыз бұтағына жатады. Түрікмен тілі даму барысында қыпшақ тілдерінің әсеріне ұшыраған, сондықтан да кей тұстары қазақ тіліне ұқсас келеді. түрікмен тілі оғыздардың батыс тайпа тілдері негізінде қалыптасқанымен, өзінің даму барысында қыпшақ тілдерінің кейбір белгілерін қабылдаған. Негізгі диалектілері теке, йомуд, гоклен, ерсары, салыр, сарық, чаудор, нохур, қарадашлы, алили, сурхы, хатап, мукры, эски, арабачи, чечес, баят, сакр, кырач, чандыр, хасар, емрели, дуечи, мурче, мехинли, т.б. этн. топтардың атымен аталады. Ставрополь өлкесіндегі түрікмен диалектісін “трухмен” деп атау дәстүрі қалыптасқан. Көне түрікмен әдеби тілі негізінен поэзия тілі болды. Қазіргі түрікмен әдеби тілі текин (теке) диалектісінің ахал сөйленімі негізінде қалыптасқан. Түрікмен тілі-ндегі 39 фонеманың 18-і дауысты, 21-і дауыссыз дыбыстар. Фонетикасының ерекшелігі ретінде дауыстылардың созылыңқылығы мен ерін үндестігін, морфологиясында сын есімнің граммат. түрленіске түспеуін атауға болады. Ертеден түрікмен тілі-нде араб әліпбиіне негізделген жазу жүйесі пайдаланылып келген, 1928 ж. латын әліпбиі қабылданып, 1940 ж. кириллицаға ауыстырылған. 1993 жылы Сапармұрат Ниязов түрікмен тілі кириллицадан латын әліпбиіне өтендігін мәлімдеген. 1994 жылы түрікмен тілінің әліпбиі қайтадан латын әліпбиіне көшірілді.
Түрікмен тілі түркі тілдері тобының оғыз тармағына, соның ішіндегі шығыс оғыз тармағына жатады. Шығыс оғыз тармағына түрікмен тілімен бірге Хорасан түркі тілі де жатады. Ол басқа оғыз тілдері — әзірбайжан және түрік тілдеріне де өте жақын және осы тілдерде сөйлеушілер бір-бірінің тілдерін түсіне алады.
Түрікмен тілі үндестік заңына бағынады, құрылымы бойынша агглютинативті тілдерге жатады. Сөз тәртібі — SOV (бастауыш-толықтауыш-баяндауыш).
Әдеби түрікмен тілі жаумыт диалектісіне негізделген. Одан басқа нохурлы, әнеулі, хасарлы, нерезім, теке, гөклең, садыр, сарық, әрсары және чоудыр деген дилектілері бар. Теке диалектісін кейде Ауғанстанда «шағатай» деп атайды, бірақ классикалық шағатай тілінің оған жасаған әсері басқа диалектілерге жасаған әсерінен көп емес.
Мысалдар[өңдеу]
- Onuň maşyny ýok.
- Оның машинасы жоқ.
- Öýde Amandan başga adam ýok.
- Үйде Аманнан басқа адам жоқ.
- Men bilemok. 'Мен білмеймін.'
- Men bilemokdym. 'Мен білмейтін едім.'
- Men bilmedim. 'Мен білмедім.'
(Осы үш мысалдың болымды түрлері: 'Men bilyärin', 'Men bilyärdim', and 'Men bildim.'
- Ol ajyganok.
- Ол ашыққан жоқ.
- Ol aç däl.
- Ол аш емес.
- Kofe gyzgyn bolup biler.
- Кофе ыстық болуы мүмкін.
- Kofe gyzgyn däl bolup biler.
- Кофе ыстық болмауы мүмкін.
- Kofe gyzgyn dälmi?
- Кофе ыстық емес пе?
- Men ylgamok.
- Мен жүгірмеймін.
- Men ylgamadym.
- Мен жүгірмедім.
- Men ylgajak däl.
- Мен жүгірмек емеспін.
Сілтемелер[өңдеу]
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
- Түрікмен тілі транслитератор
Түркі тілдері • Моңғол тілдері • Тоңғыс тілдері • Жапон тілі* • Корей тілі* |
Ескертпе: *Жапон тілі мен корей тілінің Алтай тілдеріне жататын-жатпайтыны туралы бірыңғай пікір қалыптасқан жоқ. Тағы қараңыз: Пуйо тілдері. |
|
|
---|---|
Оғыр | Бұлғар† • Чуваш • Ғұн† • Xазар† • Авар† |
Ұйғыр | Көне түркілік† • Айни² • Шағатай† • Іле түркі • Лоп • Ұйғыр • Өзбек |
Қыпшақ | Параба • Башқұрт • Қырымтатар тілі • Құман† • Қарашай-балқар • Қарайым • Қарақалпақ • Қазақ • Қыпшақ† • Қырымшақ • Құмық • Ноғай • Ежелгі татар† • Татар • Ұрым¹ • Алтай • Қырғыз • Армян-қыпшақ |
Оғыз | Афшар • Әзірбайжан • Қырымлы¹ • Ғағауыз • Қорасан түркі • Османлы† • Печенег† • Қашқай • Салар • Түрік • Түрікмен • Ұрым¹ |
Арғы | Халадж |
Солтүстік-шығыс | Шұлым • Долған • Пуйо қырғыз • Хақас • Шор • Тофа • Тыуа • Батыс ұйғыр • Саха |
Ескертпелер: ¹Бір топтан көбірек тізімделінеді, ²Аралас тіл, ³Дауласта, †Өлі |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |