Көгершін ауылы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Көгершін бетінен бағытталған)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Ауыл
Көгершін
Ел Қазақстан
Статусы ауыл
Облысы Жамбыл облысы
Ауданы Тұрар Рысқұлов ауданы
Құрылған уақыты 1935 жыл
Ресми тілі қазақ тілі
Тұрғыны 3,0 мың адам (1999)
Уақыт белдеуі UTC+6
Автомобиль коды 08

КөгершінЖамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Құмарық ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан ортасы – Құлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде, жусан, баялыш, т.б. шөптесін өскен тау алдының қоңыр, ақшыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан. Тұрғыны 3,0 мың адам (1999).

Іргесі 1935 жылы Луговой асыл тұқымды жылқы зауыты ретінде қаланған. Оның негізінде Көгершінде округке қарасты Көкдөнен және Құмарық ауылдарында 1997 жылдан 2 өндірістік кооператив, 96 шаруа қожалықтары, 2 жауапкершілігі шектелген серіктестік жұмыс істейді.

Ауылдарда 4 орта, 1 орталау, 3 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 1 клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік пункт бар.[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Тараз Энциклопедиясы