Мавритания

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Координаттар: 20°40′00″ с. е. 10°41′00″ б. б. / 20.666667° с. е. 10.683333° б. б. (G) (O)

Мавритания Исламдық Республикасы
араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية
(әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания)
француз тілінде: République Islamique de Mauritanie
Flag of Mauritania.svg Seal of Mauritania.svg
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Honneur, Fraternité, Justice»
Мавритания ұлттық әнұраны
Mauritania (orthographic projection).svg
Тәуелсіздік күні 28 қараша 1960 (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі араб тілі, француз тілі
Елорда Нуакшот
Ірі қалалары Нуакшот
Үкімет түрі Президенттік республика
Президент
Премьер-министр
Мохаммед ульд Абдель Азиз
Яхья ульд Хадемин
Мемлекеттік діні ислам
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 28-орын
1 030 700 км²
0,03
Жұрты
• Сарап (2012)
• Санақ (1988)
Тығыздығы

3 359 185 адам (135)
1 864 236 адам
3 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда

6,221 млрд. $ (146)
2 052 $
Валютасы угия
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .mr
ISO коды MR
ХОК коды MTN
Телефон коды +222
Уақыт белдеулері +0

Мавритания (араб.: موريتانيا‎ – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية‎ – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламентСенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.

Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.

Географиясы[өңдеу]

Мавританияның жерінің көпшілігін Батыс Сахараның құмды және тастақты шөлі алып жатыр. Батыс жағынан Атлант мұхитымен жуылады. Солтүстік-батысында Сахара Араб Демократиялық Республикасымен, оңтүстік-батыста Сенегалмен, солтүстік-шығыста Алжирмен, оңтүстігінде және шығысынла Малимен шекараласады. Елдің солтүстігінде Адрар қыраты (биік жері Амоззага тауы, 732 м), оңтүстігінде Тагант, Асаба құмды үстірттері (орташа биікт. 300 — 400 м) бар. Қыраттар мен үстірттер айнала шөлге жалғасады. Басты өзені — Сенегал (оңт. шекарасымен өтеді).

Климаты[өңдеу]

Климаты тропиктік шөлді, қаңтардағы орташа температура 16 — 20°С, шілдеде 30 — 32°С. Батыс жағалауының климаты мұхит әсерінен ылғалды, тұманды келеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 — 400 мм, солт.-шығысында 50 мм.

Табиғаты[өңдеу]

Шөл және шөлейт далаға тән өсімдіктер ғана өседі.

Тарихы[өңдеу]

Мавританиянің ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы тарихы жете зерттелмеген.

  • 7 — 11 ғ-ларда М-нің оңтүстік бөлігі Батыс Африканың орта ғасырлардағы мемлекеттерінің (Гана, Текрур) құрамына кірді, ал Солтүстік Мавритания жерінде санхаджа-берберлердің мемлекет бірлестігі өмір сүрді.
  • 11 ғ-дың орта шенінде Мавритания жерінде Альморави әулеті билеген күшті мемлекет құрылды, бұған Мавританиямен бірге Марокко және Батыс Алжир аумағы да қарады.
  • 14 — 15 ғ-ларда елге арабтардың макиль тайпасы басып кірді, бұл Мавритания халқының ислам дінін қабылдауын жеделдетті.
  • 15 ғ-да Мавританияға еуропалықтар да біртіндеп келе бастады.
  • 1788 ж. Мавритания жағалауы Францияға мүдделі болды.
  • 19 ғ-дың орта шенінде Франция Мавританияны отарлауға белсене кірісті.
  • 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мавританияны азат ету жолындағы күрес жаңа қарқынмен бүкіл елді қамтыды.
  • Франция үкіметі 1958 ж. Мавританияға автономия беруге мәжбүр болды.
  • 1958 ж. Мавритания қайта топтасу партиясы құрылды.
  • 1960 ж. 28 қарашада ел тәуелсіздігі жарияланды.
  • Мавритания Араб мемлекеттері лигасының мүшесі.
  • 1960 — 80 ж. халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп, елде толқулар, 1978 — 84 ж. бірнеше рет әскери төңкерістер болды.
  • 1991 ж. сыртқы күштердің қысымымен елде демократия өзгерістер жүзеге асырылды.
  • Саяси тұтқындар босатылып, жаңа конституция қабылданды.

Экономикасы[өңдеу]

Мавритания — аграрлы ел. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы.

Өнеркәсібінде темір кенін өндіру басты орын алады. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады.

  • Шеттен мұнай, машина, құрал-жабдықтар әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Италия, Испания, Бельгия, араб елдері[1].

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ энциклопедиясы